Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 14 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 шілдеде № 28832 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы міндетін атқарушысының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 11-10/149 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округінің Жангелдин ауылы аумағында ірі қара малдың вирустық диарея ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26838 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жангелдин ауылдық округінің әкімі А. Багдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады