БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 170 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17012 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 68-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушыларын (бұдан әрі – қатысушылар) "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" (бұдан әрі – ББМЖ) интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып хабарлау тәртібін айқындайды";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Құзыретті орган ББМЖ-ны пайдалана отырып қатысушыларға хабарламаларды жібереді.";
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Электрондық құжат нысанындағы хабарламалар ББМЖ-да тіркелу рәсімінен өткен қатысушыларға жолданады.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Қатысушылар ББМЖ-ға тіркелу арқылы хабарламаларды алуға келісім білдіреді".
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Б. Акчулаков |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасын
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі