Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 20/3 "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 15/3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 мамырда № 28032 болып тіркелді

      Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 20 наурыздағы № 20/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4638 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505, 506-баптарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы жойылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы Л. Топорова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады