Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 мамырдағы № 38/265-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 11 маусымда № 6008 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 27/215-VII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 29.07.2022 № 27/215-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Семей қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Семей қаласының мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылсын деп танылсын:

      1) Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38/211-V "Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3862 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде № 31 "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінде жарияланған);

      2) Семей қаласы мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38/211-V 2016 жылғы 5 қазандағы № 6/49-VI "Семей қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, шығару, өңдеу және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4722 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 10 қарашада, 2016 жылғы 11 қарашада № 90 "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінде жарияланған).

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының
      төрағасы Р. Хазипов
      Қалалық мәслихат
      хатшысы Б. Акжалов

  Семей қаласы мәслихатының
2019 жылғы 29 мамырдағы
№ 38/265-VI шешіміне қосымша

Семей қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер

    р/с №

Атауы

Есептік бірлік

Қызметтердің құны, теңге

1.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тариф


1.1.

Жайлы үйлер

тұрғын/айына

190

1.2.

Жайлы емес үйлер

тұрғын/айына

346

1.3.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері

1 м3

1284

2.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тариф


2.1.

Жеке тұлғалар үшін

1 м3

300

2.2.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін

1 м3

300

3.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тариф

1 м3

846


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады