"Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 108 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 маусымда № 28345 болып тіркелді

      Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4882 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі С. Шапкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 108 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімідігінің
2021 жылғы 18 қаңтардағы
№ 3 қаулысына қосымша

Атырау облысының карантин режимін енгізе отырып шөптесін өсімдіктерде паразиттік ететін арамсояумен зақымданған алқаптар көлеміндегі карантин аймағы

№ р/с

Ауылдық
округтер атауы

Жер учаскесінің тиесілігі

Зақымданған
алқап,
гектар

Құрманғазы ауданы

1

Бірлік

Босалқы жерлер

30

2

Нұржау

110

3

Орлы

30

4

Сафонов

30

Барлығы

200


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады