Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 46/8-VI "Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7610 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:
1) облыс, қала әкімдіктеріне бағынышты мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін:
білім ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлері;
денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері;
мәдениет және спорт ұйымдарындағы мамандандырылған қызметкерлері;
2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының ішінен:
мүгедектігі бар балалар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы отбасылар;
толық емес отбасылар.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қалалық мәслихатының хатшысы | Е. Нужных |