Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4882 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |
Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 108 қаулысына қосымша |
|
Атырау облысы әкімідігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 3 қаулысына қосымша |
Атырау облысының карантин режимін енгізе отырып шөптесін өсімдіктерде паразиттік ететін арамсояумен зақымданған алқаптар көлеміндегі карантин аймағы
№ р/с |
Ауылдық | Жер учаскесінің тиесілігі | |
Құрманғазы ауданы | |||
1 | Бірлік | Босалқы жерлер | 30 |
2 | Нұржау | 110 | |
3 | Орлы | 30 | |
4 | Сафонов | 30 | |
Барлығы | 200 |