Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 515 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32948 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министірлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 515 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10352 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Қаруды қолдануда қауіпсіздік қағидаларын білуін тексеру туралы анықтама

Азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушылардың азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне даярлау (қайта даярлау) бағдарламалардан өткені туралы анықтама

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 536 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18849 болып тіркелген) бекітілген нысаны бойынша азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушылардың азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне даярлау (қайта даярлау) бағдарламалардан өткені туралы анықтама, қару айналымын бақылау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымдар береді

      ";

      реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7

Қарудың немесе патрондардың тәжірибелік үлгілерін дайындау және сынау үшін меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық база, қоса алғанда:
мамандандырылған өндірістік ғимараттарды (үй-жайларды), жабдықтарды, стенділерді, сынақ өткізу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын;
қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасы;
бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөлшеіктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін және құрастыру цехтары (учаскелері);
өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін қару мен патрондардың әзірленген жиынтықтарын сақтауға арналған мамандандырылған үй-жайларды

Өндірістік-техникалық базасы, жабдықтар мен аппаратураға меншік немесе жалға алу құқығын растайтын бар болуын көрсететін құжаттары.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдегі № 602 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларының 120, 121 және 122-тармақтарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

Өтініш бергеннен кейін ішкі істер органының қызметкері объектіні, үй-жайларды тексеруді жүргізеді. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 313 бұйрық) ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес аяқталу нысаны – объектіні тексеру туралы акт толтырылады

      ";

      реттік нөмірі 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

Меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық база, қоса алғанда:
мамандандырылған өндірістік ғимараттарды, көлік құралдарын, жабдықты, стенділерді, сынақ өткізу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын;
қаруды және оның патрондарын жасау жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын;
бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (ұңғыларды, бекітпелерді, барабандарды, жақтауларды, ұңғы қораптарын) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін цехын (учаскесі);
бөлшектерді, құрастыру бірліктерін есепке алу және сақтау бойынша жағдайларды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын, өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған, техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін құрастыру цехын;
дайын қаруды және өрт-кузет дабылы құралдарымен жабдықталған сақтауға арналған мамандандырылған қоймалар;
өндіріс процесінде жарамсыз қарудың негізгі бөліктерін және оның патрондарын сақтауға арналған неке изоляторы.
Өндірістік базасының аумағына мындадай талаптар қойылады:
оқшаулануы, қоршаудың, тәуліктік қарулы күзеттің, техникалық нығайтылудың, өртке қарсы қауіпсіздіктің болуы, тұрғын және өндірістік объектілерден қолданыстағы нормативтерде көзделген қауіпсіз қашықтықта орналастыруы

Өндірістік-техникалық базасы, меншік немесе жалдау құқығын растайтын бар болуын көрсететін құжаттары.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


      ";

      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21

Техникалық нығайту талаптарына жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған меншік немесе жалға алу құқығындағы мамандандырылған шеберхана

Мамандандырылған шеберханаға меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


      ";

      реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

26

Техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясымен жабдықталған қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайлар

Қару мен оның патрондарын, аңшылық оқ-дәріні сақтауға, сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығын растайтын арнайы жабдықталған үй-жайлардың құжаттары.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


      ";

      реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

30

Қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және оларға бөтен адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайлардың бар болуы. Мұражай қарулары үшін – күзет сигнализациясымен жабдықталған, жеке, осы мақсаттарға арнайы арналған үй-жайлардағы кілтпен жабылатын витриналар, сейфтер немесе металл шкафтар

Күзет сигнализациясын орнату актісі.
Қаруды сақтаумен объектіні (үй-жайды) күзету шарты.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


      ";

      реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

32

Кілтпен жабылатын витриналар, сейфтері немесе металл шкафтары бар күзет сигнализациясымен жабдықталған жеке үй-жайлар

Құқық беретін құжаттар немесе жалға алу шарты.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері (заңды тұлғалар үшін)


      ";

      2. "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 6 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10353 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы";

      бұйрықтың 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар жеке тұлғада мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы айғақтардың (психикалық аурулар, маскүнемдік немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтамалар

Мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы айғақтардың (психикалық ауру, маскүнемдік немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтамалар

Мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты медициналық қарсы айғақтардың (психикалық аурулар, маскүнемдік немесе нашақорлық) жоқтығы туралы, аумақтық полиция органдарының қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

      ";

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін және есепке алынатын өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы қоймалар

Дайын пиротехникалық бұйымдарды сатуға арналған және оларды сақтауға арналған қоймалар меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


      ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Пиротехникалық бұйымдарды өндіруге, сақтауға және кәдеге жаратуға арналған және мыналарды:
белгіленген тәртіппен технологиялық операцияларды орындауға жіберілген технологиялық және қосалқы жабдықтарды;
өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, қатаң есепке алуды және болуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық бұйымдарды сақтауға арналған қойманы;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханалық базаны немесе пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сынақтан өткізу жөніндегі қызметтер көрсету жөніндегі аккредиттелген зертханалық базамен жасалған шартты;
пиротехникалық бұйымдарды бақылау сынағынан өткізуге арналған арнайы жабдықталған аумақты;
пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөлікті;
өртке қарсы қорғаныс құралдарын (өрт сигнализациясы мен өрт сөндіру), өртті сөндіру үшін қажетті өртке қарсы сумен жабдықтауды және арнайы құралдардың есептік қорын, өрт шыққан жағдайда персоналдың іс-қимылы жоспарын қамтитын және белгіленген талаптарға жауап беретін меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік-техникалық база

Өндірістік-техникалық базасы, тиісті жабдықтар мен аппаратураға меншік немесе жалга алу құқығын растайтын бар болуын көрсететін құжаттары.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


      ";

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және болуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық бұйымдарды сатуға арналған және оларды сақтауға арналған қоймалар меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайлар

Дайын пиротехникалық бұйымдарды сақтауға арналған үшін қоймалар меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


      ";

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және болуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайлар

Дайын пиротехникалық бұйымдарды сатуға үй-жайлардың арналған үшін меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


      ";

      реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

16

Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін пиротехникалық бұйымдарды сақтау үшін қойманы меншік немесе жалға алу құқығында:
есепке алынатын өнімнің (пиротехникалық бұйымдар дайын пиротехникалық өнімді өткізу үшін үй-жайда тиістілік нормаларынан артық сақталған жағдайда) сақталуын есепке алуды және оның бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді

Дайын пиротехникалық бұйымдарды сақтауға арналған үшін қоймалар және үй-жайлар сатуға үшін меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


      ";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымша алып тасталсын.

      3. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғалар жұмыскерлеріне қызметтік қару және оған патрондарды сақтауға және алып жүруге рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:

      1-қосымшада:

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

заң тұлғаларға қызметтік қару мен оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсаттар беру рұқсат беру үшін:
заңды тұлғаның мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің (бұдан әрі – негізгі талаптар Тізбесі) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша негізгі талаптар Тізбесінің 2-қосымшасына сәйкес толтырылған мәліметтер нысанымен электрондық түрдегі өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензяилық алымнын төленгенін растайтын құжаттың мәліметтері;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 3-қосымшасына сәйкес № 076/е нысаны бойынша қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқ екені туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесін;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 536 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18849 болып тіркелген) азаматтық және қызметтік қарудың иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламалары нысан бойынша қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруден өткені туралы анықтаманың электрондық көшірмесі, күзетшілерді даярлау (біліктілігін арттыру) жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары берген күзетші ретінде жұмыс істеу үшін даярлықтан өткенін растайтын куәліктің электрондық көшірмесі ұсынылады (жеке күзет ұйымдарының күзетшілері үшін);
қаруды қолдануға заңды тұлғалардың қызметкерлеріне бекітілген қарудың түрiн, үлгісін, моделін, жүйесiн, калибрін, нөмiрiн көрсете отырып, бұйрықтың электрондық көшірмесі;
қару мен оның патрондарын сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, қызметті жүзеге асыруға лицензиялар туралы, Ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келетін қызметтік қаруды сақтауға арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың меншік құқығын растайтын құжаттар туралы, азаматтық және қызметтік қаруды сақтауға, сақтауға және алып жүруге рұқсаттар туралы, қару саудасы жөніндегі мамандандырылған дүкендерде сатып алынған қару туралы мәліметтер, мемлекеттік бажды төлеу туралы ақпарат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкіметтің "шлюзі" арқылы алады

