БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22439 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну Қағидаларында:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Тауар биржасы ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 7 (жетінші) күнінен кешіктірмей электрондық пошта арқылы монополияға қарсы органға мынадай есептерді ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткізілген биржалық сауда-саттықтар бойынша есеп;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар биржасының аккредиттелген мүшелерінің өзекті тізбесі бойынша есеп.".
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы |
М. Омаров |