Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 46/8-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 7610 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттары:

      әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде анықталсын..

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 20.04.2022 № 14/7-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Риддер қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын:

      1) облыс, қала әкімдіктеріне бағынышты мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін:

      білім ұйымдарындағы педагогикалық қызметкерлері;

      денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлері;

      арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен айналысатын әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының қызметкерлері;

      мәдениет және спорт ұйымдарындағы мамандандырылған қызметкерлері;

      2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының ішінен:

      мүгедектігі бар балалар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көпбалалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы отбасылар;

      толық емес отбасылар.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 30.09.2022 № 19/8-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияның төрағасы О. Мысаев
      Қалалық мәслихат хатшысы И. Панченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады