"Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 120, "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 180/НҚ бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы № 22/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 қаңтарда № 31761 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13328 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 29 шілдедегі № 180/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19118 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      76 және 77-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Тендерге қатысуға ниет білдірген заңды тұлға болып табылатын әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі:

      1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша тендерге қатысуға арналған өтінімді;

      2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын лицензиялар, рұқсаттар (хабарламалар) қағаз түрінде немесе электрондық құжат түрінде. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде әлеуетті өнім беруші тиісті рұқсаттың (хабарламаның), лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады;

      Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес алынған, олар туралы мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын, әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткізуге құқығын растайтын патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар және (немесе) құжаттар көшірмесін;

      заңды тұлғаның жарғысының (құрылтай шартының) басшының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолымен расталған көшірмесін;

      бірінші басшы немесе оның орнын алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған қосымшаларымен соңғы қаржы жылындағы бухгалтерлік теңгерімін;

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес міндетті түрде аудитті өткізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржылық жыл үшін аудиторлық есебінің түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      конверттерді ашу күнінің алдындағы күнтізбелік отыз күн өткеннен кейін берілген құрылтай шарттарының немесе акциялар ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірмесін;

      тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашқан күнге дейін үш ай өткеннен кейін берілген салық төлеушіде Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы мәліметтерді;

      егер әлеуетті өнім беруші қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеуші болып табылған жағдайда, қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе электрондық құжаттың қағаз көшірмесін;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына (бұдан әрі – Ұлттық Банк Басқмарсының қаулысы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген) (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қол және мөр қойылған анықтамаларын қамтиды. Бұл ретте тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген анықтама ұсынылады. Анықтамаға банктің бірінші бсшысы не оны алмастыратын тұлға осы анықтамаларға қол қою құқығын беру туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып қол қояды.

      Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес екенін және салық есебінде жоқ екенін растайтын Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының тиісті құжатының түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін береді;

      3) ілеспе көрсетілетін қызметтердің құнын қоса алғанда, жеткізілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің соңғы бағасын құрайтын әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығынын қамтитын осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны;

      4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға, тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету шарттарын сипаттай отырып, техникалық ерекшелікті қамтиды.

      Жобалық-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісу туралы хат береді;

      5) тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің енгізілуін растайтын құжатты;

      6) соңғы үш жылда тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұқсас сатып алу бойынша бұрын орындалған шарттар туралы ақпаратты;

      7) егер мұндай талаптар техникалық ерекшелікте белгіленген болса, әлеуетті өнім беруші жұмыскерлерінің біліктілік сәйкестігі туралы ақпаратты;

      8) әлеуетті өнім беруші жүргізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) беруі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемін қамтиды.";

      77. Тендерге қатысуға ниет білдірген жеке кәсіпкер болып табылатын әлеуетті өнім беруші беретін ұсынатын тендерлік өтінім:

      1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес 2 нысан бойынша тендерге қатысуға өтінімді және кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінен үзінді көшірмені;

      2) әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:

      сатып алынатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндіруге, өңдеуге, жеткізуге және өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердің, куәліктердің, басқа құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін;

      заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін, тиісті мемлекеттік орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

      Ұлттық Банк Басқармасының қаулысына сәйкес банкке немесе банк филиалына анықтама беру күнінің алдында үш айдан астамға созылатын әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасын (егер әлеуетті өнім беруші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осындай банктердің әрқайсысынан осындай анықтамаларды) қамтиды. Бұл ретте тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес берілген анықтама ұсынылады. Анықтамаға банктің бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға осы анықтамаларға қол қою құқығын беру туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып қол қояды.

      тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін үш айдан бұрын берілген Қазақстан Республикасы бойынша салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді;

      3) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылған және жеткізілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түпкілікті бағасын құрайтын әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындарын қамтитын әлеуетті өнім беруші ұсынатын бағаны;

      4) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын, тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзімдерін және (немесе) көлемдерін, тауарға қызмет көрсетуге, тауарды пайдалануға шығыстарға, тауарды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету мерзіміне және (немесе) көлемдерін сипаттай отырып, техникалық ерекшелікті қамтиды.

