Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 11.07.2022 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 4 ақпанындағы № 11-10/31 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Атырау облысының Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округінің Жангелдин ауылы аумағында ірі қара мал вирустық диарея ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жангелдин ауылдық округінің әкімі |
А. Багдаров |