Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушысының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 11-10/149 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округінің Жангелдин ауылы аумағында ірі қара малдың вирустық диарея ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26838 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин ауылдық округінің әкімі | А. Багдаров |