      Жобалық-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім беруші белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманың шарттарымен келісетіні туралы хат ұсынады;

      5) тендерлік өтінімді қамтамасыз етудің енгізілуін растайтын құжатты;

      6) әлеуетті өнім беруші жүргізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) беруі мүмкін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдерін;

      7) соңғы үш жылдағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұқсас сатып алу бойынша бұрын орындалған шарттар туралы ақпаратты;

      8) егер мұндай талаптар техникалық ерекшелікте белгіленген болса, әлеуетті өнім беруші жұмыскерлерінің біліктілік сәйкестігі туралы ақпаратты қамтиды.";

      мынадай мазмұндағы 212-1 және 212-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "212-1. Реттеліп көрсетілетін қызметке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін бір мезгілде осы қызметтерді тұтынушы болып табылатын табиғи монополиялар субъектісі нақты пайдалану басталған сәттен бастап он екі ай ішінде кәбілдік кәріздің барлық көлемінің 75%-ынан аспайтынын пайдаланады.";

      "212-2. Табиғи монополиялар субъектісі еңсерілмейтін күш мән-жайларын қоспағанда, пайдаланылмайтын кәбілдерді кәбілдік кәрізден уақтылы алып тастау арқылы үш айдан астам іске қосылмаған активтерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді.".

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 23 қаңтардағы
№ 22/НҚ Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 120 бұйрығымен бекітілген

Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидалары

      1. Осы Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәбілдік кәрізді пайдалануға беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер мен қысқартулар қолданылады:

      1) кәбілдік кәріз – байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;

      2) кәбілдік кәріз арнасындағы орын – кәбілдік кәріз арнасында байланыс кәбілі орналастырылатын орын (аудан);

      3) кәбілдік кәріздің бос сыйымдылығы – пайдалануға қолжетімді және кәбілдік кәріздің жалға берушісі жуырдағы он екі ай ішінде пайдалануды көздемеген, резервке/броньға қойылмаған кәбілдік кәріз арнасының/арналарының көлденең қимасының бос ауданы;

      4) кәбілдік кәрізді жалға алушы (бұдан әрі – жалға алушы) – кәбілдік кәрізді жалға берушіден кәбілдік кәрізді пайдалануға беру жөніндегі қызметтің шарт талаптарына сәйкес алатын жеке немесе заңды тұлға;

      5) кәбілдік кәрізді жалға беруші (бұдан әрі – жалға беруші) – шарт талаптары бойынша жалға алушыларға кәбілдік кәріздегі арнада байланыс кәбілдерін жүргізу үшін орын беретін, кәбілдік кәріздің иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

      6) кәбілдік кәріз құбыржолының арнасы (бұдан әрі – арна) – байланыс кәбілдерін жүргізуге арналған кәбілдік кәріз құбыржолының ішкі қуысы;

      7) кәбілдік кәрізде кәбілді төсеуге арналған техникалық талаптар (бұдан әрі – ТТ) – кәбілдік кәрізді пайдалануға алу үшін техникалық талаптар;

      8) кәбілдік кәріз мәселелері жөніндегі комиссия – уәкілетті органның, "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық қауымдастықтардың өкілдерін тарта отырып уәкілетті орган құратын алқалы орган;

      9) өтініш беруші – кәбілдік кәрізді пайдалануға беру жөніндегі қызметтер көрсетуді жүзеге асыру үшін жалға берушіге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға

      10) рұқсат-наряд – жазбаша немесе электронды түрде қағаз тасығышта ресімделген жалға алушының пайдалануына берілген, кәбілдік кәрізде салынған, байланыс кәбілінің жөндеу-қалпына келтіру және жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізуге жалға берушінің жазбаша келісімі.

      4. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру мынадай:

      1) кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша қызметтерді алуға еркін нысанда өтініш берушінің жалға берушіге өтінім жіберуі;

      2) жалға берушінің ТТ әзірлеуі және оны өтініш берушіге беруі;

      3) өтініш беруші үшін кәбілдік кәрізден жалға берушінің орынды брондауы;

      4) жалға берушінің кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін жүргізудің жұмыс жобасын келісуі;

      5) кәбілдік кәрізді пайдалануға беруге шарт жасауы;

      6) кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін жүргізуге және кәбілдік кәрізді пайдалануға жалға берушінің техникалық қадағалауы кіретін, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін білдіреді.

      Жалға берушіге кәбілдік кәрізді пайдалануға беру үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін ресми интернет-ресурста жариялайды.

