Телекоммуникация құралдарын қосарланған мақсаттағы тіреуіштерге орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 129/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 маусымда № 32660 болып тіркелді

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Телекоммуникация құралдарын қосарланған мақсаттағы тіреуіштерге орналастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 129/НҚ Бұйрықпен
бекітілген

Телекоммуникация құралдарын қосарланған мақсаттағы тіреуіштерге орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Телекоммуникация құралдарын қосарланған мақсаттағы тіреуіштерге орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1-тармағының 19-21) тармақшасына сәйкес әзірленді және телекоммуникация құралдарын қосарланған мақсаттағы тіреуіштерге орналастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың күші телекоммуникация құралдарын қосарланған мақсаттағы тіреуіштерге орналастыратын байланыс операторларына қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      2) қосарланған мақсаттағы тіреуіштер (бұдан әрі – ҚМТ) – телекоммуникация құралдарын және (немесе) өзге де инженерлік инфрақұрылым объектілерін, ақпараттық мақсаттағы құрылғыларды бір мезгілде орналастыруға арналған байланыс құрылысжайлары;

      3) ғимарат – табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;

      4) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) – электр магниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, беруге, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғы, жабдық, жүйелер және бағдарламалық құралдар.

      4. Байланыс операторлары телекоммуникация құралдарын қолданыстағы құрылыстарда, сондай-ақ қолданыстағы құрылысты ҚМТ-ға ауыстыру арқылы орнатады.

2-тарау. Телекоммуникация құралдарын қосарланған мақсатты тіреуіштерге орналастыру тәртібі

      5. Телекоммуникация құралдарын ҚМТ-ны орналастыру үшін байланыс операторына және (немесе) мердігерлерге құрылыстың меншік иесіне жазбаша өтінішпен жүгінеді.

      Құрылыстың меншік иесі осындай өтініш келіп түскеннен кейін жазбаша жауап жіберуге құқылы.

      6. Телекоммуникация құралдарын ҚМТ-ны орналастыруға келіскен кезде құрылыстың меншік иесі шарт талаптары мен техникалық талаптарды ұсынады.

      Қажет болған жағдайда, байланыс операторы және (немесе) мердігерлер шартта көзделген талаптар бойынша құрылысты өз қаражаты есебінен реконструкциялауды жүргізеді.

      7. Телекоммуникация құралдарын орналастырудан бас тартқан кезде, құрылыстың меншік иесі техникалық мүмкіндігі болған кезде телекоммуникация құралдарын ҚМТ-ны орналастыру үшін балама ұсыныс ұсынуға құқылы.

      8. Телекоммуникация құралдарын ҚМТ-ны орналастырудың техникалық талаптары мен талаптары, оның ішінде бірлесіп пайдалану, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының талаптары шартта көзделеді.

      9. Телекоммуникация құралдарын ҚМТ жерге орналастыру кезінде байланыс операторы және (немесе) мердігер жергілікті жердің техникалық параметрлерін, климаттық және табиғи жағдайларын, сондай-ақ құрылғыны жерге тұйықтауды және құрылыстарды найзағайдан қорғауды қоса алғанда, қауіпсіздік техникасы жөніндегі талаптарды ескереді.

      10. Электр беру желілерін, радиостанцияларды және электромагниттік энергия шығаратын басқа да объектілерді салу және реконструкциялау кезінде телекоммуникация құралдарына теріс әсер ескеріледі және "Қазақстан Республикасында телекоммуникация желілерін қорғау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 281 бұйрығында көзделген талаптар сақталады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10483 тіркелген).

      11. Әуе желілерінің тіректерінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін (бұдан әрі – ТОБЖ – ӘЖ) бірлесіп ілу Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген, Электр қондырғыларын орнату қағидаларына 5-қосымшада көзделген ТОБЖ-ӘЖ жалпы техникалық сипаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады