"Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 46/8-VI "Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы"

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 19/8-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 қазандағы № 30054 болып тіркелді

      Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 46/8-VI "Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7610 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:

      1) облыс, қала әкімдіктеріне бағынышты мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін:

      білім ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлері;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері;

      арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері;

      мәдениет және спорт ұйымдарындағы мамандандырылған қызметкерлері;

      2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының ішінен:

      мүгедектігі бар балалар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы отбасылар;

      толық емес отбасылар.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қалалық мәслихатының хатшысы Е. Нужных

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады