Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13328 болып тіркелді.

      "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 120 бұйрығымен бекітілген

Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 23.01.2023 № 22/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және кәбілдік кәрізді пайдалануға беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай түсініктер мен қысқартулар қолданылады:

      1) кәбілдік кәріз – байланыс кәбілдерін төсеуге, құрастыруға және техникалық қызмет көрсетуге арналған жерасты құбырлары мен құдықтардың жиынтығы;

      2) кәбілдік кәріз арнасындағы орын – кәбілдік кәріз арнасында байланыс кәбілі орналастырылатын орын (аудан);

      3) кәбілдік кәріздің бос сыйымдылығы – пайдалануға қолжетімді және кәбілдік кәріздің жалға берушісі жуырдағы он екі ай ішінде пайдалануды көздемеген, резервке/броньға қойылмаған кәбілдік кәріз арнасының/арналарының көлденең қимасының бос ауданы;

      4) кәбілдік кәрізді жалға алушы (бұдан әрі – жалға алушы) – кәбілдік кәрізді жалға берушіден кәбілдік кәрізді пайдалануға беру жөніндегі қызметтің шарт талаптарына сәйкес алатын жеке немесе заңды тұлға;

      5) кәбілдік кәрізді жалға беруші (бұдан әрі – жалға беруші) – шарт талаптары бойынша жалға алушыларға кәбілдік кәріздегі арнада байланыс кәбілдерін жүргізу үшін орын беретін, кәбілдік кәріздің иесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

      6) кәбілдік кәріз құбыржолының арнасы (бұдан әрі – арна) – байланыс кәбілдерін жүргізуге арналған кәбілдік кәріз құбыржолының ішкі қуысы;

      7) кәбілдік кәрізде кәбілді төсеуге арналған техникалық талаптар (бұдан әрі – ТТ) – кәбілдік кәрізді пайдалануға алу үшін техникалық талаптар;

      8) кәбілдік кәріз мәселелері жөніндегі комиссия – уәкілетті органның, "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық қауымдастықтардың өкілдерін тарта отырып уәкілетті орган құратын алқалы орган;

      9) өтініш беруші – кәбілдік кәрізді пайдалануға беру жөніндегі қызметтер көрсетуді жүзеге асыру үшін жалға берушіге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға

      10) рұқсат-наряд – жазбаша немесе электронды түрде қағаз тасығышта ресімделген жалға алушының пайдалануына берілген, кәбілдік кәрізде салынған, байланыс кәбілінің жөндеу-қалпына келтіру және жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізуге жалға берушінің жазбаша келісімі.

      4. Кәбілдік кәрізді пайдалануға беру мынадай:

      1) кәбілдік кәрізді пайдалануға беру бойынша қызметтерді алуға еркін нысанда өтініш берушінің жалға берушіге өтінім жіберуі;

      2) жалға берушінің ТТ әзірлеуі және оны өтініш берушіге беруі;

      3) өтініш беруші үшін кәбілдік кәрізден жалға берушінің орынды брондауы;

      4) жалға берушінің кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін жүргізудің жұмыс жобасын келісуі;

      5) кәбілдік кәрізді пайдалануға беруге шарт жасауы;

      6) кәбілдік кәрізде байланыс кәбілін жүргізуге және кәбілдік кәрізді пайдалануға жалға берушінің техникалық қадағалауы кіретін, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін білдіреді.

      Жалға берушіге кәбілдік кәрізді пайдалануға беру үшін қажетті ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін ресми интернет-ресурста жариялайды.

      6. Өтініш жалға берушіге жалға берушінің интернет-ресурсына жіберілген, жазбаша түрде қағаз жеткізгіште ресімделген немесе электрондық түрде беріледі. Өтінішті өтініш беруші жазбаша түрде екі данада береді, оның біреуін кіріс тіркеу нөмірімен жалға беруші өтініш берушіге қайтарады.

      7. Өтініштерді жалға беруші олардың келіп түсу тәртібімен, бірақ өтініш беруші өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күнге дейін қарайды.

      Қажет болған кезде жалға беруші өтінішті қарау мерзімін өтініш берушіге хабарлап және ұзарту себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес, он бес күнтізбелік күнге ұзартады.

      8. Кәбілдік кәріздің бос сыйымдылығы болмаған кезде жалға беруші өтініш алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өтініш берушіге, оған қажетті бағыт бойынша шарттық (концессия) негізде қолданыстағы кәбілдік кәрізді кеңейтуді жүргізуді ұсынады.

      Жалға берушінің қолданыстағы кәрізді қажетті бағыт бойынша кеңейту жөніндегі ұсынысымен келіспеген жағдайда өтініш беруші уәкілетті органға жүгінеді.

      Уәкілетті орган жалға берушінің техникалық шарттарды беруден бас тартуының негізділігін және еркін сыйымдылықтың жоқтығын, көрінеу шектеу шарттарын белгілеу жөніндегі іс-қимылдардың жоқтығын, көрсетілетін реттеліп көрсетілетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды таңудың жоқтығын қарау мақсатында кәбілдік кәріз арнасына техникалық байқау жүргізу үшін кәбілдік кәріз мәселелері жөніндегі комиссияны тартады.

      Өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес он бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қабылданған шешім және кәбілдік кәріз арнасын техникалық байқау фото-, видео-материалдарды қоса беріп қорытындылары туралы хат жолдайды.

      9. Кәбілдік кәріздің бос сыйымдылығы болмаған және өтініш беруші кәбілдік кәрізді кеңейтуден бас тартқан жағдайда жалға беруші өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш берушіге кәбілдік кәрізді пайдалануға беруден бас тарту туралы жауап береді.

