"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 маусымда № 32650 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № ҚР ДСМ-59/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 20809 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбеде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының аумағында медициналық қызметті жүзеге асыру үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) Тізбенің 8-тармағында белгіленген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтінішті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы "www.egov.kz", "www.elicense.kz" (бұдан әрі –портал) жібереді.";

      8, 9, 10-тармақтарын мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" веб – порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының (құжат иесінің) келісімі болған кезде, іске асырылған интеграция (бұдан әрі – сервис) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде мәліметтерді алады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттар туралы;

      2) көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;

      3) медициналық қызметке лицензияның бар/жоғы туралы;

      4) меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын ("электрондық үкімет" шлюзінде (бұдан әрі – ЭҮШ) мәліметтер болған жағдайда) куәландыратын;

      5) ЭҮТШ арқылы не екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген лицензиялық алым сомасын (оның ішінде қайта ресімдеу не лицензияның (оған қосымшаның) телнұсқасын алу жағдайлары үшін) төлеу туралы;

      6) жылжымайтын мүлік объектісінің тіркелгені туралы;

      7) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жоғары медициналық білімінің бар/жоғы туралы;

      8) 2015 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі медициналық білімінің бар/жоғы туралы;

      9) білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгерткен үміткерлер үшін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру немесе неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы;

      10) мәлімделген мамандық бойынша қолданыстағы маман сертификатының бар/жоғы туралы;

      11) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат туралы (ЭҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда) мәлімет алады;

      12) медициналық қызметті жүзеге асыру жоспарланған үй (бұдан әрі -өндірістік база) – жайға (ғимаратқа) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы (ЭҮШ болған жағдайда).

      Қызметті беруші Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған деректерге сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша медициналық немесе фармацевтикалық қызметке тыйым салу немесе тыйым салынбау туралы (сервисте болған жағдайда).

      9. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың және портал арқылы түскен цифрлық құжаттар сервисінен мәліметтердің толықтығын көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексереді.

      Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) береді.

      10. Егер құжаттар Тізбенің 8-тармағына сәйкес толық көлемде ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші:

      1) портал арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – келісуші орган) медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруді келісу туралы сұрау салу жібереді;

      2) ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес тәртіп бойынша тыңдау жүргізеді;

      3) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес медициналық қызметті жүзеге асыруға алғаш өтінім берілген өндірістік базада рұқсат беру бақылауын (лицензия берілгенге дейін) жүргізеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Рұқсаттық бақылау барысында (өндірістік базаға барған кезде) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына, оның ішінде Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтер бойынша сәйкестігін тексереді.";

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Медициналық қызметке лицензия беру" қағидаларының осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Ғиният

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      2023 жылғы " " _________

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2023 жылғы 30 мамырдағы
№ 91 бұйрығына
қосымша
  "Медициналық қызметке
лицензия беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"www. egov. kz", "www. elіcense.kz" "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 13 (он үш) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
қағаз нысанда берілген лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Қызмет көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

медициналық қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, медициналық қызметке лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі, мынадай лицензиялық алым алынады:
1) лицензияны беру үшін – 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 10 %-ы, бірақ 4 АЕК-дан аспайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін - лицензияны беру кезіндегі ставканың 100 %-ы.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар және мәліметтер тізбесі:
1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін:
осы қағиданың 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін), 3-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы Тізбенің 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттардың бар/жоғын растайтын мәліметтер нысаны;
жоғары немесе орта медициналық білім туралы диплом (2015 жылға дейін оқуды бітірген көрсетілетін қызметті алушылар үшін);
"Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларын, Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына сәйкес қайта даярлаудан өткені туралы куәлік оқу нәтижелерін тану, қосымша және бейресми білім беру арқылы алған (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген);
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес мәлімделген қызметтің кіші түрлеріне сәйкес қызметкердің еңбек қызметін (ЭҮШ-да қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда); меншік құқығын немесе жалға алу шартын немесе жылжымайтын мүлікті (несиені) өтеусіз пайдалану немесе мүлікті сенімгерлік басқару шартын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын (ЭҮШ-да мәліметтер болған жағдайда)куәландыратын растайтын құжат;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде;
осы Тізбенің 2-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) және 3-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш;
ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшірмелері.
Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын қағаз жеткізгіште берілген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.
3) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаныңтелнұсқасын алу үшін:
осы Тізбенің 4-қосымшаға (жеке тұлғалар үшін) және 5-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) сәйкес нысан бойынша өтініш;

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғаның филиалының осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға сондай-ақ рұқсаттық бақылау нәтижелері бойынша теріс қорытынды алды;
5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салады;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің медициналық көмек көрсету мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
2. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің интернет-ресурсында көрсетілген kmfk@ dsm. gov. kz.
4. Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, Зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.
5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8-800- 080-7777.


О внесении изменений и дополнения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № ҚР ДСМ-59/2020 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача лицензии на медицинскую деятельность"

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 мая 2023 года № 91. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июня 2023 года № 32650

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № ҚР ДСМ-59/2020 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Выдача лицензии на медицинскую деятельность" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20809) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания государственной услуги "Выдача лицензии на медицинскую деятельность" (далее – Правила):

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающий характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги изложены в Перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Выдача лицензии на медицинскую деятельность" согласно приложению 1 к настоящим Правилам (далее – Перечень).";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Для осуществления медицинской деятельности на территории Республики Казахстан физические или юридические лица (далее – услугополучатель), направляют через веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz, www.elicense.kz (далее – портал) в территориальные департаменты Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан (далее – услугодатель) заявления по формам согласно приложениям 2 или 3 к настоящим Правилам с приложением документов, установленных в пункте 8 Перечня и удостоверенных электронной цифровой подписью.";

      пункты 8, 9, 10 изложить в следующей редакции:

      "8. Услугодатель из сервиса цифровых документов через реализованную интеграцию (далее – сервис) при условии согласия услугополучателя (владельца документа), предоставленного посредством зарегистрированного на веб-портале "электронного правительства" абонентского номера сотовой связи пользователя путем передачи одноразового пароля или путем отправления короткого текстового сообщения в качестве ответа на уведомление веб-портала "электронного правительства", получает сведения:

      1) о документах, удостоверяющих личность;

      2) о государственной регистрации (перерегистрации) услугополучателя в качестве юридического лица либо индивидуального предпринимателя;

      3) о наличии лицензии на медицинскую деятельность и лицензии (приложения к лицензии на соответствующий объект) на использование приборов и установок, генерирующих ионизирующее излучение (при необходимости);

      4) удостоверяющие право собственности или договора аренды, или договора безвозмездного пользования недвижимым имуществом (ссуды), или доверительного управления имуществом, или договора государственно-частного партнерства (в случае наличия сведений в шлюзе "электронного правительства" (далее – ШЭП));

      5) об оплате суммы лицензионного сбора (в том числе для случаев переоформления либо получения дубликата лицензии (приложения к ней)) оплаченной через ПШЭП, либо через банки второго уровня и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций;

      6) о регистрации объекта недвижимости;

      7) о наличии высшего медицинского образования, для услугополучателей, окончивших обучение после 2015 года;

      8) о наличии среднего (технического и профессионального), послесреднего медицинского образования, для услугополучателей, окончивших обучение после 2015 года;

      9) о перемене имени, отчества (при его наличии), фамилии или о заключении брака (супружества) или о расторжении брака (супружества), для претендентов, изменивших имя, отчество (при его наличии), фамилию после получения документов об образовании;

      10) о наличии действующего сертификата специалиста по заявляемой специальности;

      11) о документе, подтверждающем трудовую деятельность работника, согласно заявляемым подвидам деятельности в соответствии со статьей 35 Трудового кодекса Республики Казахстан (в случае наличия в ШЭП сведений о профилях работников и учета трудовых договоров);

      12) о наличии санитарно-эпидемиологического заключения на помещение (здание) в котором планируется осуществлять медицинскую деятельность (далее – производственная база) (в случае наличия в ШЭП).

      Услугодатель из информационного сервиса Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан о наличии либо отсутствии запрета на осуществление медицинской и (или) фармацевтической деятельности по заявляемой специальности или специализации (при наличии сведений в сервисе).

      9. Полнота представленных документов, указанных в пункте 8 Перечня и сведений из сервиса, поступивших через портал, проверяется услугодателем в течение 2 (двух) рабочих дней с момента регистрации документов.

      При установлении факта неполноты представленных документов согласно пункту 8 Перечня, и (или) документов с истекшим сроком действия услугодатель в указанные сроки дает письменный мотивированный отказ (в произвольной форме) в дальнейшем рассмотрении заявления, заверенный электронной цифровой подписью уполномоченного лица услугодателя.

      10. При, предоставлении документов в полном объеме согласно пункту 8 Перечня, услугодатель:

      1) направляет посредством портала в территориальное подразделение государственного органа в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения (далее – согласующий орган) запрос о согласовании выдачи лицензии и (или) приложения к лицензии на медицинскую деятельность;

      2) проводит заслушивание по порядку согласно статье 73 АППК;

      3) проводит разрешительный контроль (до выдачи лицензии) на производственной базе впервые заявляемой на осуществление медицинской деятельности по порядку согласно статье 51 Закона Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях".";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. В ходе разрешительного контроля (во время посещения производственной базы) услугодателем проверяется соответствие услугополчателя квалификационным требованиям, в том числе по представленным документам и сведениям, согласно пункту 8 Перечня.";

      дополнить пунктом 21-1 следующего содержания:

      "21-1. Комитет медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан, в течение трех рабочих дней с даты внесения изменения и (или) дополнения в настоящие Правила, актуализирует информацию о порядке ее оказания и направляет информацию услугодателю, оператору информационно-коммуникационной инфраструктуры "электронного правительства" и в Единый контакт-центр";

      приложение 1 к Правилам оказания государственной услуги "Выдача лицензии на медицинскую деятельность", утвержденным указанным приказом изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Ғиният

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
"__"________ 2023 года

  Приложение к приказу
Министр здравоохранения
Республики Казахстан
от 30 мая 2023 года № 91
  Приложение 1
к Правилам оказания
государственной услуги
Выдача лицензии
на медицинскую деятельность"

Перечень основных требований к оказанию государственной услуги
"Выдача лицензии на медицинскую деятельность"

1

Наименование услугодателя

Территориальные департаменты Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан

2

Способы предоставления государственной услуги

веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz, www. elicense.kz (далее-Портал)

3

Срок оказания государственной услуги

при выдаче лицензии и (или) приложения к лицензии – 13 (тринадцать) рабочих дней;
при переоформлении лицензии и (или) приложения к лицензии – 3 (три) рабочих дня;
при выдаче дубликата лицензии и (или) приложения к лицензии в случае утери или порчи, выданных в бумажной форме – 2 (два) рабочих дня.

4

Форма оказания

электронная (частично автоматизированная)

5

Результат оказания государственной услуги

лицензия и (или) приложение к лицензии, переоформление лицензии и (или) приложения к лицензии, дубликат лицензии и (или) приложения к лицензии на медицинскую деятельность, либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги

6

Размер оплаты взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

Государственная услуга оказывается платно, взимается следующий лицензионный сбор:
1) за выдачу лицензии – 10 месячных расчетных показателей (далее – МРП);
2) за переоформление лицензии – 10 % от ставки при выдаче лицензии, но не более 4 МРП;
3) за выдачу дубликата лицензии – 100 % от ставки при выдаче лицензии.

7

График работы услугодателя и объектов информации

1) услугодатель – с понедельника по пятницу с 9.00 до 18.30 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов, кроме выходных и праздничных дней;
2) портал – круглосуточно, за исключением технических перерывов, связанных с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучателя для оказания государственной услуги

Перечень документов и сведений, необходимых для оказания государственной услуги:
1) для получения лицензии и приложения к лицензии:
заявление по форме согласно приложению 2 (для физических лиц) и приложению 3 (для юридических лиц) к настоящим Правилам;
форма сведений, подтверждающая наличие сведений и документов в соответствии с квалификационными требованиями, предъявляемыми при лицензировании медицинской деятельности, согласно приложению 1 к настоящему Перечню;
диплом о высшем или среднем медицинском образовании (для услугополучателей, окончивших обучение до 2015 года);
удостоверение о прохождении переподготовки или свидетельства о прохождении повышения квалификации в соответствии с приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 21 декабря 2020 года № ҚР ДСМ-303/2020 "Об утверждении правил дополнительного и неформального образования специалистов в области здравоохранения, квалификационных требований к организациям, реализующим образовательные программы дополнительного и неформального образования в области здравоохранения, а также правил признания результатов обучения, полученных специалистами в области здравоохранения через дополнительное и неформальное образование" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21847);
документ, подтверждающий трудовую деятельность работника, согласно заявляемым подвидам деятельности в соответствии со статьей 35 Трудового кодекса Республики Казахстан, в случае отсутствия сведений о профилях работников и учета трудовых договоров в информационной системе шлюз "электронного правительства" (далее – ШЭП);
документы, удостоверяющие право собственности или договора аренды, или договора безвозмездного пользования недвижимым имуществом (ссуды), или доверительного управления имуществом, или договора государственно-частного партнерства, в случае отсутствия сведений в ШЭП;
2) при переоформлении лицензии и (или) приложения к лицензии;
заявление по форме согласно приложению 2 (для физических лиц) и приложению 3 (для юридических лиц) к настоящему Перечню;
копии документов, содержащих информацию об изменениях, послуживших основанием для переоформления лицензии и (или) приложения к лицензии, за исключением документов, информация из которых содержится в государственных информационных системах.
Услугополучатель при получении переоформленной лицензии возвращает услугодателю ранее выданную на бумажном носителе лицензию и (или) приложение к лицензии.
3) для получения дубликата лицензии и (или) приложения к лицензии:
заявление по форме согласно приложению 4 (для физических лиц) и приложению 5 (для юридических лиц) к настоящему Перечню;

9

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) занятие видом деятельности запрещено законами Республики Казахстан для данной категории физических или юридических лиц, филиала иностранного юридического лица;
2) не внесен лицензионный сбор;
3) услугополучатель не соответствует квалификационным требованиям;
4) лицензиаром получен отрицательный ответ от соответствующего согласующего государственного органа на запрос о согласовании, который требуется для оказания государственной услуги, а также отрицательное заключение по результатам разрешительного контроля;
5) судом на основании представления судебного исполнителя временно запрещено выдавать заявителю-должнику лицензию;
6) установлена недостоверность документов, представленных услугополучателем для получения лицензии, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;
7) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение суда, на основании которого он лишен специального права, связанного с получением государственной услуги.

10

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной форме и через Государственную корпорацию

1. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, а также единого контакт-центра.
2. Услугополучатель получает государственную услугу в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.
3. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги указаны на интернет-ресурсе Комитета медицинского и фармацевтического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан kmfk@dsm.gov.kz.
4. Для лиц с ограниченными физическими возможностями наличие пандуса, кнопки вызова, тактильной дорожки для слепых и слабовидящих, зала ожидания, стойки с образцами документов.
5. Номера телефонов единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг – 1414, 8-800-080-7777.