      6. Өтініш жалға берушіге жалға берушінің интернет-ресурсына жіберілген, жазбаша түрде қағаз жеткізгіште ресімделген немесе электрондық түрде беріледі. Өтінішті өтініш беруші жазбаша түрде екі данада береді, оның біреуін кіріс тіркеу нөмірімен жалға беруші өтініш берушіге қайтарады.

      7. Өтініштерді жалға беруші олардың келіп түсу тәртібімен, бірақ өтініш беруші өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күнге дейін қарайды.

      Қажет болған кезде жалға беруші өтінішті қарау мерзімін өтініш берушіге хабарлап және ұзарту себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, он бес күнтізбелік күнге ұзартады.

      8. Кәбілдік кәріздің бос сыйымдылығы болмаған кезде жалға беруші өтініш алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушіге, оған қажетті бағыт бойынша шарттық (концессия) негізде қолданыстағы кәбілдік кәрізді кеңейтуді жүргізуді ұсынады.

      Жалға берушінің қолданыстағы кәрізді қажетті бағыт бойынша кеңейту жөніндегі ұсынысымен келіспеген жағдайда өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді.

      Уәкілетті орган жалға берушінің техникалық шарттарды беруден бас тартуының негізділігін және еркін сыйымдылықтың жоқтығын, көрінеу шектеу шарттарын белгілеу жөніндегі іс-қимылдардың жоқтығын, көрсетілетін реттеліп көрсетілетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды таңудың жоқтығын қарау мақсатында кәбілдік кәріз арнасына техникалық байқау жүргізу үшін кәбілдік кәріз мәселелері жөніндегі комиссияны тартады.

      Өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес он бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қабылданған шешім және кәбілдік кәріз арнасын техникалық байқау фото-, видео-материалдарды қоса беріп қорытындылары туралы хат жолдайды.

      9. Кәбілдік кәріздің бос сыйымдылығы болмаған және өтініш беруші кәбілдік кәрізді кеңейтуден бас тартқан жағдайда жалға беруші өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш берушіге кәбілдік кәрізді пайдалануға беруден бас тарту туралы жауап береді.

      Өтініш беруші жалға берушімен, жергілікті атқарушы органдармен және уәкілетті органмен келісім бойынша шарттық негізде өз есебінен қолданыстағы кәбілдік кәрізді кеңейтуді жүзеге асырады. Келтірілген шығындардың өтемақысын жалға беруші мен өтініш беруші келіседі.

      10. Кәбілдік кәрізде бос сыйымдылық бар болған жағдайда, жалға беруші өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш берушіге ТТ береді, олардың негізінде өтініш беруші байланыс кәбілін жүргізуге жұмыс жобасын әзірлейді немесе әзірлеуге тапсырыс береді.

      ТТ беру кезінде өтініш берушінің қаражаты есебінен салынған байланыс кәбілдерін және кәбілдік кәріздің объектілерін жалға берушінің меншігіне беру талабы белгіленбейді.

      Өтініш беруші жалға берушімен, жергілікті атқарушы органдармен және уәкілетті органмен келісім бойынша шарттық негізде өз есебінен кәбілдік кәрізге қосымша арналар өткізуді жүзеге асырады. Келтірілген шығындардың өтемақысын жалға беруші мен өтініш беруші келіседі.

      13. ТТ берілген кезде, жалға беруші бір уақытта кәбілдік кәріздің арнасында орындарды брондауды жүргізеді. Кәбілдік кәріздегі орынды брондау мерзімі ТТ қолданылу мерзімінен аспайды.

      Жалға берушінің өтініш беруші үшін кәбілдік кәрізде орындарды брондауы берілген ТТ-ға сәйкес әрі қарай пайдалану үшін кәбілдік кәріздің арнасында орындарды өтініш берушіге бекітуден тұрады.

      15. Жұмыс жобасына қойылатын талаптар жобалау басталғанға дейін жалға берушінің интернет-ресурсында жарияланады.

      16. Жалға беруші қағаз жеткізгіште немесе жалға берушінің интернет-ресурсында электрондық түрде ресімделген, жазбаша түрде жұмыс жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жұмыс жобасын келіседі немесе өтініш берушіге келісуден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Бас тартумен келіспеген кезде өтініш беруші жалға берушінің бас тартуының негізділігін қарау үшін уәкілетті органға жүгінеді.

      Жан-жақты қарау мақсатында уәкілетті орган жалға берушінің бас тартуының негізділігін қарау мақсатында кәбілдік кәріз арнасына техникалық байқау жүргізу және жұмыс жобасын зерделеу үшін уәкілетті орган жанындағы кәбілдік кәріз мәселелері жөніндегі комиссияны тартады.

      Өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес он бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қабылданған шешім және фото-, видео-материалдарды қоса беріп, кәбілдік кәріз арнасын техникалық байқау қорытындылары туралы хат жолдайды.

      17. Жұмыс жобасы келісілгеннен кейін жалға беруші мен өтініш беруші жұмыс жобасы келісілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кәбілдік кәрізді пайдалануға беру туралы шарт жасасады.

      21. Жұмыс жобасына сәйкес кәбілдік кәрізде құрастыру жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін жалға алушы жалға берушіге жазбаша немесе интернет-ресурста электрондық түрде жүгінеді. Өтініште жұмыс жобасына сәйкес жұмыстар орындау жоспарланып отырған кәбілдік кәріздің учаскесі (учаскелері) және осы жұмыстарды жүргізу мерзімдері айқындалады.

      Өтінішке мыналар:

      1) кәбілдік кәріздің учаскесінде жұмыстар жүргізетін тұлғалар тізбесі;

      2) құрылыс жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйым тарту туралы жалға алушының кепілдеме хаты (жұмысқа тартылған жағдайда);

      3) келісілген жұмыс жобасының көшірмесі;

      4) Шарттың деректемелері;

      5) архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласында шаруашылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың көшірмелері немесе осындай лицензиясы бар мердігер ұйыммен жасалған шарттың көшірмелері қоса беріледі.

      22. Жалға беруші өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, жұмыстардың жүргізу мерзімдері мен тәртібін келіседі, кәбілдік кәріздің техникалық жай-күйін тексереді және жұмыстар орындау жоспарланып отырған учаскедегі (учаскелердегі) кәбілдік кәрізді жалға алушыға (мердігерге) осы учаскелерде кәбілдік кәріздің нақты жай-күйі анықталатын тиісті актіні ресімдей отырып, тапсыруды ұйымдастырады. Кәбілді жүргізу бойынша жұмыстарды орындау мүмкін болмаған кезде, актімен ақауларды жою тәртібі мен мерзімдері айқындалады.

      Ақаулар жойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кәбілдік кәріздің учаскесін беру туралы тиісті акті жасалады және қол қойылады.

      23. Жалға алушы (мердігер) жұмыс жобасына сәйкес кәбілдерді құрастыруды жүргізеді.

      Жалға алушының байланыс кәбілі ТТ сәйкес кәбілдік кәріздің жалға алынған бөлігінде орнатылады.

      Кәбілдік кәріздегі жалға алушы және/немесе мердігер жүргізетін барлық құрылыс-құрастыру жұмыстары жалға алушы өтініш берген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жалға берушінің техникалық қадағалау жөніндегі инспекторымен келісіледі және соның қадағалауымен орындалады.

      Байланыс кәбілін жүргізу бойынша орындалған жұмыстардың жұмыс жобасына, қолданыстағы нормаларға және ТТ-ға сәйкестігін белгілеу мақсатында, сондай-ақ жұмыстарды жүргізудің сапасын анықтау үшін бес жұмыс күні ішінде соңғылары қабылдауға жатады.

О внесении изменений и дополнений в приказы исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 120 "Об утверждении Правил предоставления в пользование кабельной канализации", исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 180/НҚ "Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий"

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 23 января 2023 года № 22/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 января 2023 года № 31761

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 120 "Об утверждении Правил предоставления в пользование кабельной канализации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 13328) следующее изменение:

      Правила предоставления в пользование кабельной канализации, утвержденной указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 29 июля 2019 года № 180/НҚ "Об утверждении Правил осуществления деятельности субъектами естественных монополий" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 19118) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах осуществления деятельности субъектами естественных монополий, утвержденной указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила осуществления деятельности субъектами естественных монополий (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях" (далее – Закон) и определяют порядок осуществления деятельности субъектами естественных монополий.";

      пункты 76 и 77 изложить в следующей редакции:

      "76. Тендерная заявка потенциального поставщика, являющегося юридическим лицом, изъявившим желание участвовать в тендере, содержит:

      1) заявку на участие в тендере по форме 1 согласно приложению 7 к настоящим Правилам;

      2) документы, подтверждающие соответствие требованиям, предъявляемым к потенциальному поставщику:

      лицензии, разрешения (уведомления) в бумажном виде или в виде электронного документа, полученные в соответствии с законодательством Республики Казахстан о разрешениях и уведомлениях, сведения о которых подтверждаются в информационных системах государственных органов. При отсутствии сведений в информационных системах государственных органов потенциальный поставщик представляет нотариально засвидетельствованную копию соответствующего разрешения (уведомления), лицензии;

      копии патента, свидетельства, сертификаты, дипломы и (или) документы, полученные в соответствии с законодательством Республики Казахстан о разрешениях и уведомлениях, сведения о которых подтверждаются в информационных системах государственных органов, подтверждающих право потенциального поставщика на производство, переработку, поставку и реализацию закупаемых товаров, работ и услуг;

      копию устава (учредительного договора) юридического лица, заверенную подписью руководителя или лица его замещающего;

      бухгалтерский баланс за последний финансовый год с приложениями, подписанного первым руководителем или лицом, его замещающим, а также главным бухгалтером (бухгалтером);

      оригинал или нотариально засвидетельствованную копию аудиторского отчета за последний финансовый год юридических лиц, для которых установлено обязательное проведение аудита в соответствии с пунктом 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от "Об аудиторской деятельности";

      копию учредительных договоров либо выписки из реестра держателей акций, выданную не ранее тридцати календарных дней, предшествующих дате вскрытия конвертов;

      сведения об отсутствии (наличии) налоговой задолженности налогоплательщика, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям по Республике Казахстан, выданной не ранее трех месяцев до дня вскрытия конвертов с тендерными заявками;

      нотариально засвидетельствованная копия свидетельства о постановке на учет по налогу на добавленную стоимость, либо бумажная копия электронного документа, если потенциальный поставщик является плательщиком налога на добавленную стоимость (далее – НДС);

      справки банка или филиала банка с подписью и печатью, в котором обслуживается потенциальный поставщик, об отсутствии просроченной задолженности по всем видам обязательств потенциального поставщика, длящейся более трех месяцев, предшествующих дате выдачи справки, перед банком или филиалом банка в соответствии с Типовым планом счетов бухгалтерского учета в банках второго уровня, ипотечных организациях, акционерном обществе "Банк Развития Казахстана" и филиалах банков-нерезидентов Республики Казахстан, утвержденным постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 января 2011 года № 3 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6793) (далее – постановление Правления Национального Банка) (если потенциальный поставщик является клиентом нескольких банков второго уровня или филиалов, а так же иностранного банка, данная справка представляется от каждого из таких банков). При этом предоставляется справка, выданная не ранее одного месяца, предшествующего дате вскрытия конвертов с тендерными заявками. Справка подписывается первым руководителем банка либо лицом, его заменяющим, с приложением копии документа о предоставлении права подписи данных справок;

      потенциальным поставщиком, не являющимся резидентом Республики Казахстан и не зарегистрированным в качестве налогоплательщика Республики Казахстан, предоставляется оригинал или нотариально засвидетельствованная копия соответствующего документа органов государственных доходов Республики Казахстан, подтверждающий, что данный потенциальный поставщик не резидент Республики Казахстан и не состоит на налоговом учете;

      3) предлагаемую потенциальным поставщиком цену, представленную по форме согласно приложению 8 к настоящим Правилам, которая содержит все фактические затраты потенциального поставщика, составляющие конечную цену поставляемых товаров, работ и услуг, включая стоимость сопутствующих услуг;

      4) техническую спецификацию с описанием технических, качественных и эксплуатационных характеристик товаров, работ, услуг, сроков и (или) объемов поставки товаров, выполнения работ, оказания услуг, предоставления гарантий качества, к обслуживанию товара, к расходам на эксплуатацию товара, условия поставки товара, выполнения работ, оказания услуг.

      При осуществлении закупок работ, требующих проектно-сметную документацию, потенциальным поставщиком представляется письмо о согласии с условиями проектно-сметной документации, утвержденной в установленном порядке;

      5) документ, подтверждающий внесение обеспечения тендерной заявки;

      6) информацию о ранее выполненных договорах по аналогичным закупкам товаров (работ, услуг) за последние три года.

      7) информацию о квалификационном соответствии работников потенциального поставщика, если такие требования установлены технической спецификацией;

      8) предельные объемы работ и услуг, которые могут быть переданы потенциальным поставщиком субподрядчикам (соисполнителям) для выполнения работ либо оказания услуг, являющихся предметом проводимых закупок.

      77. Тендерная заявка, представляемая потенциальным поставщиком, являющимся индивидуальным предпринимателем, изъявившим желание участвовать в тендере, содержит:

      1) заявку на участие в тендере по форме 2 согласно приложению 7 к настоящим Правилам и выписку из реестра субъектов предпринимательства;

      2) документы, подтверждающие соответствие требованиям, предъявляемым к потенциальному поставщику:

      нотариально засвидетельствованные копии лицензий и (или) патентов, свидетельств, других документов, подтверждающих право потенциального поставщика на производство, переработку, поставку и реализацию закупаемых товаров, работ и услуг;

      нотариально засвидетельствованную копию документа, предоставляющего право на осуществление предпринимательской деятельности без образования юридического лица, выданного соответствующим государственным органом;

      справки банка или филиала банка с подписью и печатью, в котором обслуживается потенциальный поставщик, об отсутствии просроченной задолженности по всем видам обязательств потенциального поставщика, длящейся более трех месяцев, предшествующих дате выдачи справки, перед банком или филиалом банка в соответствии с постановлением Правления Национального Банка (если потенциальный поставщик является клиентом нескольких банков второго уровня или филиалов, а так же иностранного банка, данная справка представляется от каждого из таких банков). При этом предоставляется справка, выданная не ранее одного месяца, предшествующего дате вскрытия конвертов с тендерными заявками. Справка подписывается первым руководителем банка либо лицом, его заменяющим, с приложением копии документа о предоставлении права подписи данных справок;

      сведения об отсутствии (наличии) налоговой задолженности налогоплательщика, задолженности по обязательным пенсионным взносам, обязательным профессиональным пенсионным взносам и социальным отчислениям по Республике Казахстан, выданной не ранее трех месяцев до дня вскрытия конвертов с тендерными заявками;

      3) предлагаемая потенциальным поставщиком цена, представленная по форме согласно приложению 7 к настоящим Правилам, и содержащая все фактические затраты потенциального поставщика, составляющие конечную цену поставляемых товаров, работ и услуг;

      4) техническую спецификацию с описанием технических, качественных и эксплуатационных характеристик товаров, работ, услуг, сроков и (или) объемов поставки товаров, выполнения работ, оказания услуг, предоставления гарантий качества, к обслуживанию товара, к расходам на эксплуатацию товара, условия поставки товара, выполнения работ, оказания услуг.

      При осуществлении закупок работ, требующих проектно-сметную документацию, потенциальным поставщиком представляется письмо о согласии с условиями проектно-сметной документации, утвержденной в установленном порядке;

      5) документ, подтверждающий внесение обеспечения тендерной заявки;

      6) предельные объемы работ и услуг, которые могут быть переданы потенциальным поставщиком субподрядчикам (соисполнителям) для выполнения работ либо оказания услуг, являющихся предметом проводимых закупок;

      7) информацию о ранее выполненных договорах по аналогичным закупкам товаров, работ и услуг за последние три года.

      8) информацию о квалификационном соответствии работников потенциального поставщика, если такие требования установлены технической спецификацией.";

      дополнить пунктами 212-1 и 212-2 следующего содержания:

      "212-1. Для обеспечения доступа к регулируемой услуге субъект естественных монополий, являющийся одновременно потребителем данных услуг, использует не более 75% от всего объема кабельной канализации в течение двенадцати месяцев с момента фактического начала эксплуатации.

      212-2. Субъект естественной монополии обеспечивает эффективное использование незадействованных активов свыше трех месяцев, путем своевременного изъятия из кабельной канализации не эксплуатируемых кабелей, за исключением обстоятельств непреодолимой силы.".

      3. Комитету телекоммуникаций Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмическоой промышленности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан
Б. Мусин

      "СОГЛАСОВАН"
Агентство по защите и развитию
конкуренции Республики Казахстан

 

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной
экономики Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 23 қаңтардағы № 22/НҚ

  Утверждены
приказом исполняющего
обязанности Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 28 января 2016 года № 120

Правила
предоставления в пользование кабельной канализации

      1. Настоящие Правила предоставления в пользование кабельной канализации (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 8-6) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О связи" и определяют порядок предоставления в пользование кабельной канализации.

