Шектеу іс-шараларын тоқтату және Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 3 "Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің Талдыбұлақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 сәуірде № 27365 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы, 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 8) тармақшасына сәйкес және Сырым ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 16-41/91 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі Талдыбұлақ ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 3 "Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің Талдыбұлақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26840 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі Д. Танзенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады