Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 4 желтоқсанда № 35440 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
Е. Нурлыбаев

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
м.а.
2024 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 102 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № ҚР ДСМ-34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысының 15-тармағының 219) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 219) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымдарда құрылатын дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі–ДКК) қызметін регламенттейді.";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 260 бұйрығы) сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасының мәселесі бойынша ережелерді және тіршілік-тынысының шектелуі критерийлерін дәрігерлердің зерделеуін қамтамасыз етеді;";

      16-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) № 260 бұйрығына сәйкес пациенттерді МӘС-ке жіберу және МӘС-ке жіберу мерзімдерін айқындау мәселелері бойынша, оның ішінде емделуде инновациялық медициналық технологиялар қолданылған адамдарды МӘС-ке жіберу мәселелері бойынша шешім қабылдау;".

      2. "Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30187 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

      17-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес мүгедектікті анықтау мен белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жіберуді;";

      65-тармағы алынып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31970 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

      19-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақтар және қажет болған жағдайда арнайы құрылған жағдайлар жасай отырып, жұмысқа орналастыру туралы ұсынымдар беру, "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) сәйкес еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айырылу белгілері, туа біткен даму ақаулары бар адамдарды медициналық-әлеуметтік сараптама комиссияларына жіберу;";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Тісжегінің көптеген асқынулары бар төрт жасқа дейінгі балаларды санитариялық тазарту, сондай-ақ медициналық көрсетілімдері бойынша функционалдық және орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдануы, психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (белгіленген мүгедектік) және басқа ағзалар мен жүйелердің зақымдануы (белгіленген мүгедектік), асқыну және ауырсыну қаупі бар, "анестезиология және реаниматология" кіші түрі бойынша медициналық қызметке лицензияға қосымшасы және "Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32409 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 78 бұйрық) сәйкес реанимациялық іс-шараларға арналған шарттары бар стоматологиялық ұйымдарда жалпы анестезиямен немесе седациямен жүргізіледі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Функционалды ересектердің медициналық көрсетілімдері бойынша Санация орталық жүйке жүйесінің және басқа органдардың органикалық зақымдануы асқынулардың даму қаупі бар жүйелерді (мүгедектігі белгіленген адамдар) № 78 бұйрыққа сәйкес "анестезиология және реаниматология" кіші түрі бойынша медициналық қызметке лицензиясы бар стоматологиялық ұйымдарда және реанимациялық іс-шараларға арналған жағдайлар жалпы анестезиямен немесе седациямен жүргізеді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Өмірге қауіп төнген жағдайлармен асқынған стоматологиялық аурулары бар балалар мен ересектерге шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде стоматологиялық немесе жақсүйек-бет көмегін көрсететін, өз құрылымында анестезиология-реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі бар және № 78 бұйрыққа сәйкес тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді қамтамасыз ететін медициналық ұйымдарға жедел медициналық жәрдем бригадасы пациенттерді жеткізеді.".

      4. "Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32160 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

      25-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) "Мейіргерлік күтім көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ-199/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21674 болып тіркелген) сәйкес мейіргерлік күтім көрсету;";

      28-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ-25 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27182 болып тіркелген) және "Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 123, Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 271 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 190 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33002 болып тіркелген) сәйкес балада проблемаларды және тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілерінің болуын анықтау;";

      132-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "132. Зертханалық, аспаптық зерттеулердің нәтижелері болған кезде МСАК маманының көрсетілімдері мен жолдамасы бойынша пациенттерге, бейінді мамандардың консультациялары (ұсынымдары) "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) (бұдан әрі–106 бұйрық) сәйкес ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде күндізгі стационар және үйдегі стационар жағдайларында медициналық көмек көрсетіледі.";

      170-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "МСАК дәрігері пациенттің үйіне белсенді түрде барады, емдеуді тағайындайды, көрсетілімдер болған кезде амбулаториялық жағдайда зертханалық және аспаптық зерттеулерге немесе күндізгі стационарда емдеуге жібереді немесе № 106 бұйрыққа сәйкес пациенттің жағдайы мен диагнозына байланысты үйдегі стационар жағдайын ұйымдастырады.".

      5. "Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 53 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында эндокринологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды" № 031/у нысанына сәйкес (бұдан әрі – № 031/у нысаны) медициналық ұйымның эндокринолог дәрігері көрсетілімдер болған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтаманы береді және ұзартады, ал еңбекке қабілеттілігінен тұрақты айырылған кезде медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі – МӘС) жіберу үшін құжаттарды ресімдеуге ұсынымдар береді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Стационар алмастыратын жағдайларда медициналық көмекті тұрақты дәрігерлік бақылауды талап етпейтін МСАК медициналық ұйымдары "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) сәйкес көрсетеді.".

      6. "Қазақстан Республикасында балаларға хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 15 мамырдағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32524 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында балаларға хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Хирургиялық аурулары бар балаларға стационарды алмастыратын жағдайларда балалар хирургиялық көмегі "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".

      7. "Қазақстан Республикасы оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32782 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында оториноларингологиялық және сурдологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартында:

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. ЛОР-ағзаларының аурулары бар пациенттерге және есту қабілеті бұзылған пациенттерге стационарды алмастыратын көмек "Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады