Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 қыркүйекте № 35081 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) ресми жарияланған күнінен кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу- ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2024 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 264 бұйрығына
қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12104 болып тіркелген).

      2. "Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 427 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17496 болып тіркелген).

      3. "Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 14 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31814 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады