"Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 170 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 наурызда № 32127 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 170 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17012 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларында:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 68-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушыларын (бұдан әрі – қатысушылар) "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" (бұдан әрі – ББМЖ) интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып хабарлау тәртібін айқындайды";

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Құзыретті орган ББМЖ-ны пайдалана отырып қатысушыларға хабарламаларды жібереді.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Электрондық құжат нысанындағы хабарламалар ББМЖ-да тіркелу рәсімінен өткен қатысушыларға жолданады.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Қатысушылар ББМЖ-ға тіркелу арқылы хабарламаларды алуға келісім білдіреді".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Б. Акчулаков

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігі

      "Келісілді"
Қазақстан Республикасын
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады