Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 170 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 7 маусымда № 17012 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ______________Д. Абаев

      2018 жылғы "_____" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________Ж. Қасымбек

      2018 жылғы "_____" __________

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 11 мамырдағы
№ 170 бұйрығымен бекітілген

Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 68-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушыларын (бұдан әрі – қатысушылар) "Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі" (бұдан әрі – ББМЖ) интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып хабарлау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.03.2023 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

2-тарау. Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып хабарлау тәртібі

      3. Құзыретті орган ББМЖ-ны пайдалана отырып қатысушыларға хабарламаларды жібереді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.03.2023 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Хабарламалар қатысушыларға электрондық құжат нысанында жіберіледі және хабарлама жіберілген қатысушы туралы мәліметтерді, хабарлама жіберу үшін негіздемені, оның мазмұнын, жіберуші туралы ақпаратты және оның электрондық цифрлық қолтаңбасын қамтиды.

      5. Электрондық құжат нысанындағы хабарламалар ББМЖ-да тіркелу рәсімінен өткен қатысушыларға жолданады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.03.2023 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Қатысушылар ББМЖ-ға тіркелу арқылы хабарламаларды алуға келісім білдіреді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 24.03.2023 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қатысушылар хабарлама бойынша қосымша түсіндірулер алу үшін жеке кабинетті пайдаланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады