Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 3 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 22 қаңтарда № 4882 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы № 06-17/24 ұсынысына сәйкес, облыс аумағын, өсімдік және өсімдік текті өнімдерін карантиндік нысандардың таралуынан қорғауды қамтамасыз ету, карантиндік нысандардың таралу ошақтарын дер кезінде анықтау, оқшаулау және толық жою мақсатында Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақ белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә. Бекеновке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атырау облысының әкімі М. Досмухамбетов

  Атырау облысы әкімідігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 3 қаулысына қосымша

Атырау облысы аумағында шөптесін өсімдіктерде паразиттік ететін арам сояумен зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 20.02.2024 № 35 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Ауылдық округтер атауы

Жер учаскесінің тиесілігі

Зақымданған алқап, гектарда

Құрманғазы ауданы

1

Бірлік

Босалқы жерлер

10

2

Нұржау

10

3

Сафон

15


Барлығы


35

Атырау облысы аумағында шөптесін өсімдіктерде паразиттік ететін қызанақ күйесімен зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы

№ р/с

Ауылдық округ атауы

Жер учаскесінің тиесілігі

Зақымданған алқап, гектарда

Атырау қаласы

1

Қайыршақты

"Абдулла" шаруа қожалығы

2


Барлығы


2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады