Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы, 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 8) тармақшасына сәйкес және Сырым ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 16-41/91 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі Талдыбұлақ ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 3 "Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің Талдыбұлақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26840 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі | Д. Танзенов |