      Өтініш беруші жалға берушімен, жергілікті атқарушы органдармен және уәкілетті органмен келісім бойынша шарттық негізде өз есебінен қолданыстағы кәбілдік кәрізді кеңейтуді жүзеге асырады. Келтірілген шығындардың өтемақысын жалға беруші мен өтініш беруші келіседі.

      10. Кәбілдік кәрізде бос сыйымдылық бар болған жағдайда, жалға беруші өтінішті алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш берушіге ТТ береді, олардың негізінде өтініш беруші байланыс кәбілін жүргізуге жұмыс жобасын әзірлейді немесе әзірлеуге тапсырыс береді.

      ТТ беру кезінде өтініш берушінің қаражаты есебінен салынған байланыс кәбілдерін және кәбілдік кәріздің объектілерін жалға берушінің меншігіне беру талабы белгіленбейді.

      Өтініш беруші жалға берушімен, жергілікті атқарушы органдармен және уәкілетті органмен келісім бойынша шарттық негізде өз есебінен кәбілдік кәрізге қосымша арналар өткізуді жүзеге асырады. Келтірілген шығындардың өтемақысын жалға беруші мен өтініш беруші келіседі.

      13. ТТ берілген кезде, жалға беруші бір уақытта кәбілдік кәріздің арнасында орындарды брондауды жүргізеді. Кәбілдік кәріздегі орынды брондау мерзімі ТТ қолданылу мерзімінен аспайды.

      Жалға берушінің өтініш беруші үшін кәбілдік кәрізде орындарды брондауы берілген ТТ-ға сәйкес әрі қарай пайдалану үшін кәбілдік кәріздің арнасында орындарды өтініш берушіге бекітуден тұрады.

      15. Жұмыс жобасына қойылатын талаптар жобалау басталғанға дейін жалға берушінің интернет-ресурсында жарияланады.

      16. Жалға беруші қағаз жеткізгіште немесе жалға берушінің интернет-ресурсында электрондық түрде ресімделген, жазбаша түрде жұмыс жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жұмыс жобасын келіседі немесе өтініш берушіге келісуден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Бас тартумен келіспеген кезде өтініш беруші жалға берушінің бас тартуының негізділігін қарау үшін уәкілетті органға жүгінеді.

      Жан-жақты қарау мақсатында уәкілетті орган жалға берушінің бас тартуының негізділігін қарау мақсатында кәбілдік кәріз арнасына техникалық байқау жүргізу және жұмыс жобасын зерделеу үшін уәкілетті орган жанындағы кәбілдік кәріз мәселелері жөніндегі комиссияны тартады.

      Өтінішті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес он бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қабылданған шешім және фото-, видео-материалдарды қоса беріп, кәбілдік кәріз арнасын техникалық байқау қорытындылары туралы хат жолдайды.

      17. Жұмыс жобасы келісілгеннен кейін жалға беруші мен өтініш беруші жұмыс жобасы келісілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кәбілдік кәрізді пайдалануға беру туралы шарт жасасады.

      21. Жұмыс жобасына сәйкес кәбілдік кәрізде құрастыру жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін жалға алушы жалға берушіге жазбаша немесе интернет-ресурста электрондық түрде жүгінеді. Өтініште жұмыс жобасына сәйкес жұмыстар орындау жоспарланып отырған кәбілдік кәріздің учаскесі (учаскелері) және осы жұмыстарды жүргізу мерзімдері айқындалады.

      Өтінішке мыналар:

      1) кәбілдік кәріздің учаскесінде жұмыстар жүргізетін тұлғалар тізбесі;

      2) құрылыс жұмыстарын орындау үшін мердігер ұйым тарту туралы жалға алушының кепілдеме хаты (жұмысқа тартылған жағдайда);

      3) келісілген жұмыс жобасының көшірмесі;

      4) Шарттың деректемелері;

      5) архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласында шаруашылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың көшірмелері немесе осындай лицензиясы бар мердігер ұйыммен жасалған шарттың көшірмелері қоса беріледі.

      22. Жалға беруші өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, жұмыстардың жүргізу мерзімдері мен тәртібін келіседі, кәбілдік кәріздің техникалық жай-күйін тексереді және жұмыстар орындау жоспарланып отырған учаскедегі (учаскелердегі) кәбілдік кәрізді жалға алушыға (мердігерге) осы учаскелерде кәбілдік кәріздің нақты жай-күйі анықталатын тиісті актіні ресімдей отырып, тапсыруды ұйымдастырады. Кәбілді жүргізу бойынша жұмыстарды орындау мүмкін болмаған кезде, актімен ақауларды жою тәртібі мен мерзімдері айқындалады.

      Ақаулар жойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде кәбілдік кәріздің учаскесін беру туралы тиісті акті жасалады және қол қойылады.

      23. Жалға алушы (мердігер) жұмыс жобасына сәйкес кәбілдерді құрастыруды жүргізеді.

      Жалға алушының байланыс кәбілі ТТ сәйкес кәбілдік кәріздің жалға алынған бөлігінде орнатылады.

      Кәбілдік кәріздегі жалға алушы және/немесе мердігер жүргізетін барлық құрылыс-құрастыру жұмыстары жалға алушы өтініш берген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жалға берушінің техникалық қадағалау жөніндегі инспекторымен келісіледі және соның қадағалауымен орындалады.

      Байланыс кәбілін жүргізу бойынша орындалған жұмыстардың жұмыс жобасына, қолданыстағы нормаларға және ТТ-ға сәйкестігін белгілеу мақсатында, сондай-ақ жұмыстарды жүргізудің сапасын анықтау үшін бес жұмыс күні ішінде соңғылары қабылдауға жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады