БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіру және аумағынан шығу Қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 31 шілдедегі № 59/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19164 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңын 19-бабының 5-1-тармағына және 22-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіру және аумағынан шығу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – арнайы экономикалық аймақ) аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіру және аумағынан шығу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5-1-тармағына және 22-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың арнайы экономикалық аймақтың қазақстандық аумақ бөлігіне кіру және аумақтың қазақстандық бөлігінен шығу тәртібін анықтайды.";
5, 6 және 7 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Олардың орналасуына сәйкес келетін аумақтық мемлекеттік органның, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының, инкассация қызметінің бірінші басшылары (оны алмастыратын адам) қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі) осындай арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі қызметкерлерінің, сондай-ақ осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісу үшін қызметтік қажеттілігі бар осындай арнайы экономикалық аймаққа баратын адамдардың тізімдерімен қоса сұрау салуларды жолдайды.
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі ұсынылған тізімдерді қарайды және оларды жиырма төрт сағаттан кешіктірмей арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органына жібереді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы өзінің шешімі туралы тізімдер келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық Шекара қызметі бөлімшесіне жазбаша нысанда хабарлайды.
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі тізімдер келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, қарау нәтижелері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органынан алынған ақпарат бойынша қабылданған шешім туралы осы тармақтың 1-бөлігінде көрсетілген адамдарға қағаз түрінде жазбаша хабарлайды.
Толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсыну арнайы экономикалық аймақтың аумағына барудан бас тартуға негіз болып табылады.
Тізімдерді қайта қарауды Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі толық және анық мәліметтер ұсынылғаннан кейін жүзеге асырады.
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 16-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес тізімдегі адамдарға қатысты қолжетімділігі шектеулі ақпарат болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы себептерін түсіндірместен арнайы экономикалық аймақтың аумағына баруды ұсынудан бас тартады.
6. Аумақтық мемлекеттік орган, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы, инкассация қызметі жұмыстан босатылған немесе өз міндеттерін орындаудан шеттетілген адамдар туралы, олардың жұмыстан шығуы, басқа лауазымға не басқа жұмыс учаскесіне ауысуы туралы жиырма төрт сағат ішінде Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.
7. Арнайы экономикалық аймақ аумағына (аумағынан) қызметтік автомобиль көліктері кірген және шыққан кезде, Шекара қызметінің лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп жүргізетін "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 34-бабының талаптарына сәйкес ол тексеріп қарауға жатады.
Арнайы экономикалық аймақ аумағына (аумағынан) инкассация қызметінің арнайы автомобиль көлігі кірген және шыққан кезде, оны Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары пломбаланған инкассаторлық қаптарды (сөмкелерді) ашусыз тексеріп қарауды жүргізеді.
Инкассация қызметі жұмыскерлерінің арнайы экономикалық аймақ аумағына (аумағынан) қызметтік қару мен оның патрондарын кіргізу және шығару қаруды алып жүру құқығын растайтын құжат негізінде жүзеге асырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет – ресурсында орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің Директорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
Е. Сагимбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі