Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 23 мамырдағы № 17-08/90 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі Золотая Нива ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздың "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 13 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27458 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауылдық округінің әкімі | С. Садвакасов |