      2. В настоящих Правилах применяются следующие понятия и сокращения:

      1) кабельная канализация – совокупность подземных трубопроводов и колодцев, предназначенных для прокладки, монтажа и технического обслуживания кабелей связи;

      2) место в канале кабельной канализации – место (площадь), занимаемое кабелем связи в канале кабельной канализации;

      3) свободная емкость кабельной канализации – свободная площадь поперечного сечения канала/каналов кабельной канализации, которая не зарезервирована/забронирована, доступна к использованию и не предусмотрена арендодателем для использования в ближайшие двенадцать месяцев;

      4) арендатор кабельной канализации (далее – арендатор) – физическое или юридическое лицо, которое получает от арендодателя кабельной канализации на договорных условиях услуги по предоставлению в пользование кабельной канализации;

      5) арендодатель кабельной канализации (далее – арендодатель) – физическое или юридическое лицо, которое является владельцем кабельной канализации, предоставляющее на договорных условиях место в канале кабельной канализации арендаторам для прокладки кабелей связи;

      6) канал трубопровода кабельной канализации (далее – канал) – внутренняя полость трубопровода кабельной канализации, предназначенная для прокладки кабелей связи;

      7) технические условия на прокладку кабеля связи в кабельной канализии (далее – ТУ) – технические требования для получения в пользование кабельной канализации;

      8) комиссия по вопросам кабельной канализации – коллегиальный орган образуемый уполномоченным органом с привлечением представителей уполномоченного органа, Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" и отраслевых ассоциаций;

      9) заявитель – физическое или юридическое лицо, подавшее заявление арендодателю для осуществления деятельности услуг по предоставлению в пользование кабельной канализации;

      10) наряд-допуск – письменное согласие арендодателя, оформленное на бумажном носителе или в электронной форме на производство ремонтно-восстановительных и планово-предупредительных работ кабеля связи, проложенного в кабельной канализации, предоставленной в пользование арендатору.

      4. Предоставление в пользование кабельной канализации представляет комплекс организационно-технических мероприятий, включающий:

      1) направление заявителем арендодателю заявления в произвольной форме для получения услуг по предоставлению в пользование кабельной канализации;

      2) разработку и выдачу арендодателем заявителю ТУ;

      3) бронирование арендодателем места в кабельной канализации для заявителя;

      4) согласование арендодателем рабочего проекта прокладки кабеля связи в кабельной канализации;

      5) заключение договора на предоставление в пользование кабельной канализации;

      6) технический надзор арендодателя за прокладкой кабеля связи в кабельной канализации и использованием кабельной канализацией.

      Арендодателю опубликовывает на официальном интернет-ресурсе комплекс организационно-технических мероприятий, необходимый для предоставления в пользование кабельной канализации.

      6. Заявление подается арендодателю в письменном виде, оформленной на бумажном носителе или в электронном виде, направленном на интернет-ресурс арендодателя. Заявление на бумажном носителе подается заявителем арендодателю в двух экземплярах, один из которых с входящим регистрационным номером поступления возвращается арендодателем заявителю.

      7. Заявления рассматриваются арендодателем в порядке их поступления, до пятнадцати календарных дней с даты подачи заявления заявителем.

      При необходимости арендодатель продлевает срок рассмотрения заявления на пятнадцать календарных дней с уведомлением заявителя и указанием причин продления, в соответствии с пунктом 3 статьи 76 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

      8. При отсутствии свободной емкости кабельной канализации арендодатель в течение десяти календарных дней со дня получения заявления предлагает заявителю провести расширение существующей кабельной канализации по необходимому заявителю направлению на договорной основе (концессии).

      При несогласии с предложением арендодателя по расширению существующей канализации по необходимому направлению заявитель обращается в уполномоченный орган.

      Уполномоченный орган привлекает комиссию по вопросам кабельной канализации для проведения технического осмотра канала кабельной канализации в целях рассмотрения обоснованности отказа арендодателя в выдаче технических условий и отсутствия свободной емкости, об отсутствии действий по установлению заведомо ограничительных условий, отсутствии навязывания дополнительных требований, не относящихся к предоставляемой регулируемой услуге.

      По результатам рассмотрения обращения, уполномоченный орган в течение пятнадцати рабочих дней направляет письмо заявителю о принятом решении и итогах технического осмотра канала кабельной канализации, в соответствии с Административно процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан, с приложением фото-, видео-материалов.

      9. При отсутствии свободной емкости кабельной канализации и отказа заявителя на расширение существующей кабельной канализации арендодатель в течение тридцати календарных дней со дня получения заявления предоставляет ответ заявителю об отказе в предоставлении в пользование кабельной канализации.

      Заявитель по согласованию с арендодателем, местными исполнительными органами и уполномоченным органом осуществляет на договорной основе расширение существующей кабельной канализации за свой счет. Компенсация понесенных затрат согласовывается арендодателем и заявителем.

      10. При наличии свободной емкости в кабельной канализации, арендодатель в течение тридцати календарных дней со дня получения заявления предоставляет заявителю ТУ, на основании которых заявитель разрабатывает или заказывает разработку рабочего проекта на прокладку кабеля связи.

      При выдаче ТУ не устанавливается условие передачи в собственность арендодателя кабелей связи и объектов кабельной канализации, построенных за счет средств заявителя.

      Заявитель по согласованию с арендодателем, местными исполнительными органами и уполномоченным органом осуществляет на договорной основе прокладку дополнительных каналов к кабельной канализации за свой счет. Компенсация понесенных затрат согласовывается арендодателем и заявителем.

      13. Одновременно при выдаче ТУ арендодателем производится бронирование места в канале кабельной канализации. Срок бронирования места в кабельной канализации не превышает срока действия ТУ.

      Бронирование арендодателем места в кабельной канализации для заявителя состоит в закреплении за заявителем места в канале кабельной канализации для дальнейшего использования в соответствии с выданными ТУ.

      15. Требования к рабочему проекту до начала проектирования опубликовываются на интернет-ресурсе арендодателя.

      16. Арендодатель в письменном виде, оформленном на бумажном носителе или электронном виде на интернет-ресурсе арендодателя, согласовывает или направляет заявителю мотивированный отказ в согласовании рабочего проекта в течение десяти рабочих дней со дня получения рабочего проекта.

      При несогласии с отказом заявитель обращается в уполномоченный орган для рассмотрения обоснованности отказа арендодателя.

      В целях всестороннего рассмотрения уполномоченный орган привлекает комиссию по вопросам кабельной канализации при уполномоченном органе для проведения технического осмотра канала кабельной канализации и изучения рабочего проекта в целях рассмотрения обоснованности отказа арендодателя.

      По результатам рассмотрения обращения, уполномоченный орган в течение пятнадцати рабочих дней направляет письмо заявителю о принятом решении и итогами технического осмотра канала кабельной канализации, в соответствии с Административно процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан, с приложением фото-, видео-материалов.

      17. После согласования рабочего проекта арендодатель и заявитель в течение пяти рабочих дней с даты согласования рабочего проекта заключают договор о предоставлении в пользование кабельной канализации.

      21. Для получения допуска на проведение монтажных работ в кабельной канализации в соответствии с рабочим проектом арендатор письменно или в электронном виде на интернет-ресурсе обращается к арендодателю. В обращении определяется участок (участки) кабельной канализации, на которой (которых) планируется выполнение работ согласно рабочему проекту, и сроки проведения этих работ.

      К обращению прилагаются:

      1) перечень лиц, которые будут проводить работы на участке кабельной канализации;

      2) гарантийное письмо арендатора о привлечении подрядной организации для выполнения строительных работ (при привлечении);

      3) копия согласованного рабочего проекта;

      4) реквизиты Договора;

      5) копии лицензии на осуществление деятельности в сфере архитектуры, градостроительства и строительства, или копии Договора с подрядной организацией, имеющей такую лицензию.

      22. Арендодатель в течение десяти рабочих дней со дня регистрации обращения проверяет предоставленные документы, согласовывает сроки и порядок проведения работ, проводит обследование технического состояния кабельной канализации и организует сдачу арендатору (подрядчику) кабельной канализации на участке (участках), на котором (которых) планируется выполнение работ, с оформлением соответствующего акта, в котором определяется действительное состояние кабельной канализации на указанных участках. При невозможности выполнения работ по прокладке кабеля актом определяются порядок и срок устранения дефектов.

      После устранения дефектов в течение пяти рабочих дней составляется и подписывается соответствующий акт предоставления участка кабельной канализации.

      23. Арендатор (подрядчик) проводит монтаж кабелей в соответствии с рабочим проектом.

      Кабель связи арендатора прокладывается в арендуемой части кабельной канализации в соответствии с ТУ.

      Все строительно-монтажные работы в кабельной канализации, производимые арендатором и/или подрядчиком, согласовываются в течение пяти рабочих дней с момента обращения арендатора и выполняются под наблюдением инспектора по техническому надзору арендодателя.

      В целях установления соответствия выполненных работ по прокладке кабеля связи рабочему проекту, действующим нормам и ТУ, а также для определения качества проведения работ, последние подлежат приемке в течение пяти рабочих дней.