Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіректеріне орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 129/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 маусымда № 32660 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 15.07.2024 № 423/НҚ (22.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіректеріне орналастыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 15.07.2024 № 423/НҚ (22.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 129/НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіректеріне орналастыру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 15.07.2024 № 423/НҚ (22.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерге орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1-тармағының 19-21) тармақшасына сәйкес әзірленді және телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерге орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың күші телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерге орналастыратын байланыс операторларына қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      2) бірлесіп пайдалану тіреуіштер – телекоммуникация құралдарын және (немесе) өзге де инженерлік инфрақұрылым объектілерін, ақпараттық мақсаттағы құрылғыларды бір мезгілде орналастыруға арналған байланыс құрылысжайлары;

      3) ғимарат – табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;

      4) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) – электр магниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, беруге, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғы, жабдық, жүйелер және бағдарламалық құралдар.

      4. Байланыс операторлары телекоммуникация құралдарын қолданыстағы құрылыстарда, сондай-ақ қолданыстағы құрылысты бірлесіп пайдалану тіреуіштерге ауыстыру арқылы орнатады.

2-тарау. Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерді орналастыру тәртібі

      5. Байланыс операторлары телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіректеріне орналастыру үшін құрылыстың меншік иесіне жазбаша өтінішпен жүгінеді.

      Құрылыстың меншік иесі осындай өтініш келіп түскеннен кейін жазбаша жауап жіберуге құқылы.

      6. Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіректеріне орналастыруға келіскен кезде құрылыстың меншік иесі шарт талаптары мен техникалық талаптарды ұсынады.

      7. Телекоммуникация құралдарын орналастырудан бас тартқан кезде, құрылыстың меншік иесі техникалық мүмкіндігі болған кезде телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерді орналастыру үшін балама ұсыныс ұсынуға құқылы.

      8. Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерді орналастырудың техникалық талаптары мен талаптары, оның ішінде бірлесіп пайдалану, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының талаптары шартта көзделеді.

      9. Телекоммуникация құралдарын бірлесіп пайдалану тіреуіштерді жерге орналастыру кезінде байланыс операторы және (немесе) мердігер жергілікті жердің техникалық параметрлерін, климаттық және табиғи жағдайларын, сондай-ақ құрылғыны жерге тұйықтауды және құрылыстарды найзағайдан қорғауды қоса алғанда, қауіпсіздік техникасы жөніндегі талаптарды ескереді.

      Байланыс операторлары шарт негізінде Қазақстан Республикасы "Байланыс туралы" Заңының 29-бабының 4-3-тармағына сәйкес инженерлік инфрақұрылым объектілерін, бірлесіп пайдалану тіреуіштерін, өзге де телекоммуникация құралдары мен байланыс желілерін бірлесіп пайдалана алады.

      10. Электр беру желілерін, радиостанцияларды және электромагниттік энергия шығаратын басқа да объектілерді салу және реконструкциялау кезінде телекоммуникация құралдарына теріс әсер ескеріледі және "Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін қорғау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 281 бұйрығында көзделген талаптар сақталады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10483 тіркелген).

      11. Әуе желілерінің тіректерінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін (бұдан әрі – ТОБЖ – ӘЖ) бірлесіп ілу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген, Электр қондырғыларын орнату қағидаларына 5-қосымшада көзделген ТОБЖ-ӘЖ жалпы техникалық сипаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 тіркелген).

Об утверждении Правил размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 мая 2023 года № 129/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июня 2023 года № 32660.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 15.07.2024 № 423/НҚ (вводится в действие с 22.07.2024).

      В соответствии с подпунктом 19-21) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О связи" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 15.07.2024 № 423/НҚ (вводится в действие с 22.07.2024).

      2. Комитету телекоммуникаций Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Б. Мусин

      СОГЛАСОВАН
Агентство по защите и
развитию конкуренции
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Министерство индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Министерство национальной
экономики Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министра цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности
Республики Казахстан
от 31 мая 2023 года № 129/НҚ

Правила размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования

      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 15.07.2024 № 423/НҚ (вводится в действие с 22.07.2024).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 19-21) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан "О связи" (далее – Закон) и определяют порядок размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования.

      2. Действие настоящих Правил распространяется на операторов связи, размещающие средства телекоммуникаций на опорах совместного использования.

      3. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах:

      1) оператор связи – физическое или юридическое лицо, зарегистрированное на территории Республики Казахстан, оказывающее услуги связи и (или) эксплуатирующее сети связи;

      2) опоры совместного использования – сооружение связи, предназначенное для одновременного размещения средств телекоммуникаций и (или) иных объектов инженерной инфраструктуры, устройств информационного назначения;

      3) сооружение - искусственно созданный объемный, плоскостной или линейный объект (наземный, надводный и (или) подземный, подводный), имеющий естественные или искусственные пространственные границы и предназначенный для выполнения производственных процессов, размещения и хранения материальных ценностей или временного пребывания (перемещения) людей, грузов, а также размещения (прокладки, проводки) оборудования или коммуникаций. Сооружение также может иметь художественно-эстетическое, декоративно-прикладное либо мемориальное назначение;

      4) средства телекоммуникаций (средства связи) - технические устройства, оборудование, системы и программные средства, позволяющие формировать, передавать, принимать, хранить, обрабатывать, коммутировать электромагнитные или оптические сигналы или управлять ими.

      4. Операторы связи размещают средства телекоммуникаций на действующих сооружениях, а также путем замены действующих сооружения на опоры совместного использования.

Глава 2. Порядок размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования

      5. Операторы связи для размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования обращаются с письменным заявлением к собственнику сооружения.

      Собственник сооружения после поступления такого заявления вправе направить письменный ответ.

      6. При согласии на размещение средств телекоммуникаций на опорах совместного использования, собственник сооружения предоставляет условия договора и технические требования.

      7. При отказе в размещении средств телекоммуникаций, собственник сооружения при наличии технической возможности вправе предложить альтернативное предложение для размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования.

      8. Технические требования и условия размещения средств телекоммуникаций на опорах совместного использования, в том числе условия совместной эксплуатации, ремонтно-восстановительных работ, предусматриваются договором.

      9. При размещении средств телекоммуникаций на опорах совместного использования оператором связи и (или) подрядчиком учитываются технические параметры, климатические и природные условия местности, а также требования по технике безопасности, включая заземление устройства и молниезащите сооружений.

      Операторы связи на основании договора могут совместно использовать объекты инженерной инфраструктуры, опоры совместного использования, иные средства телекоммуникаций и сети связи в соответствии с пунктом 4-3 статьи 29 Закона Республики Казахстан "О связи".

      10. При строительстве и реконструкции линий электропередач, радиостанций и объектов, излучающих электромагнитную энергию, учитывается негативное воздействие на средства телекоммуникаций и соблюдаются требования, предусмотренные приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 декабря 2014 года № 281 "Об утверждении Правил охраны сетей телекоммуникаций в Республике Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10483).

      11. Совместная подвеска волоконно-оптических линий связи на опорах воздушных линиях (далее – ВОЛС-ВЛ) осуществляется согласно общим техническим характеристикам ВОЛС-ВЛ, предусмотренным в приложении 5 к Правилам устройства электроустановок, утвержденным приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 230 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10851).