Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіру және аумағынан шығу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 31 шілдедегі № 59/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 тамызда № 19164 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңын 19-бабының 5-1-тармағына және 22-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 27.03.2023 № 12қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіру және аумағынан шығу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы Ділмановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
К. Мәсімов

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
2019 жылғы "___" ________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
2019 жылғы "___" ________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
2019 жылғы "___" ________

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
2019 жылғы "___" ________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2019 жылғы "___" ________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі
2019 жылғы "___" ________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 59/қе бұйрығымен
бекітілді

Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіру және аумағынан шығу қағидалары

      1. Осы Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі – арнайы экономикалық аймақ) аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіру және аумағынан шығу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5-1-тармағына және 22-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың арнайы экономикалық аймақтың қазақстандық аумақ бөлігіне кіру және аумақтың қазақстандық бөлігінен шығу тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 27.03.2023 № 12қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың және олардың қызметтік автомобиль көлігінің кіруі және шығуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі – Шекара қызметі) ақпараттық жүйелерінде олардың жеке мәліметтерін және қызметтік автомобиль көлігі туралы мәліметтерді тіркей отырып басымдық тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

      3. Қызметтік міндеттерін шешу үшін арнайы экономикалық аймақ аумағына (аумағынан) кіру және шығу:

      құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарымен келісілген тізімдердің негізінде қызметтік куәліктер бойынша;

      өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, инкассация қызметінің жұмыскерлері және басқа адамдар – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарымен келісілген тізімдердің негізінде жеке басын куәландыратын құжаттары (Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты, Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты, шетелдіктер үшін – шетелдік паспорт) бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарға (Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты, Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты) және шетелдіктердің шетелдік паспорттарға шекараны кесіп өту туралы жоғарыда аталған құжат иесінің осындай белгіні ұсыну туралы жеке арызынан басқа жағдайларда шекаралық бақылау-өткізу пункттерінің белгілері қойылмайды.

      Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың қызметтік автомобильдік көліктерінің арнайы экономикалық аймақ аумағына (аумағынан) кіруі және шығуы көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктер бойынша жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерін арнайы экономикалық аймақ аумағына (аумағынан) кіруі және шығуы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен нормативтiк құқықтық актілерімен анықталады.

      5. Олардың орналасуына сәйкес келетін аумақтық мемлекеттік органның, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының, инкассация қызметінің бірінші басшылары (оны алмастыратын адам) қызметін арнайы экономикалық аймақтың аумағында жүзеге асыратын Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі) осындай арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі қызметкерлерінің, сондай-ақ осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісу үшін қызметтік қажеттілігі бар осындай арнайы экономикалық аймаққа баратын адамдардың тізімдерімен қоса сұрау салуларды жолдайды.

      Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі ұсынылған тізімдерді қарайды және оларды жиырма төрт сағаттан кешіктірмей арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органына жібереді.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы өзінің шешімі туралы тізімдер келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық Шекара қызметі бөлімшесіне жазбаша нысанда хабарлайды.

      Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі тізімдер келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, қарау нәтижелері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органынан алынған ақпарат бойынша қабылданған шешім туралы осы тармақтың 1-бөлігінде көрсетілген адамдарға қағаз түрінде жазбаша хабарлайды.

      Толық емес немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсыну арнайы экономикалық аймақтың аумағына барудан бас тартуға негіз болып табылады.

      Тізімдерді қайта қарауды Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі толық және анық мәліметтер ұсынылғаннан кейін жүзеге асырады.

      "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 16-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес тізімдегі адамдарға қатысты қолжетімділігі шектеулі ақпарат болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органы себептерін түсіндірместен арнайы экономикалық аймақтың аумағына баруды ұсынудан бас тартады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 27.03.2023 № 12қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Аумақтық мемлекеттік орган, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы, инкассация қызметі жұмыстан босатылған немесе өз міндеттерін орындаудан шеттетілген адамдар туралы, олардың жұмыстан шығуы, басқа лауазымға не басқа жұмыс учаскесіне ауысуы туралы жиырма төрт сағат ішінде Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесін хабардар етеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 27.03.2023 № 12қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Арнайы экономикалық аймақ аумағына (аумағынан) қызметтік автомобиль көліктері кірген және шыққан кезде, Шекара қызметінің лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп жүргізетін "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 34-бабының талаптарына сәйкес ол тексеріп қарауға жатады.

      Арнайы экономикалық аймақ аумағына (аумағынан) инкассация қызметінің арнайы автомобиль көлігі кірген және шыққан кезде, оны Шекара қызметінің және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары пломбаланған инкассаторлық қаптарды (сөмкелерді) ашусыз тексеріп қарауды жүргізеді.

      Инкассация қызметі жұмыскерлерінің арнайы экономикалық аймақ аумағына (аумағынан) қызметтік қару мен оның патрондарын кіргізу және шығару қаруды алып жүру құқығын растайтын құжат негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 27.03.2023 № 12қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, оның аумағына төтенше жағдайларды жою үшін азаматтық қорғау органдары жеке құрамының және арнайы техникасын кіргізу басымдық тәртіпте кедергісіз Шекара қызметінің ақпараттық жүйесіне тіркеусіз жүзеге асырылады.

      Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтік тапсырмаларды орындаған кезде азаматтық қорғау органдары жеке құрамының өзімен бірге қызметтік куәліктері болуы және оларды Шекара қызметі әскери қызметшілерінің талаптары бойынша ұсынуы қажет.

  Шектері Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
шекарасының учаскелерімен
толық немесе ішінара тұспа-тұс
келетін арнайы экономикалық
аймақтың аумағында қызметін
жүзеге асыратын мемлекеттік
органдардың лауазымды
адамдарының, инкассация
қызметі жұмыскерлерінің,
сондай-ақ қызметтік
қажеттілікке байланысты
осындай арнайы экономикалық
аймаққа келетін адамдардың
осындай экономикалық
аймақтың аумағына кіру және
аумағынан шығу қағидаларына
қосымша

Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың тізімі

№ р/с

Т.А.Ә (болған жағдайда)

Туған күні, айы, жылы

Жұмыс орны, лауазымы

Жеке басын куәландыратын құжаттың №

Қызметтік куәліктің №

ЖСН

Ескертпе

1








2








3








Көлік құралдары:

№ р/с

Көлік құралдарының атауы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Жүргізушінің Т.А.Ә (болған жағдайда)

Ескертпе
















      Уәкілетті органның басшысы (инкассация қызметі)

      М.О. _________________________________________________

      (қолы, атының бірінші әрпі және тегі)

      "___" ____________

                  (күні)

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      аумақтық органының басшысы

      М.О. _________________________________________________

                  (қолы, атының бірінші әрпі және тегі)

      "___" ____________

                  (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады