Ескерту. Күші жойылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.09.2024 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12104 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары:
2-1-тармақпен мынадай редакцияда толықтырылсын:
"2-1. Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 333 бұйрығымен бекіліген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29355 болып тіркелді) әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормасын сақтайды.".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыру және Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті берушілерге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына, ұялы желі операторына ресми жарияланғаннан кейін орналастыру;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |