Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің Талдыбұлақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 ақпанда № 26840 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі әкімінің 30.03.2022 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Сырым ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 16-41/6 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі Талдыбұлақ ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Талдыбұлақ ауылдық округінің әкімі Д. Танзенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады