Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 наурызда № 22439 болып тіркелді.

      "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 3) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 23.05.2022 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Биржалық бақылау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға С. Жумангарин

  Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі Төрағасының
2021-жылғы 31 наурыздағы
№ 5 бұйрығымен
бекітілген

Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 20.02.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-3-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1) тармақша 01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 20.02.2025 № 1 бұйрығымен.

      2) биржалық дилер (бұдан әрі – дилер) – тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және биржалық тауармен өз мүдделері үшін және өз есебінен мәмілелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;

      3) биржалық мәмілелер – биржада айналымға жіберілген мүлік нысанасы болып табылатын және Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына және биржа саудасы қағидаларына сәйкес ол жүргізетін сауда-саттыққа қатысушылармен жасалатын мәмілелер;

      4) ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4) тармақша 01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 20.02.2025 № 1 бұйрығымен.

      5) маркет-мейкер – баға белгілеулерді қою және мерзімді келісімшарттарды сатып алу және сату жөніндегі міндеттемелерді қабылдау арқылы биржалық нарықтың өтімділігін қалыптастыратын және қолдайтын заңды тұлға.

2-тарау. Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну тәртібі

      3. Тауар биржасы ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жалпыға бірдей қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы монополияға қарсы органға есеп жібереді.

      4. Өткізілген биржадағы сауда-саттық бойынша есеп осы Қағидаларға қосымша сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      5. Өткізілген биржадағы сауда-саттық бойынша есепті толтыру бойынша түсініктеме Өткізілген биржадағы сауда-саттық бойынша есеп нысанына қосымшада көзделген.

  Тауар биржасының монополияға
қарсы органға есептерді ұсыну
қағидаларына
қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

      Ұсынылады: монополияға қарсы органға.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/zk?lang=kk.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Өткізілген биржадағы сауда-саттықтар бойынша есеп.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- (ӨБС).

      Кезеңділік: айлық.

      Есепті кезең: 20__ жылғы __ ай.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: тауар биржалары.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей.

БСН:



      Жинау әдісі: Қазақстан Республикасының Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы электрондық түрде ұсынылады.

Р/с №

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауар түрлері бойынша

Биржалық мәміле

Биржалық тауар

Өткізу күні, уақыты

Мәміле нөмірі

Атауы

Тауар саны

Лоттың мөлшері

Лоттың өлшем бірлігі

Бірлікүшін базалық баға

Бірлік үшін мәміле бағасы

Бірлік бағасының өсуі немесе төмендеуі %

Мәміле сомасы

Лоттар саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















Жасалған мәмілелердің жалпы көлемі, теңге










      кестеннің жалғасы

Биржа саудасына қатысушы

Сатып алушы

Сатушы

Сатып алушының және (немесе) дилердің атауы

Брокердің атауы

Маркет-мейкер атауы

Сатушының және (немесе) дилердің атауы

Брокердің атауы

Маркет-мейкер атауы

15

16

17

18

19

20













      Тауар биржасының атауы мен мекенжайы: __________________________

      Телефоны: __________________________

      Электрондық пошта: ____________________________

      Орындаушы: _____________________________________________________

      (Ақпаратты жасауға жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Басшы немесе оны алмастыратын адам:

      __________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Жасалған күні:

      "__"________ 20__ жыл

  Өткізілген биржадағы
сауда-саттық
бойынша есеп нысанына
қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Өткізілген биржадағы сауда-саттық бойынша есеп

      (индекс – 1-(ӨБС), мерзімділігі: ай сайын)

      1. Осы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме тауар биржаларының өткізілген биржадағы сауда-саттық бойынша есебін жасауға және ұсынуға арналған.

      2. Нысанды ақпаратты құрастыруға жауапты қызметкер толтырады және бірінші басшының, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын тұлғаның қолымен ұсынылады.

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауар коды көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында тауарлардың түрлері бойынша мәліметтер көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-5-бағандарында биржалық мәміленің уақыты мен нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі.

      7. Нысанның 6-14-бағандарында тауардың атауы, саны, лоттың мөлшері, лоттың өлшем бірлігі, бірлік үшін базалық баға, бірлік үшін мәміле бағасы, пайыздық қатынаста тауар бірлігі бағасының өсуі немесе төмендеуі, мәміле сомасы, лоттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

      8. Нысанның 15-20-бағандарында биржадағы сауда-саттыққа қатысушы туралы мәліметтер көрсетіледі: сатып алушы (сатып алушының және (немесе) дилердің атауы, брокердің атауы, маркет-мейкер атауы), сатушы (сатушының және (немесе) дилердің атауы), брокердің атауы, маркет-мейкер атауы).

      9. "Жасалған мәмілелердің жалпы көлемі, теңге" деген жолда жасалған мәмілелердің жалпы көлемі туралы мәліметтер теңгемен көрсетіледі.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады