Шектеу іс-шараларын тоқтату және Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздың "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 13 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 9 маусымдағы № 16 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 9 маусымда № 28418 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 23 мамырдағы № 17-08/90 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі Золотая Нива ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздың "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 13 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27458 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауылдық округінің әкімі С. Садвакасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады