"Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 16 маусымда № 32821 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22439 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну Қағидаларында:

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Тауар биржасы ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 7 (жетінші) күнінен кешіктірмей электрондық пошта арқылы монополияға қарсы органға мынадай есептерді ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша есеп;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесі бойынша есеп.".

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің Төрағасы
М. Омаров

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 5 "Об утверждении Правил представления товарной биржей отчетов антимонопольному органу"

Приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 14 июня 2023 года № 5. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 июня 2023 года № 32821.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 5 "Об утверждении Правил представления товарной биржей отчетов антимонопольному органу" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 22439) следующие изменения:

      в Правилах представления товарной биржей отчетов антимонопольному органу, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 исключить;

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Товарная биржа ежемесячно не позднее 7 (седьмого) числа месяца, следующего за отчетным периодом посредством электронной почты представляет антимонопольному органу следующие отчеты:

      1) отчет по проведенным биржевым торгам по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) отчет по актуальному перечню аккредитованных членов товарной биржи по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.".

      2. Департаменту правового регулирования конкуренции Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
по защите и развитию конкуренции
Республики Казахстан
М. Омаров