БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектiң кепiлдiк берілген көлемi шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерiн көрсетуі және олардың көрсетiлетiн қызметтердi өткiзуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 931 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19519 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуі және олардың көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсауы қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. ІІО ММ-де медициналық қызметтердің ақылы түрлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21831 болып тіркелген) бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларына (бұдан әрі – Ақы төлеу қағидалары) сәйкес Қор мен ІІО ММ арасында жасалған медициналық қызметтерді сатып алу келісім шарттар негізінде ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетіледі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. ІІО ММ медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, клиникалық хаттамаларды және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ - 41 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22782 болып тіркелген) бекітілген Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярын басшылыққа алады."
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Медициналық көрсетілетін қызметтердің ақылы түрлері мынадай жағдайларда көрсетіледі:
1) тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу көзделмейтін амбулаториялық жағдайларда, оның ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде;
2) тәулік бойы медициналық байқау, емдеу, күтім, сондай-ақ тамақпен бірге төсек-орын беру көзделетін стационарлық жағдайларда, оның ішінде емдеу басталғаннан кейін алғашқы тәуліктер ішінде тәулік бойы байқау көзделетін "бір күннің" терапиясы және хирургиясы жағдайларында;
3) тәулік бойы медициналық байқау мен емдеу қажет етілмейтін және төсек-орын беріле отырып, күндізгі уақытта медициналық байқау мен емдеу көзделетін стационарды алмастыратын жағдайларда.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. ІІО ММ бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес жүзеге асырады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Медициналық қызметтердің ақылы түрін көрсеткені үшін ақы төлеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) бекітілген ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтер бойынша Ақы төлеу қағидаларына сәйкес Қор жүзеге асырады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. ІІО ММ-ның медициналық қызметтердің ақылы түрлерін көрсетуден алған ақшасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрық) бекітілген ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесінің 4-тармағымен анықталған ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету қызметіне байланысты:
1) клиникалық хаттамаларға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, шығыс материалдарын және тиісті жылға арналған бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың тізіміне сәйкес, сондай-ақ дәрі қобдишаларды, арнайы емдік өнімдерді сатып алуға (қамтамасыз ету);
2) "Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына сәйкес пациенттерді тамақтандыруға және жұмсақ мүккәмалмен жарақтандыруға;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кадрлардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға;
4) коммуналдық қызметтерге: жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға ақы төлеуге;
5) өзге шығыстарды, оның ішінде "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 44) тармақшасына сәйкес интернетті қоса алғандағы байланыс қызметтері, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайды жалға алу, кеңсе және шаруашылық тауарларын, жанар-жағармай материалдарын, басқа тауарлар мен ақпараттық жүйелерге қызмет көрсетуге қоса қызметтерді сатып алу (қамтамасыз ету), медициналық техникаға сервистік қызмет көрсету, банк қызметтеріне ақы төлеуге;
6) № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрықпен бекітілген ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру қағидаларында көзделген тәртіппен уәкілетті орган бекітетін ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге (медициналық қызметтер кешеніне) арналған тарифтерді қалыптастыру бойынша жұмыс жоспарында көзделген жағдайларда негізгі құралдарды жаңартуға;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21824 болып тіркелген) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына сәйкес ІІО ММ қызметкерлеріне сараланған қосымша ақы белгілеуге арналған шығындар шеңберінде жұмсалады.".
ІІО ММ өздерінің иелігінде қалатын медициналық қызметтердің ақылы түрлерін көрсетуден алған ақшасы есебінен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Аппаратының басшысы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі