"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының халқына эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2012 жылғы 25 мамырдағы № 364 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7782 болып тіркелген);
2) "Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 478 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13880 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. |
А. Ғиният |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 53 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабына 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының халқына эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.
2. Осы Стандартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімді сертификаты бар медицина қызметкері;
2) динамикалық бақылау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі бақылау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша медициналық көмек көрсету;
3) жоғары технологиялық медициналық қызметтер (бұдан әрі – ЖТМҚ) – диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурсты қажетсінетін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандардың көрсететін қызметтері;
4) йод тапшылығы ауруларының профилактикасы – йод тапшылығы ауруларын алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүйесі;
5) клиникалық хаттама (бұдан әрі – КХ) – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезіндегі профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
6) қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер – медицина қызметкерлерінің бір-бірімен, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимылын, аталған тұлғаларды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын іс-әрекеттерді құжаттауды қамтамасыз ететін, цифрлық технологиялар арқылы диагностикалау, емдеу, зерттеулер мен бағалаулар жүргізу мақсатында медициналық қызметтер көрсету;
7) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
8) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
9) мультипәндік топ – пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
10) профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
11) скринингтік зерттеулер – клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты ерте кезеңде түрлі аурулардың өршуін, сондай-ақ олардың пайда болу тәуекелі факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында медициналық зерттеп қарау кешені;
12) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын медициналық көмек көлемі;
13) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық көмекті Қазақстан Республикасының аумағында клиникалық практикаға жіберілген медицина қызметкерлері клиникалық хаттамалар негізінде көрсетеді.
3. Эндокринологиялық көмекті "Ересектер, балалар эндокринологиясы" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензиясы бар меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қоғамдық ұйымдармен іс-қимыл жасай отырып, медициналық ұйымды таңдау құқығын ескере отырып, тұрғылықты жері және (немесе) бекітілген жері бойынша халыққа эндокринологиялық медициналық көмектің аумақтық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдар көрсетеді.
4. Эндокринологиялық көмекті "Ересектер, балалар эндокринологиясы" мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар дәрігерлер көрсетеді.
5. Профилактикалық скринингтік зерттеп-қарау жүргізу кезінде және эндокриндік аурулар анықталған кезде диагностикалық зерттеулер ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде жүргізіледі.
6. Эндокриндік ауруларымен ауыратын бекітілген пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету "Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығы сәйкес ТМККК шеңберінде жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23885 болып тіркелді).
7. Амбулаториялық деңгейде эндокринологиялық көмек беру бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға өтінімдерді талдауды және ұсыным жасауды медициналық санитариялық-алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) эндокринологтары жасайды.
8. Эндокринологиялық көмек көрсету КХ сәйкес, болмаған жағдайда дәлелдеу қағидаттарын ескере отырып, эндокринология саласындағы ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктеріне сәйкес көрсетіледі.
2-тарау. Эндокринологиялық көмек көрсететін ұйымдардың құрылымы
9. Халыққа эндокринологиялық көмек көрсетудің бірінші деңгейін амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде МСАК дәрігерлері жүзеге асырады.
10. Халыққа эндокринологиялық көмек көрсетудің екінші деңгейін эндокринологиялық бөлімшелері (төсектері) бар аудандық және қалалық ауруханалар деңгейінде амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын эндокринолог дәрігерлер көрсетеді.
11. Үшінші деңгей – қалалық, облыстық ауруханалар мен республикалық денсаулық сақтау ұйымдары деңгейінде амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда ЖТМҚ қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың халыққа эндокринологиялық көмек көрсету деңгейі.
12. МСАК ұйымдарында, стационарлардың эндокринологиялық бөлімшелерінде мынадай бөлімшелер құрылады:
1) қант диабетімен ауыратын пациенттер үшін "диабет мектебі кабинеті" республикалық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі медициналық ұйымның базасында құрылады немесе "онлайн" форматта ұйымдастырылады;
2) "диабеттік табан кабинеті" МСАК медициналық ұйымдарында және стационарлардың эндокринологиялық бөлімшелерінің базасында ұйымдастырылады;
3) "диабеттік ретинопатия кабинеті" МСАК медициналық ұйымдарының, стационарлардың эндокринологиялық бөлімшелерінің және республикалық медициналық орталықтардың базасында ұйымдастырылады.
3-тарау. Эндокринологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
13. Халыққа эндокринологиялық көмек көрсететін ұйымдар бірінші, екінші және үшінші деңгейлерде профилактикаға, диагностикалауға және емдеуге бағытталған іс-шараларды уақтылы жүргізу мақсатында құрылады.
14. Халыққа эндокринологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:
1) эндокриндік аурулардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
2) азаматтарды емдеудің барлық кезеңдерінде бірізділікті сақтай отырып, мамандандырылған және жоғары технологиялық эндокринологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз ету;
3) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету;
4) эндокринологиялық пациенттерді медициналық оңалтумен қамтамасыз ету;
5) эндокриндік ауруларды диагностикалау мен емдеуде инновациялық медициналық технологияларды енгізу;
6) есеп-қисап құжаттамаларын жүргізу болып табылады.
15. Қант диабеті ауруы бар пациенттер үшін "диабет мектебінде" оқытуды арнайы даярлық курсынан өткен және "Диабет мектебінде" пациенттерді оқыту" тақырыбы бойынша сабақ жүргізу құқығына сертификат алған медицина қызметкері жүзеге асырады.
4-тарау. Эндокринологиялық көмек көрсету тәртібі
1-параграф. Амбулаториялық жағдайларда эндокринологиялық көмек көрсету тәртібі
16. Амбулаториялық жағдайда ересектер мен балаларға эндокринологиялық көмекті МСАК (бірінші деңгей) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары ұсынады.
17. МСАК ұйымдары:
1) эндокриндік аурулардың профилактикасы мәселелері бойынша бекітілген халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын қоса алғанда, эндокриндік аурулардың профилактикасы және оларды ерте анықтау жөніндегі іс-шаралар кешенін;
2) "Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21572 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрық) сәйкес қант диабеті мен мінез-құлық факторларын ерте анықтау үшін ересек халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеуді;
3) эндокриндік ауруларды ерте анықтау, пациенттің жай-күйін айқындау және эндокриндік ауруға күдік болған кезде эндокринолог дәрігерге жіберу мақсатында МСАК дәрігерінен сұрау және қарап-тексеруді;
18. МСАК ұйымдарында емдеу-диагностикалық іс-шаралар "Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығына сәйкес жүргізіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27833 болып тіркелген):
1) диагностикалық – МСАК маманының қарап-тексеруі, зертханалық және аспаптық зерттеулер, оның ішінде диабеттік ретинопатияны ерте анықтау үшін 1 және 2 типті қант диабеті бар пациенттердің көз түбін суретке түсіру, "2 типті қант диабеті" диагнозы анықталғаннан кейін және офтальмолог-дәрігердің көрсетілімдеріне сәйкес реттілігі;
2) емдеу – шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету.
19. Эндокринолог дәрігерге жолдау кезінде МСАК дәрігері зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен бірге медициналық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – МАЖ) жолдама ресімдейді.
20. Эндокринолог дәрігер "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық № ҚР ДСМ-175/2020) бекітілген № 052/е нысанына "Амбулаториялық пациенттің медициналық картасы" (бұдан әрі – № 052/е нысаны) консультациялық-диагностикалық көмек көрсету кезінде пациентті консультацияға жіберген МСАК дәрігеріне консультациялық-диагностикалық қорытынды береді, онда жүргізілген зерттеп-қарау және емдеу нәтижелері, эндокриндік жүйе аурулармен ауыратын пациентті одан әрі емдеу бойынша ұсыныстарды көрсетеді.
21. МСАК ұйымдарында эндокринолог дәрігер "Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21820 болып тіркелген) мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ орта және жоғары білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік ұйымдардың оқушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізеді.
22. МСАК ұйымдарындағы эндокринолог дәрігері созылмалы аурулармен ауыратын адамдарға медициналық көмекті "Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚРДСМ-149/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21513 болып тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық № ҚРДСМ-149/2020) бақылау кезеңділігі мен мерзімдері, диагностикалық зерттеулердің қысқалығы мен міндетті минимумына сәйкес көрсетеді.
23. МСАК мамандары эндокриндік аурулары бар пациенттерді консультациялық-диагностикалық қорытындыны алғаннан кейін эндокринолог дәрігердің ұсынымдарына және № ҚРДСМ-149/2020 бұйрыққа сәйкес динамикалық байқауды жүзеге асырады.
24. "Диабеттік табан кабинетінің" негізгі функциялары:
1) қант диабетімен ауыратын пациенттерде аяқтың нейропатиялық және ишемиялық зақымдануын ерте диагностикалау және емдеу;
2) әртүрлі деңгейдегі аяқ-қол ампутациясынан өткен қант диабетімен ауыратын пациенттерді диспансерлік бақылау және есепке алу;
3) жеке түсіру таңғыштарын дайындау және диабеттік остеоартропатиясы бар пациенттерді қадағалап қарау;
4) пациенттер мен олардың туыстарын аяққа және созылмалы жараларға күтім жасау қағидаларына, табанның жағдайын өзін-өзі бақылау әдістемесіне үйрету;
5) зақымданудың ауыр нысандары бар пациенттерді стационарлық жағдайларда емдеу үшін көп бейінді ұйымдарға, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМК) көрсететін ұйымдарға жіберу;
6) пациенттерді протездер және (немесе) жеке ортопедиялық аяқ киім дайындауға жіберу болып табылады.
25. Кабинетте консультациялық және емдік көмекті "Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21856 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрық) бекітілген "Ересектер, балалар эндокринологиясы", "Жалпы хирургия" мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін маман жүзеге асырады.
26. "Диабеттік ретинопатия кабинетінің" негізгі функциялары:
1) қант диабетімен ауыратын пациенттердің көз түбінің жай-күйін талдау;
2) тікелей офтальмоскопия;
3) лазерлік фотокоагуляция және көздің ішкі тор қабығының криокоагуляциясы;
4) диабеттік ретинопатияның айқын кезеңдері бар және офтальмологиялық хирургиялық араласудан өткен пациенттерді диспансерлік бақылау болып табылады.
27. Кабинетте консультациялық және емдік көмекті № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрықпен бекітілген "Ересектер, балалар офтальмологиясы" мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін маман жүзеге асырады.
28. Медициналық ұйымның эндокринолог дәрігері көрсетілімдер болған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы береді және ұзартады, ал еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айырылған кезде медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі – МӘС) жіберу үшін құжаттарды ресімдеуге "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген "Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды" № 31/у нысанына сәйкес (бұдан әрі – № 31/у нысаны) ұсынымдар береді.
2-параграф. Стационарды алмастыратын жағдайларда эндокринологиялық көмек көрсету тәртібі
29. Стационар алмастыратын жағдайларда медициналық көмекті тұрақты дәрігерлік бақылауды талап етпейтін МСАК медициналық ұйымдары "Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес көрсетеді.
30. Стационарды алмастыратын медициналық көмек қамтиды:
1) дәрігердің қарап-тексеруін, медициналық көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың консультацияларын;
2) КХ сәйкес диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық және патологиялық-анатомиялық қызметтер (операциялық және биопсиялық материалды гистологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер);
3) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, медициналық манипуляциялар мен хирургиялық операциялар жүргізу арқылы стационарды алмастыратын терапияға себеп болған негізгі ауруды емдеуді қамтиды.
31. Пациент күндізгі стационарға, үйдегі стационарға түскен кезде № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Стационарлық пациенттің медициналық картасы" № 001/е нысанына сәйкес есепке алу медициналық құжаттамасы толтырылады.
32. Стационарды алмастыратын жағдайда емделіп жатқан пациенттер медицина қызметкерінің күнделікті қарап-тексеруіне жатады.
33. Дәрігер күндізгі стационарда және үйдегі стационарда стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде пациентті қарап-тексереді, жүргізілетін диагностикалық зерттеулер мен емдеуді түзетеді, көрсетілімдер болған жағдайда денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға және КХ сәйкес, бейінді мамандардың қосымша зертханалық, аспаптық зерттеулері мен консультацияларын тағайындайды.
34. Күндізгі стационарда жағдайы нашарлаған кезде пациент орналасқан денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкерлері шұғыл медициналық көмек көрсетеді және медициналық көрсетілімдер болған кезде пациент жедел медициналық жәрдем бригадасының алып жүруімен емдеуді жалғастыру үшін тәулік бойы стационарға жіберіледі.
35. Жай-күйі жақсарған кезде және стационарды алмастыратын көмекті қажет етпейтін терапияны жалғастыру қажеттілігі кезінде пациент бекітілген жері бойынша МСАК маманының бақылауымен одан әрі амбулаториялық емдеуге жіберіледі.
36. Күндізгі стационардан шығару кезінде пациентке № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген "Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме" № 001-1/е нысаны (бұдан әрі – № 001-1/е нысаны) бойынша медициналық құжат беріледі, онда қорытынды клиникалық диагноз, жүргізілген диагностикалық зерттеулердің, емдеу іс-шараларының көлемі, одан әрі бақылау және емдеу жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.
3-параграф. Стационарлық жағдайларда эндокринологиялық көмек көрсету тәртібі
37. Пациентте стационарлық емдеу үшін көрсетілімдер болған кезде медициналық көмек "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-290/2020 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21844 болып тіркелген).
38. Мамандандырылған, оның ішінде ЖТМК "Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығына сәйкес көрсетіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21746 болып тіркелген).
39. Мамандандырылған медициналық көмек алу үшін эндокриндік жүйе ауруларымен ауыратын пациенттердің жолдамасы "Емдеуге жатқызу бюросы" порталы арқылы жүзеге асырылады.
40. Эндокриндік жүйе ауруларымен ауыратын пациенттерге стационарлық көмек көрсету аудандық, қалалық, облыстық ауруханалардың, республикалық орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттарының эндокринологиялық бөлімшелерінде (немесе терапия бөлімшелері құрамындағы эндокринологиялық төсектерде) көрсетіледі.
41. Өмірге қауіп төнген жағдайда эндокриндік жүйе ауруларымен ауыратын пациент жедел түрде қабылдау бөлімшесінде қабылданбастан бірден, қарқынды терапия палатасына (бөлімшесіне) немесе реанимациялық бөлімшеге жатқызылады.
42. Эндокринологиялық бөлімшенің құрылымында қарқынды терапия палатасы ұйымдастырылады (бөлімшенің 10 пациентіне шаққанда 1 төсек есебінен).
43. Клиникалық диагноз пациент стационарға түскен күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей белгіленеді.
Диагностикалық тұрғыдан күрделі жағдайларды қоспағанда, бұл ретте медициналық картада диагнозды кешіктірудің себебі көрсетіледі және қосымша диагностикалық зерттеулер мен мамандардың консультациялары тағайындалады.
Клиникалық диагноз қойылған күні медициналық картада тиісті жазба жасалады.
44. Диагнозды верификациялау, жүргізілетін емнің тиімсіздігі қиындаған кезде диагнозды белгілеу, емдеу тактикасын және аурудың болжамын анықтау мақсатында пациентті қосымша зерттеп-қарау тағайындалады.
45. Шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету үшін медициналық көрсетілімдер болған кезде пациенттерді медициналық ұйымға шұғыл емдеуге жатқызу "Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №КР ДСМ-225/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21713 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
46. Стационарлық жағдайда ем аяқталғаннан кейін пациентке № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 001-1/е нысаны бойынша стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмесі беріледі.
4-параграф. Қант диабетімен ауыратын пациенттерге медициналық көмек көрсету тәртібі
47. Плазма глюкозасының немесе аш қарынға қан сарысуының деңгейі 5,6 ммоль/л-6,9 ммоль/л анықталған кезде, МСАК дәрігері пациентке ауыз арқылы қолданылған глюкозаға төзімділік тесттін (бұдан әрі – АҚГТ) жүргізуге жібереді.
Плазма глюкозасы 7,8-11,0 ммоль/л кезінде АҚГТ жүргізгеннен кейін пациент гликозилденген гемоглобинді анықтауға жіберіледі. Гликозилденген гемоглобин 5,6 - 6,4% деңгейінде болған кезде МСАК дәрігері пациентті эндокринолог дәрігерге консультацияға жібереді.
48. Қан сарысуында немесе аш қарынға қан плазмасында глюкоза деңгейі 7 ммоль/л және одан жоғары, гликозилденген гемоглобин деңгейі 6,5% және одан жоғары болып анықталған кезде, МСАК дәрігері пациентті эндокринолог дәрігердің консультациясына жібереді.
49. "Преддиабет" және "Қант диабеті" диагнозын эндокринолог дәрігер қояды, ол КХ сәйкес емдеуді тағайындайды, пациенттің деректерін МАЖ-ға енгізеді және пациентте асқынуларды ерте анықтау үшін "диабеттік ретинопатия кабинетіне", "диабеттік табан кабинетіне" және "қант диабеті мектебі кабинетіне" оқуға жібереді.
50. Эндокринолог дәрігер пациентті консультацияға жіберген МСАК дәрігеріне № 052/е нысанына консультациялық-диагностикалық қорытынды ұсынады, онда жүргізілген зерттеп-қарау және емдеудің нәтижелері, сондай-ақ пациентті одан әрі емдеу бойынша ұсынымдар көрсетіледі.
51. МСАК дәрігері бақылау мерзімдерінің жиілігімен, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігімен 2 типті қант диабеті бар пациентті (бұдан әрі – 2 типті ҚД) одан әрі бақылауды жүзеге асырады.
52. 2 типті ҚД асқынулары мен декомпенсациясы дамыған жағдайда МСАК эндокринолог дәрігері жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдама береді, еңбекке уақытша қабілетсіздік туралы парақты ұзартады.
53. 2 типті ҚД ауыратын пациенттер үшін қантты төмендететін терапия өзгерген кезде:
1) қарқынды инсулин терапиясына (базис-болюс терапиясы) ауыз арқылы қолданылатын қантты төмендететін құралдардан (бұдан әрі – АҚҚТҚ) тәулігіне кемінде 4 тестжолағы мөлшерінде тест жолақтары бар глюкометр және шприц-қаламға арналған 4 ине беріледі;
2) АҚҚТҚ инсулин қоспаларын қосқан кезде күніне кемінде 2 тест жолағы мөлшерінде тест жолақтары бар глюкометр + аптасына 1 гликемиялық профиль (тәулігіне кемінде 4 рет) және тәулігіне шприц-қаламға 2 ине беріледі;
3) АҚҚТҚ базистік инсулин қосылған кезде кемінде 1 тест жолағы мөлшерінде тест жолақтары бар глюкометр + аптасына 1 гликемиялық профилі (тәулігіне кемінде 4 рет) және тәулігіне шприц-қаламға 1 ине беріледі;
54. 1 типті ҚД ауыратын пациенттер үшін күніне кемінде 4 тест жолағы мөлшерінде тест жолағы бар глюкометр беріледі.
55. 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларда 1-ші типті ҚД инсулин инфузиясымен мен инсулинді тұрақты тері асты помпасы (бұдан әрі – ИТТИ) пайдаланылады.
1) ИТТИ үшін пациенттерді іріктеу облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарының (бұдан әрі – Денсаулық сақтау басқармасы) өңірлік штаттан тыс эндокринолог, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері құрамында комиссия жүзеге асырады;
2) инсулин помпасымен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету: жылына 120 дана резервуар, жылына 120 дана инфузиялық жүйе ТМККК шеңберінде бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылады;
3) ИТТИ терапиясын бақылауды жүзеге асыратын маманды оқыту МСАК медициналық ұйымның бас дәрігерінің құзыретіне кіреді,
4) инсулин помпаларын есепке алу Денсаулық сақтау басқармасы жүзеге асырады;
5) орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде, сондай-ақ жоғары оқу орындарынан кейінгі ұйымдарда 18 жастан асқан білім алушыларын оқу кезінде инсулин помпаларымен (резервуар, инфузия жасау) шығыс материалдармен МӘМС қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі;
6) 1-типті ҚД алғаш анықталған және 1-ші типті есепте тұратын 18 жастағы және жасы одан жоғары жүкті әйелдердің жүктілігі және босануы кезінде инсулин помпаларымен (резервуар, инфузия жасау) қажетті материал) және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету МӘМС қаражаты есебінен жүргізіледі.
5-тарау. Эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің штаты
56. Эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің штаттары осы Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес штаттық нормативтермен белгіленеді.
6-тарау. Эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық бұйымдармен жарақтандыру
57. Эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықтармен жарақтандыру осы Стандартқа 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша |
МСАК деңгейінде эндокринологиялық көмек көрсетудің штаттық нормативтері
Р/с № | Лауазымдар атауы | Лауазымдар саны (штат бірлігі) |
1. | Эндокринолог дәрігер (1 пациентке шаққанда 30 минут есебінен) | 50 000 халыққа 1,0 |
2. | Хирург дәрігер диабеттік табан кабинеті | 1,0 |
3. | Офтальмолог дәрігер диабеттік ретинопатия кабинетіне | 1,0 |
4. | Диабет мектебінің нұсқаушысы* | 2,0 |
5. | Эндокринолог кабинетінің мейіргері | 2,0 |
*- диабет мектебінің нұсқаушысы – "Эндокринолог (ересектер, балалар)", "Педиатрия", "Жалпы медицина, "Мейіргер ісі мамандықтары бойынша жоғары білімі бар, тиісті мамандық бойынша маман сертификаты бар, сондай-ақ "Жалпы практика дәрігерінің жұмысындағы диабетология мәселелері" немесе "Диабетологияның өзекті мәселелері тақырыбы бойынша 120 сағаттан кем емес көлемде біліктілікті арттыру және "Қант диабеті мектебінің нұсқаушысы" тренингі 120 сағаттан кем емес көлемде қант диабеті мектебінде жұмыс істеу үшін сертификат берілген медициналық қызметкер.
Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша |
Эндокринология бөлімшесінің штаттық нормативтері
Р/с № | Лауазымдар атауы | Лауазымдар саны (штат бірлігі) |
1. | Эндокринолог дәрігер | 16 төсекке шаққанда 1, 0 |
2. | Бөлімше меңгерушісі-эндокринолог дәрігер | 30 төсекке шаққанда 1,0 |
3. | Диабет мектебінің нұсқаушысы* | 1,0 |
4. | Мейіргер (палаталық) | 16 төсекке шаққанда 4,75 (тәулік бойы жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін) |
5. | Емшара мейіргері | 16 төсекке шаққанда 1,0 |
6. | Аға мейіргер | Бөлімшеге 1,0 |
7. | Пациентті күтетін кіші мейіргер | 16 төсекке шаққанда 4,75 (тәулік бойы жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін) |
8. | Санитар | Бөлімшеге 3,0 |
9. | Шаруашылық бикесі | 1,0 |
Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 3-қосымша |
"Диабет мектебі кабинетін" медициналық бұйымдармен жарақтандыру тізбесі
Р/с № | Жабдықтың атауы | Талап етілетін саны, өлшем бірлігі |
1 | Инсулин препараттары мен енгізу құралдарының үлгілері | 1 |
2 | Глюкометр | 2 |
3 | Таразы (1 г аралықпен өнімдерді өлшеу үшін) | 1 |
4 | Науқастарды өлшеуге арналған еден таразылары | 1 |
5 | Муляж өнімдерінің жиынтығы | 1 |
6 | Құрылымдық оқыту бағдарламаларының жиынтығы | 1 |
7 | Гликемияны анықтауға арналған сынақ жолақтары | 5 дана / 1 пациент/ күніне |
8 | Зәрдегі кетон денелерін анықтауға арналған сынақ жолақтары | жылына 50 данадан 5 қаптама |
9 | Саусақтан қан алуға арналған ланцеттер | жылына 100 данадан 100 қаптама |
Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 4-қосымша |
"Диабеттік табан кабинетін" медициналық бұйымдармен жарақтандыру тізбесі
Р/с № | Жабдықтың атауы | Талап етілетін саны, өлшем бірлігі |
1 | Медициналық тұтас есікті шкаф | 2 |
2 | Аспаптық үстел | 3 |
3 | Бактерицидті шам | 1 |
4 | Шағын бикстер | 3 |
5 |
Медициналық құралдар жинағы: |
20 |
6 | Медициналық кушетка | 1 |
7 | Негатоскоп | 1 |
8 | 128 Гц градуирленген камертон | 1 |
9 | Монофиламент 10 г | 1 |
10 | Неврологиялық балға | 1 |
11 | Ультрадыбыстық доплер талдауышы | 1 |
12 | Құрал-саймандарға арналған құрғақ шкаф | 1 |
13 | Гиперкератозды жоюға арналған кәсіби скалер | 1 |
14 | Скалер кескіш жинағы | талап бойынша |
15 | Кескіштерге арналған шарикті стерилизатор | 1 |
16 | Тырнақ шпательдері | 4 |
17 | Кескіштер | 4 |
18 | Үлкейткіш шам | 1 |
19 | Подиатриялық орындық | 1 |
20 | Электрокардиограф | 1 |
Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 5-қосымша |
"Диабеттік ретинопатия кабинетін" медициналық бұйымдармен жарақтандыру тізбесі
Р/с № | Жабдықтың атауы | Талап етілетін саны, өлшем бірлігі (дана) |
1 | Медициналық тұтас есікті шкаф | 2 |
2 | Аспаптық үстел | 3 |
3 | Медициналық кушетка | 1 |
4 | Байланыссыз тонометр | 1 |
5 | Сынақ көзілдірік шыны жинағы | 1 |
6 | Экзоофтальмометр | 1 |
7 | Белгілер проекторы | 1 |
8 | Саңылауы бар шам | 1 |
9 | Автокераторефрактометр | 1 |
10 | Автоматты компьютерлік периметр | 1 |
11 | Тікелей офтальмоскоп | 1 |
12 | Фундус-камера | 1 |
13 | Көздің ішкі торының лазерлік коагуляцияға арналған көп толқынды лазері | 1 |
14 | Көздің ішкі торының лазерлік коагуляция линзалары | 2 |
15 | Тест-жолақтар жиынтығымен глюкометр | 1 |
Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 6-қосымша |
Эндокринологиялық орталықты медициналық бұйымдармен жарақтандыру тізбесі
Р/с № | Жабдықтың атауы | Талап етілетін саны, өлшем бірлігі (дана) |
1. | Гликемияны тәуліктік бақылау жүйесі | 5 |
2. | Күшті және психотроптық құралдар, құжаттама сақтауға арналған сейф | 1 |
3. | Инфузомат | 5 |
4. | Жүктемесі 300 кг дейін жұмыс үстелі бар рентгендік остеоденситометр | 2 |
5. | Эксперттік сыныптағы ультрадыбыстық диагностикалық жүйе | 2 |
6. | Портативті ультрадыбыстық сканер | 1 |
7. | 12 арналы электрокардиограф | 5 |
8. | Иондық селективті блогы бар автоматты биохимиялық анализатор | 2 |
9. | Автоматты гликирленген гемоглобин анализаторы | 2 |
10. | Көп компонентті зәр анализаторы | 1 |
11. | Автоматты электролит және қан газының анализаторы | 2 |
12. | Автоматты гематологиялық анализатор | 2 |
13. | Автоматты иммунохимиялық анализатор | 2 |
14. | Қанның ұю факторларын анықтау жүйесі, автоматты | 1 |
15. | Осмометр | 1 |
16. | Иммуноферментті талдауға арналған жабдықтар жиынтығы | 2 |
17. | Бинокулярлық микроскоп иммерсиямен және кіріктірілген жарықтандырғышпен | 2 |
18. | Зертханалық центрифуга | 2 |
19. | Зертханалық тоңазытқыш центрифуга | 2 |
20. | Сорғыш шкаф | 2 |
21. | Сынамаларды сақтауға арналған тоңазытқыш шкаф | 2 |
22. | Сынамаларды сақтауға арналған мұздатқыш шкаф | 2 |
23. | Реактивтерді сақтауға арналған тоңазытқыш шкаф | 4 |
24. | Ионсыздандырылған су алуға арналған аппарат | 1 |
25. | ПТР диагностикасына арналған жабдықтар жиынтығы | 1 |
26. | Автоматтандырылған секвенатор | 1 |