"Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шiлдедегi № 298 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 171 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 маусымда № 32666 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шiлдедегi № 298 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17257 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кәсіпшілік күш-жігер нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 171 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 12 шілдедегі
№ 298 бұйрығына
қосымша

Балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі кәсіпшілік күш жігер нормативтері

Су айдындары

Саны*

қойылмалы аулардың

жылымдардың (үйінді және/немесе қойылмалы)

қабадалар

балықшылар

кемелер

қайықтар

Жайық өзені **

-

32

-

320

32

96

Қиғаш өзені **

-

28

-

280

28

84

Каспий теңізі Маңғыстау облысы шегінде

9504

61

609

821

61

411

Жайсан көлі

2778

42

-

817

42

283

Бұқтырма су қоймасы

2925

11

-

528

11

231

Шүлбі су қоймасы

848

10

-

182

-

71

Өскемен су қоймасы

146

-

-

22

-

11

Шардара су қоймасы

892

22

-

266

22

89

Кіші Арал теңізі

4500

10

-

960

10

460

Сырдария өзені

80

4

-

64

4

24

Алакөл көлі

450

5

-

115

5

50

Сасықкөл көлі

580

5

-

141

5

63

Кошқаркөл көлі

90

1

-

23

1

10

Балқаш көлі

3600

54

-

684

108

180

Қапшағай су қоймасы

бір балықшыға
15

бір учаскеге
10

-

1 шақырым учаскенің ұзындығына
***
2

бір учаскеге
10

1 шақырым учаскенің ұзындығына***
2

      Ескертпелер: * - Қапшағай су қоимасын есепке алмағанда, балық аулауға рұқсат пайдаланушыға осы балық шаруашылығы су айдынына бекітілген кәсіпшілік күш-жігер нормативіне және оған бөлінген квота үлесіне (бөлінген квотаның осы су айдынында және (немесе) учаскесінде кәсіпшілік балық аулауға арналған жалпы лимитке қатынасы) қарай беріледі.

      Әрбір пайдаланушы үшін кәсіптік күш-жігер нормативін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Nкн = Nбекіт x Квота / Лимит,

      мұндағы Nкн - балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне арналған кәсіпшілік күш нормативі (балықшылардың, аулардың, жылымдардың, қайықтардың, кемелердің саны) (бірлік.);

      Нбекіт - су айдынындағы кәсіпшілік күш-жігердің бекітілген нормативі (бірлік);

      Квота - ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін пайдаланушыға бөлінген квота (тонна).

      Лимит - ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін кәсіпшілік балық аулауға бекітілген лимит (тонна).

      ** - Жайық және Қиғаш өзендерінің ұйықтық учаскелеріне кәсіпшілік күш-жігердің нормативтері жалпы бекітілген нормативтерді ұйықтық учаскелер санына бөлу жолымен белгіленеді (бөлінген квота үлесін есепке алмағанда).

      *** – балық шаруашылығы учаскесінің паспортына сәйкес жаға бойынша учаскенің ұзындығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады