"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 ақпанда № 31896 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінде:

      5-тармақтың 24 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) өрт бөлігі – өрттің таралуын шектеу және оны жоюға арналған жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында өртке қарсы тосқауылдармен (1 типті өртке қарсы қабырғалар және 1 типті өртке қарсы аражабындар) бөлінген ғимараттың бөлігі;";

      8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Егер осы Техникалық регламентте белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары толық көлемде, оның ішінде өнімнің жекелеген түрлеріне және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне міндетті қауіпсіздік талаптарын белгілейтін құрылыс нормаларын, сондай-ақ жобалау және құрылыс жөніндегі қағидалар жинақтарын және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды ерікті қолдану арқылы орындалса, объектінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп саналады.";

      34, 35, 36 және 37 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Сұйытылған табиғи газдардың, сондай-ақ сұйытылған мұңай газдарының және тез тұтанатын сұйықтықтардың кешендері елді мекендердің тұрғын аймағынан тыс, тұрғын үй аудандарына қатысты желдің басым бағытының желдетілетін жағынан орналастырылуы тиіс.

      35. Сұйытылған мұңай газдарының және тез тұтанатын сұйықтықтардың қоймаларын орналастыру бойынша жер учаскелері елді мекендерге, кемежайларға, өзен вокзалдарына, гидроэлектр станцияларына, кеме жөндейтін және кеме құрылысы ұйымдарына, көпірлер мен құрылыстарға өзен ағысымен төмен, егер көрсетілген құрылыстардан бастап Техникалық регламенттерде үлкен қашықтықтар белгіленбесе, олардан бастап кемінде 300 м қашықтыққа орналастырылуы тиіс.

      36. Сұйытылған мұңай газдары мен тез тұтанатын сұйықтықтар қоймаларының құрылыстары көрші елді мекендердің, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарының аумақтарының белгілерімен салыстырғанда өте жоғары деңгейлі жер учаскелеріне орналастырылуы тиіс.

      Көрсетілген қоймаларды көршілес елді мекендердің, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарының аумағы белгілерімен салыстырғанда өте жоғары деңгейлі жер учаскелеріне, олардан 300 м астам арақашықтыққа орналастыруға жол беріледі.

      37. Елді мекендерден, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарынан 100 м-ден 300 м дейінгі аралықтағы арақашықтыққа орналасқан сұйытылған мұңай газдары мен жылдам тұтанатын сұйықтықтар қоймаларына елді мекендердің, ұйымдар мен жалпы желілік теміржол жолдарының аумағына сұйықтықтардың ағуын болдырмайтын шаралар (оның ішінде екінші топырақ үйіп бекіту, авариялық ыдыстар, ағызу каналдары, траншеялар) көзделуі тиіс.";

      48 тармаққа өзгеріс орыс тілінде енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      102 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Отқа төзімділігі I және II деңгейлі Ф1, Ф2, Ф3, Ф4 өрт қауіптілігінің функционалдық сыныбының тұрғын, қоғамдық және әкімшілік (тұрмыстық) ғимараттарынан ең аз өртке қарсы қашықтығы:

      1) Ф5 сыныпты өндірістік және қоймалық ғимараттардан, сондай-ақ оттөзімділіктің I және II деңгейлі гараждарына және автотұрақ гараждарына дейін кемінде 9 м;

      2) Ф5 функционалдық өрт қауіптілігі сыныпты және С2, С3 конструкциялық өрт қауіптілігі сыныпты ғимараттарға дейін – кемінде 15 м;

      3) функционалдық өрт қауіптілігі класының Ф5 III, ІІІа, ІІІб отқа төзімділік дәрежелі ғимараттарына дейін – кемінде 12 м;

      4) функционалдық өрт қауіптілігі класының Ф5 отқа төзімділігі IV, IVа және V деңгейлі ғимараттарға дейін – кемінде 15 м.";

      110 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Автожанармай құю станцияларын елді мекендердің аумағында орналастырған кезде өртке қарсы арақашықтық отын сақтауға арналған резервуарлардың (ыдыстардың) және авариялық резервуарлардың, отын және (немесе) оның буы айналатын жерүсті жабдығынан, отын сақтауға арналған жерасты резервуарларының және авариялық резервуарлардың тыныс алу арматурасынан, отын-тарату колонкасының корпусынан және сұйытылған мұнай газының немесе сұйытылған табиғи газдың тарату колонкаларынан, автоцистерна мен технологиялық құдықтарға арналған алаңдардың шекараларынан, тазарту құрылыстарының технологиялық жабдықтарының қабырғаларынан, көлік құралдарын қоюға арналған алаңдардың шекарасынан және автожанармай құю станциялары ғимараттарының сыртқы қабырғалары мен конструкцияларынан бастап айқындалуға тиіс:

      1) мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беру ұйымдары, интернаттық ұйымдар, стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар, бір пәтерлі тұрғын ғимарат жер учаскесінің шекарасына;

      2) басқа мақсаттағы тұрғын және қоғамдық ғимараттардың қабырғаларына дейін.";

      115 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "115. Өртке қарсы қашықтықты тұрғын үйлердің терезелерінен және қоғамдық ғимараттардың, құрылыстар мен құрылыстардың қабырғаларынан және мектепке дейінгі балалар білім беру мекемелерінің, жалпы білім беру мекемелерінің және стационарлық үлгідегі емдеу мекемелерінің жер учаскелерінің шекараларынан гараж қабырғаларына немесе ашық тұрақ автомобильдерін орналастыру орындарына дейін анықтау қажет.";

      119 және 120 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "119. Қойма аумағында орналасатын сұйытылған мұңай газдарының резервуарларынан бастап қойма құрамына кіретін, сондай-ақ оның аумағынан тыс орналасқан басқа объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 10-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.

      "120. Тауарлық-шикізат базасының құрамына кіретін сұйытылған мұңай газдары қоймалары резервуарларынан бастап басқа объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар осы Техникалық регламентке 10-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.";

      122, 123, 124 және 125 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "122. Шеткі резервуардан бастап жалпы сыйымдылығы 50 м3 сұйытылған мұңай газының резервуарлық қондырғысынан бастап елді мекен ғимараттары мен құрылыстарына және оның коммуникацияларына дейінгі қашықтықтар осы Техникалық регламентке 11-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.

      123. Жалпы сыйымдылығы 50 м3 артық сұйытылған мұңай газының резервуарлық қондырғысынан бастап қашықтықтар осы Техникалық регламентке 11-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.

      124. Бірлік сыйымдылығы 50 м3 сұйытылған мұңай газының екі резервуарын орнатқан кезде газ толтыру кіші станциясына жатпайтын ғимараттарға (тұрғын, қоғамдық, өндірістік) дейінгі қашықтықты:

      1) жер үсті резервуарлары үшін – 100 м дейін;

      2) жер асты резервуарлары үшін – 50 м дейін азайтуға рұқсат етіледі.

      125. Сұйытылған мұңай газдарының жер үсті резервуарсынан бастап бір мезгілде 800-ден артық адам болуы мүмкін (стадион, базар, парк, тұрғын үй) орындарға дейінгі, сондай-ақ орын санына қарамай орта білім беру, мектепке дейінгі және санаторийлік-курорттық ұйымдарына дейінгі қашықтық, осы Техникалық регламентке 11-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген мәндермен салыстырғанда 2 есе арттыруға рұқсат етіледі.";

      154 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "154. Құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік шектері ғимараттардың, құрылыстардың және өрт бөліктерінің отқа төзімділік дәрежесіне сәйкес келеді.

      Ғимараттардың, құрылыстардың және өрт сөндіру бөліктерінің құрылыс конструкцияларының отқа төзімділік дәрежесінің және отқа төзімділік шегінің сәйкестігі осы Техникалық регламентке 2-қосымшаның 1-кестесі бойынша анықталады.";

      195 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "195. Биіктігі 10 м және өрт сөндіру машиналарының өтетін жерінің үстінің бетінен бастап, төбенің қаңқасына және сыртқы қабырғаның төбесіне (жақтау) дейінгі белгіден артық болатын функционалдық өрт қауіптілігі класына қарамастан ғимараттар мен құрылыстарда басқыш шабақтарынан тікелей немесе шатырдың асты арқылы, не 3-типті сатылар бойынша немесе сыртқы өрт сөндіру сатылары бойынша төбеге шығатын жерлер қарастырылуы тиіс.";

      207 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "207. Құрылыс-монтаждау және отты жұмыстарды жүргізу кезінде осы Техникалық регламенттің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының (бұдан әрі – Өрт қауіпсіздігі қағидалары) және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басқа да нормативтік құжаттардың талаптары сақталуы тиіс.";

      210 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "210. Өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларында пайдаланылатын материалдар Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 40 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың "Өрт қауіпсіздігін және өрт сөндіруді қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптар туралы" техникалық регламенті туралы (ЕАЭО ТР 043/2017), сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана қолданылады.";

      1 қосымшаның:

      36 тармағы алып тасталсын;

      10 қосымшаның:

      3 кесте атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қойма аумағында орналасатын сұйытылған мұңай газдарының резервуарларынан бастап қойма құрамына кіретін, сондай-ақ оның аумағынан тыс орналасқан басқа объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар";

      10 қосымшасының:

      4 кесте атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тауарлық-шикізат базасының құрамына кіретін сұйытылған мұңай газдары қоймалары резервуарларынан бастап басқа объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар";

      11 қосымшасының:

      2 кесте атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сұйылтылған мұңай газдарының резервуарлық қондырғыларынан объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар";

      3 кесте мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-кесте

Сұйылтылған мұңай газдарының резервуарлық қондырғыларынан объектілерге дейінгі өртке қарсы қашықтықтар

Ғимарат, құрылыс және коммуникациялар

СМГ резервуарларынан қашықтық, м

СМГ пайдаланылатын үймарат, қондырғыдан қашықтық, м

Жалпы сыйымдылықты толтырылған баллон қоймасынан қашықтық, м, м3

Жер бетілік резервуарлар

Жерасты резервуарлары

Жалпы сыйымдылығы жағдайда, м 3

20-50

51-200

51-500

201-8000

51-200

51-500

201-8000



Бір резервуарның ең жоғарғы сыйымдылығы, м 3



25-ке дейін

25

50

100

101-600

25

50

100

101-600



>20

<20

Тұрғын үй, әкімшілік, тұрмыстық, өндірістік ғимараттар, қазандық, гараж және ашық тұрақтар ғимараттары 1)

70
(30)

80
(50)

150
(110)2)

200

300

40
(25)

75
(55)2)

100

150

50

50
(20)

100
(30)

Жер бетілік құрылыстар мен коммуникациялар (эстакада, жылу трассалары), тұрғын үй ғимараттарының қосалқы құрылыстары

30
(15)

30
(20)

40
(30)

40
(30)

40
(30)

20
(15)

25
(15)

25
(15)

25
(15)

30

20
(15)

20
(20)

Жерасты коммуникациялары (газ толтыратын станция аумағында газ құбырларынан басқа)

Қала құрылысы саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес

Электр беру желілері, трансформаторлық тарату құрылғылары

№ 230 бұйрықтың талаптарына сәйкес

Жалпы желілік темір жолдар (үйінді табанынан), I — III санатты автомобиль жолдары

50

75

1003)

100

100

50

753)

75

75

50

50

50

Темір жолдардың, кәсіпорын жолдарының кіреберіс жолдары, трамвай жолдары, IV - V санатты автомобиль жолдары

30
(20)

303)
(20)

403)
(30)

40
(30)

40
(30)

203)
(15)3)

253)
(15)3)

25
(15)

25
(15)

30

20
(20)

20
(20)

1) - тұрғын және қоғамдық ғимараттан қашықтықты жеке алаңда орналасқан сұйытылған мұңай газдары үшін көрсетілгеннен кем емес деп, ал әкімшілік, тұрмыстық, өндірістік ғимараттардан, қазандық, гараж ғимараттарынан жақшада көрсетілген мәндер бойынша деп қабылдау керек;
2) - 200 м3 дейінгі жалпы сыйымдылықты газ толтыру станциялары резервуарларынан жер бетілік орындалғанға 70 м, жерасты - 35 м, ал сыйымдылығы 300 м3 жағдайда - сәйкес қашықтықты 90 м және 45 м азайту рұқсат етіледі.
3) - темір және автомобиль жолдарынан жалпы сыйымдылығы 200 м3 артық емес сұйытылған мұңай газы резервуарларына дейін жер бетілік орындауда 75 м-ге дейін және жерастылық орындауда 50 м-ге дейін азайту рұқсат етіледі. Кіреберіс, кәсіпорын аумағынан тыс өтетін трамвай жолдарынан жалпы сыйымдылығы 100 м артық емес сұйытылған мұңай газдары резервуарларына дейін жер бетілік орындауда 20 м-ге дейін және жерастылық орындауда 15 м-ге дейін азайту, ал жолдардың кәсіпорын аумағы бойынша өткені жағдайда осы қашықтықтар резервуарлардың жерастылық орындалуы жағдайда 10 м-ге дейін қысқаруы рұқсат етіледі.
Өнеркәсіптік кәсіпорын аумағында орналасқан сұйытылған мұңай газы резервуарларынан және толтырылған баллон қоймаларынан, сондай-ақ толтырылған баллон қоймасынан өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен өндірістік сипаттағы тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттарына дейін жақшада берілген мәндер бойынша қабылдау керек.

      ";

      16 қосымшасының:

      40 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Деректер болмаған кезде, сұйытылған мұңай газдары үшін (бұдан әрі мәтін бойынша - СМГ) ағызудан буланатын СМГ mсмг меншікті салмағын мынадай формула бойынша есептеуге рұқсат етіледі, кг/м2



 
 
(36)

      мұндағы М - молярлық масса СМГ, кг/моль;

      Lисп - Тж бастапқы температура кезіндегі СМГ мольдік булану жылуы, Дж/моль;

      Т0 – бетіне СМГ төгілетін материалдың бастапқы температурасы, К;

      Тж - СМГ бастапқы температурасы, К;

      lтв – бетіне СМГ төгілетін материалдың жылу өткізгіштік коэффициенті, Вт/м К;



      ɑ - бетіне СМГ төгілетін материалдың температура өткізгіштік коэффициенті, м2 /с;

      Ств - бетіне СМГ төгілетін материалдың жылу сыйымдылығы, Дж/кг*К;

      rтв - бетіне СКГ төгілетін материалдың тығыздығы, кг/м3;

      t - СМГ толық булану уақытына тең болып қабылданатын ағымдағы уақыт, с, бірақ 60 минуттан артық емес;



      Re – Рейнольдс саны;

      U - ауа ағынының жылдамдығы, м/с;



      d - СМГ ағызудың сипатты өлшемі, м;

      VB - ауаның кинематикалық тұтқырлығы, м 2 /с;

      lB - ауаның жылу өткізгіштік коэффициенті, Вт/м. К.

      (36) формуласы температурасы Тж ≤Tкип болатын СМГ үшін қолданылады

      СМГ Тж > Ткип температурасы кезінде (34) формуласы бойынша қыздырылған СМГ mпер салмағы қосымша есептеледі.";

      54 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Сұйықтық ағызу өрті үшін немесе қатты материалдардың жану кезінде q жылу сәулеленуінің қарқындылығы мына формула бойынша есептеледі, кВт/м 2.

q = Ef .Fq.t,

(48)

      мұндағы Еf — жалынның жылу сәулеленуінің орташа беттік тығыздығы, кВт/м2;

      Fq - сәулеленудің бұрыштық коэффициенті;

      t - атмосфераның өткізу коэффициенті.

      Еf мәні бар экспериментальды деректер негізінде қабылданады. Кейбір сұйық көмірсутекті отын үшін көрсетілген деректер осы қосымшаның 8-кестесінде келтірілген.

      Деректер болмаған жағдайда Еf шамасын мыналарға тең қабылдауға рұқсат етіледі:

      1) СМГ үшін - 100 кВт/м2,

      2) мұнай өнімдері үшін - 40 кВт/м2,

      3) қатты материалдар үшін - 40 кВт/ м2.

      8-кесте

Ошақ диаметріне қарай жылу сәулеленуінің орташа беттік тығыздығы және кейбір көмірсутекті отын үшін жанудың меншікті салмақтық жылдамдығы

Отын

E f , кВт/м 2

М кг/м 2. с

d = 10 м

d = 20 м

d = 30 м

d = 40 м

d = 50 м

СТГ (Метан)

220

180

150

130

120

0,08

СМГ (Пропан- бутан)

80

63

50

43

40

0,10

Бензин

60

47

35

28

25

0,06

Дизель отыны

40

32

25

21

18

0,04

Мұңай

25

19

15

12

10

0,04

      Ескертпе: 10 м кем немесе 50 м артық ошақ диаметрі үшін сәйкесінше диаметрі 10 м және 50 м болатын ошаққа арналған сияқты сондай Ef шамасын қабылдау керек.

      Ағызудың тиімді d диаметрі мына формула бойынша есептеледі, м.



 
(49)

      мұндағы F - төгілу ауданы, м2.

      Жалынның Н биіктігі мына формула бойынша есептеледі, м.



 
(50)

      мұндағы М - отын жанып кетудің меншікті салмақтық жылдамдығы, кг/м 2* с;

      rв - қоршаған ауаның тығыздығы, кг/м 3;

      g = 9,81 м/с 2 - еркін түсу үдеуі.

      Сәулеленудің бұрыштық коэффициенті Fq мына формула бойынша анықталады:



(51)

      мұндағы Fv Fн - мына өрнектер көмегімен сәйкесінше анықталатын тік және жатық аудандарға арналған сәулелену факторлары:



      , (52)



      , (53)

A = (h 2 + S 2 +1 )/(2S);

(54)


B = (1 + S 2 )/(2S);

(55)


S = 2r/d;

(56)


h = 2H/d,

(57)


      мұндағы r - ағызудың геометриялық ортасынан сәулеленетін объектіге дейінгі арақашықтығы, м.

      Атмосфераның өткізу коэффициенті мына формула бойынша анықталады

t = exp [-7,0 . 10 -4. (r - 0,5d)].

(58)".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      Министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады