Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 255-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32932 болып тіркелді.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Сауда және интеграция министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрілігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Сауда
және интеграция министрі
2023 жылғы 29 маусымдағы
№ 255-НҚ Бұйрығымен
бекітілген/

Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеуінің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеуінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын (бұдан әрі – Ақпарат орталығы) құру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      2. Ақпарат орталығы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және метрология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылады.

      3. Ақпарат орталығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, "Өсімдіктер карантині туралы", "Өсімдіктерді қорғау туралы", "Ветеринария туралы", "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы", "Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы", "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Қағидаларды басшылыққа алады.

      4. Ақпарат орталығы консультациялық қызметтер көрсету және мүдделі тараптар мен шет мемлекеттерге құжаттардың және:

      1) ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шаралардың қолданыстағы немесе әзірленетін техникалық регламенттері, стандарттау жөніндегі құжаттар, оларға өзгерістер, өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері;

      2) стандарттау саласындағы, техникалық реттеу, аккредиттеу, ветеринария және фитосанитария саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы екіжақты және көпжақты сипаттағы халықаралық шарттарға және халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасының мүшелігі немесе қатысуы;

      3) әзірленіп жатқан және қабылданған техникалық регламенттердің, стандарттау, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шаралар жобалары жөніндегі құжаттардың және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдерін немесе олар туралы мәліметтерді жариялау көздері туралы ақпараттың көшірмелерін беру мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) Хатшылығымен, ДСҰ мүшелерімен, стандарттау жөніндегі халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау үшін құрылады.

      5. Қазақстан Республикасының ДСҰ-дағы міндеттемелеріне байланысты мәселелер бойынша ДСҰ хатшылығымен және ДСҰ мүшелерімен өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес ДСҰ мәселелері жөніндегі Ақпарат орталығы арқылы жүзеге асырылады.

      6. Ақпарат орталығының негізгі міндеттері:

      1) саудадағы техникалық кедергілер (бұдан әрі – СТК) және ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық (бұдан әрі – ВСФ) шаралар бойынша заңды және жеке тұлғалармен ақпарат алмасудың жедел жүйесін құру;

      2) СТК саласында және ВСФ шараларын қолдану бойынша ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

      7. Ақпарат орталығы қызметінің негізгі түрлері:

      1) ДСҰ Хатшылығын, ДСҰ-ға мүше елдерді, Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттерді, халықаралық ұйымдарды және басқа да мүдделі тараптарды:

      қабылданған (бекітілген) және қолданысқа енгізілген техникалық регламенттер, ВСФ шаралары, стандарттау жөніндегі құжаттар, оларға енгізілетін өзгерістер және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдер, оларды әзірлеу процестеріне байланысты хабарламалар;

      техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ ВСФ талаптарды, оның ішінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесінде бұзу фактілері;

      міндетті талаптарды, оның ішінде техникалық регламенттердің талаптарын бұзу салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына, мүлкіне, қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі мен саулығына зиян мен нұқсан келтіру (осы нұқсанның ауырлығын ескере отырып) фактілері;

      техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ ВСФ талаптарын бұзуды жою үшін қабылданған шаралар;

      халықаралық ұйымдардан және үшінші елдерден алынған, адамның өмірі мен денсаулығына, мүлкіне, қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі мен саулығына қауіп төндіретін өнім;

      қолданыстағы бақылау және инспекциялау рәсімдері, өндіріс пен карантин қағидалары, пестицидтер мен тағамдық қоспалардың рұқсат етілетін деңгейін мақұлдау рәсімдері;

      қауіптерді, бұл ретте, ескерілетін факторларды бағалау, сондай-ақ ветеринариялық немесе фитосанитариялық қорғаудың тиісті деңгейін айқындау рәсімдері;

      карантиндік, фитосанитариялық, эпидемиологиялық және эпизоотиялық ахуалдың және уақытша енгізілетін шаралардың нашарлауы;

      анықталған және таралған карантиндік объектілер (карантиндік зиянды ағзалар);

      халық арасында инфекциялық және жаппай инфекциялық емес аурулардың (уланудың) анықталуы;

      адамның өміріне, денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына қауіптілігі анықталған өнім;

      бірыңғай санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін бақылаудағы тауарлардың ықтимал келіп түсуі;

      техникалық реттеу, ВСФ шаралар бойынша жұмыстарды үйлестіретін ұлттық органдар;

      аккредиттеу жөніндегі орган;

      сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар және сынақ зертханалары (орталықтар);

      техникалық реттеу, ВСФ шаралар саласындағы мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары;

      сәйкестікті бағалау туралы құжаттар;

      техникалық реттеу, ВСФ шаралар саласындағы халықаралық құқықтық құжаттар;

      өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін растау үшін ерікті негізде қолданылуы мүмкін өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар, сондай-ақ ұлттық (мемлекеттік) стандарттар;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03/127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7590 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды алып қоймай-ақ, мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және өңдеу жүргiзiлетiн жануарлар ауруларының тiзбесi;

      "Еуразиялық экономикалық одақта ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Еуразиялық экономикалық одақ Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың тізбесі;

      "Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген) Өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі;

      "Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 4-4/103 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11255 болып тіркелген) карантинге жатқызылған өнімнің тізбесі туралы ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету;

      2) ДСҰ-ға мүше елдердің, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, СТК және ВСФ шаралар бойынша басқа да халықаралық ұйымдардың ақпарат орталықтарымен ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

      3) СТК және ВСФ шаралар жөніндегі ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін дерекқорлар мен ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және қалыптастыру болып табылады;

      4) Орталықтың құзыреті шеңберінде сыртқы нарықтарға шығуды кеңейту мақсатында орта шикізаттық емес кәсіпорындарды қолдауға бағытталған экспорттық акселерация бағдарламасын іске асыру.

2-тарау. Ақпарат орталығының жұмыс істеу тәртібі

      8. Ақпарат орталығы ДСҰ Хатшылығынан, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден және басқа да халықаралық ұйымдардан хабарламалардың келіп түсуіне қарай оларды Ақпарат орталығының интернет-ресурсында хабарламалар нысанында қазақ және орыс тілдерінде орналастыруды жүзеге асырады.

      9. Ақпарат орталығы осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес хабарламаларды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды шет тілінен қазақ және орыс тілдеріне аударуды жүзеге асырады, сондай-ақ СТК және ВСФ шаралары бойынша алынған хабарламаларға мониторинг жүргізеді.

      10. Ақпарат орталығы заңды және жеке тұлғалардың сұрау салуы бойынша оларды 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қолданыстағы немесе әзірленетін техникалық регламенттер, ВСФ шаралар, стандарттау жөніндегі құжаттар, оларға өзгерістер және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері туралы мемлекеттік органдардың (әзірлеушілердің) ақпаратымен (түсіндірулерімен) өтеусіз негізде қамтамасыз етеді.

      11. Ақпарат орталығы ақпаратты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ДСҰ Хатшылығына, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге және басқа да халықаралық ұйымдарға, егер Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік органдардың (әзірлеушілердің) Қазақстан Республикасында әзірленетін техникалық регламенттерге, ВСФ шараларға, стандарттау жөніндегі құжаттарға, оларға өзгерістер мен өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдеріне ақпаратын (түсіндірмесін) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады.

      12. Мемлекеттік органдар СТК және ВСФ шараларының қабылдануы немесе басталуына қарай осы Қағидалардың 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты Ақпарат орталығына электрондық түрде 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдайды.

      13. Ақпарат орталығы ақпаратты алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде СТК және ВСФ шаралар саласындағы әзірленіп жатқан нормативтік құжаттар туралы хабарламаларды ағылшын тілінде жасайды және сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға жолдайды.

Об утверждении Правил создания и функционирования Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 29 июня 2023 года № 255-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 июня 2023 года № 32932.

      В соответствии с пунктом 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О техническом регулировании", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила создания и функционирования Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам.

      2. Комитету технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра торговли и интеграции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального публикования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
С. Жумангарин

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан


      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан


      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан


      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Заместитель Премьер-Министра
- Министр торговли и интеграции
Республики Казахстан
от 29 июня 2023 года № 255-НҚ

Правила
создания и функционирования Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила создания и функционирования Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О техническом регулировании" (далее – Закон) и определяют порядок создания и функционирования Информационного центра по техническим барьерам в торговле, санитарным и фитосанитарным мерам (далее – Информационный центр).

      2. Информационный центр является структурным подразделением республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахстанский институт стандартизации и метрологии" Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан и создается в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      3. Информационный центр в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", законами Республики Казахстан "О карантине растений", "О защите растений", "О ветеринарии", "О безопасности пищевой продукции", "О ратификации договора о Евразийском экономическом союзе", "О техническом регулировании", иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан и настоящими Правилами.

      4. Информационный центр создается для взаимодействия с Секретариатом Всемирной торговой организации (далее – ВТО), членами ВТО, международными и иностранными организациями по стандартизации с целью оказания консультационных услуг и предоставления заинтересованным сторонам и иностранным государствам копий документов и информации о (об):

      1) действующих или разрабатываемых технических регламентах ветеринарно-санитарных и фитосанитарных мерах, документах по стандартизации, изменениях к ним, процедурах подтверждения соответствия продукции, услуги;

      2) членстве или участии Республики Казахстан в международных организациях и международных договорах двустороннего и многостороннего характера в сфере стандартизации, в области технического регулирования, аккредитации, ветеринарии и фитосанитарии, в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения;

      3) источниках опубликования проектов, разрабатываемых и принятых технических регламентов, документов по стандартизации, ветеринарно-санитарных и фитосанитарных мер и процедур подтверждения соответствия продукции, услуги или сведениях о них.

      5. Взаимодействие с Секретариатом ВТО и членами ВТО по вопросам, связанным с обязательствами Республики Казахстан в ВТО, осуществляется через Информационный центр по вопросам ВТО в соответствии с законодательством Республики Казахстан о регулировании торговой деятельности.

      6. Основными задачами Информационного центра являются:

      1) создание оперативной системы обмена информацией по техническим барьерам в торговле (далее – ТБТ) и ветеринарно-санитарным и фитосанитарным мерам (далее – ВСФ) с юридическими и физическими лицами;

      2) информационное обеспечение в области ТБТ и по применению ВСФ мер.

      7. Основными видами деятельности Информационного центра являются:

      1) своевременное обеспечение Секретариата ВТО, стран-членов ВТО, государств-членов Евразийского экономического союза (далее – ЕАЭС), международных организаций и других заинтересованных сторон информацией о (об):

      уведомлениях, связанных с процессами разработки, принятых (утвержденных) и введенных в действие технических регламентах, ВСФ мерах, документах по стандартизации, изменениях к ним и процедурах подтверждения соответствия продукции, услуги;

      фактах нарушения требований технических регламентов, а также ВСФ требований, в том числе в результате осуществления государственного контроля;

      фактах причинения вреда и нанесения ущерба жизни и здоровью человека, имуществу, окружающей среде, жизни и здоровью животных и растений (с учетом тяжести этого вреда) вследствие нарушения обязательных требований, в том числе требований технических регламентов;

      мерах, принятых для устранения нарушения требований технических регламентов, а также ВСФ требований;

      продукции, представляющей опасность жизни и здоровью человека, имуществу, окружающей среде, жизни и здоровью животных и растений, полученной от международных организаций и третьих государств;

      действующих процедурах контроля и инспектирования, правилах производства и карантина, процедурах одобрения допустимого уровня пестицидов и пищевых добавок;

      процедурах оценки рисков, учитываемых при этом факторов, а также определения надлежащего уровня ветеринарной или фитосанитарной защиты;

      ухудшении карантинной, фитосанитарной, эпидемиологической и эпизоотической ситуации и вводимых временных мерах;

      обнаруженных и распространенных карантинных объектах (карантинных вредных организмах);

      обнаружении инфекционных и массовых неинфекционных болезней (отравлений) среди населения;

      выявленной продукции, опасной для жизни, здоровья человека и среды его обитания;

      возможных поступлениях подконтрольных товаров, не соответствующих единым санитарным требованиям;

      национальных органах, координирующих работы по техническому регулированию, ВСФ мерам;

      органе по аккредитации;

      аккредитованных органах по подтверждению соответствия и испытательных лабораториях (центрах);

      органах государственного контроля (надзора) в области технического регулирования, ВСФ мер;

      документах об оценке соответствия;

      международных правовых документах в области технического регулирования, ВСФ мер;

      региональных (межгосударственных) стандартах, а также национальных (государственных) стандартах, которые могут на добровольной основе применяться для подтверждения соответствия продукции требованиям технических регламентов;

      перечне болезней животных, при которых производятся обязательное обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, представляющих опасность для здоровья животных и человека, утвержденном приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 марта 2012 года № 18-03/127 (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7590);

      перечне товаров, подлежащих ветеринарному контролю (надзору), утвержденном Решением Комиссии ЕАЭС от 18 июня 2010 года № 317 "О применении ветеринарно-санитарных мер в Евразийском экономическом союзе";

      перечне карантинных объектов и чужеродных видов, по отношению к которым устанавливаются и осуществляются мероприятия по карантину растений, и особо опасных вредных организмов, утвержденном приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 4-4/282 "Об утверждении перечня карантинных объектов и чужеродных видов, по отношению к которым устанавливаются и осуществляются мероприятия по карантину растений, и перечня особо опасных вредных организмов" (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11739);

      перечне подкарантинной продукции, утвержденном приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 13 февраля 2015 года № 4-4/103 "Об утверждении перечня подкарантинной продукции" (зарегистрирован в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11255);

      2) обеспечение сотрудничества с информационными центрами стран-членов ВТО, государств-членов ЕАЭС и другими международными организациями по ТБТ и ВСФ мерам;

      3) сопровождение и формирование баз данных и информационных систем, обеспечивающих доступность информации по ТБТ и ВСФ мерам.

      4) реализация программы экспортной акселерации, направленной на поддержку средних несырьевых предприятий с целью расширения выхода н внешние рынки в рамках компетенции Центра.

Глава 2. Порядок функционирования Информационного центра

      8. Информационный центр по мере поступления уведомлений от Секретариата ВТО, государств-членов ЕАЭС и других международных организаций осуществляет их размещение на казахском и русском языках в форме уведомлений на своем интернет-ресурсе.

      9. После получения уведомлений согласно пункту 8 настоящих Правил Информационный центр в течение 1 (один) рабочего дня со дня получения информации осуществляет их перевод с иностранного языка на казахский и русский языки, а также проводит мониторинг полученных уведомлений по ТБТ и ВСФ мерам.

      10. Информационный центр по запросу юридических и физических лиц на безвозмездной основе обеспечивает их информацией (разъяснениями) государственных органов (разработчиков) о действующих или разрабатываемых технических регламентах, ВСФ мерах, документах по стандартизации, изменениях к ним и процедурах подтверждения соответствия продукции, услуги в порядке, установленном Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан.

      11. Информационный центр в течение 1 (один) рабочего дня со дня получения информации направляет Секретариату ВТО, государствам-членам ЕАЭС и другим международным организациям информацию (разъяснение) государственных органов (разработчиков) к разрабатываемым в Республике Казахстан техническим регламентам, ВСФ мерам, документам по стандартизации, изменениях к ним и процедурам подтверждения соответствия продукции, услуги в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан в области технического регулирования, если иное не установлено ратифицированными международными договорами Республики Казахстан.

      12. Государственные органы по мере принятия или наступления ТБТ и ВСФ мер в течение 1 (один) рабочего дня направляют информацию, указанную в подпункте 1) пункта 7 настоящих Правил, в электронном виде в Информационный центр.

      13. Информационный центр в течение 1 (один) рабочего дня со дня получения информации формирует уведомления на английском языке о разрабатываемых нормативных документах в области ТБТ и по ВСФ мерам и направляет в уполномоченный орган в области регулирования торговой деятельности.