Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына сәйкес, Семей қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасып шығаруға, өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 38/265-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6008 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың хатшысы | Б. Акжалов |
Семей қаласының мәслихаты 2022 жылғы 29 шілдедегі №27/215-VII шешіміне қосымша |
Семей қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер |
| 420 |
Жайлы емес үйлер | 489,01 | |
Жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1 м3 | 2366,19 |