      ";

      4. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 21281 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 2-қосымшасында:

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13

Жеткізілетін қару мен оқ-дәрілердің нақты түрлері мен модельдерін және олардың санын көрсете отырып, қару мен (немесе) оның патрондарын жеткізуге немесе сатып алуға арналған шарттың (келісімшарт) (қаруды әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін) не қару мен оның патрондарын сатып алу-сату шартының (келісімшарт) (Қазақстан Республикасының аумағында қару саудасын жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін).
Келісім шартта немесе оған қосымшада (спецификацияда) жеткізілетін қару мен оқ-дәрілердің нақты түрлері мен үлгілерін және олардың санын көрсете отырып

Қару мен (немесе) оның патрондарын жеткізуге немесе сатып алуға арналған шарттың (келісімшарт) (қаруды әкелуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін) не қару мен оның патрондарын сатып алу-сату шартының (келісімшарт) (Қазақстан Республикасының аумағында қару саудасын жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін).
Келісім шартта немесе оған қосымшада (спецификацияда) жеткізілетін қару мен оқ-дәрілердің нақты түрлері мен модельдері және олардың саны көрсетіледі

Қару мен (немесе) оның патрондарын жеткізуге немесе сатып алуға арналған шарттың (келісімшарт) сауда жасауды заңдарда белгіленген тәртіппен азаматтық және қызметтік қарумен, оның патрондарымен лицензия алған ұйымдар жүзеге асырады

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-жолмен толықтырылсын:

      "

16

Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасына, құқығының болуы

Уәкілетті ішкі істер органы берген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасына лицензия (ұсынылмайды)

Ішкі істер органының қызметкері берген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасына лицензиясы бары туралы мәліметтерді ЕЛ МДБ АЖ арқылы алады

      ".

О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 июня 2023 года № 515. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 июня 2023 года № 32948

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 4.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень некоторых приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнение.

      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
М. Ахметжанов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 27 июня 2023 года № 515

Перечень некоторых приказов Министра внутренних дел Республики Казахстан, в которые вносятся изменения и дополнение

      1. В приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 января 2015 года № 5 "Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию гражданского и служебного оружия и патронов к нему" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10352) внести следующие изменения:

      в Квалификационных требованиях и перечне документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию гражданского и служебного оружия и патронов к нему, утвержденных указанным приказом:

      строку, порядковый номер 4, изложить в следующей редакции:

      "

4

Знания правил безопасного обращения с оружием

Справка о прохождении программы подготовки (переподготовки) владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия на знания правил безопасного обращения с гражданским и служебным оружием

Справка о прохождении программы подготовки (переподготовки) владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия на знания правил безопасного обращения с гражданским и служебным оружием, по форме утвержденной приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 июня 2019 года №536 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18849) выдается организациями, определяемыми уполномоченным органом в сфере контроля за оборотом оружия

      ";

      строку, порядковый номер 7, изложить в следующей редакции:

      "

7

Производственной технической базы на праве собственности или аренды для изготовления и испытания опытных образцов оружия или патронов, включающей:
специализированные производственные здания (помещения), оборудование, стенды, испытательную лабораторию, контрольно-измерительную аппаратуру;
согласованный и утвержденный в установленном порядке рабочий проект цеха по разработке оружия и патронов к нему;
механообрабатывающий и сборочный цех (участки) по изготовлению основных частей (стволов, затворов, барабанов, рамок, ствольных коробок), размещаемые в изолированных помещениях с обеспечением требований по учету и сохранности деталей, сборочных единиц;
специализированные помещения для хранения разработанных комплектов оружия и патронов, отвечающих требованиям по технической укрепленности оборудованных средствами пожарно-охранной сигнализации

Документы, подтверждающие право собственности или аренды на производственно-техническую базу, оборудования и аппаратуру.
Акты приемки в эксплуатацию данного объекта, систем и установок пожарной автоматики


      ";

      строку, порядковый номер 10, изложить в следующей редакции:

      "

10

Соответствие требованиям пунктов 120, 121 и 122 Правил оборота гражданского и служебного оружия и патронов к нему, утвержденных Приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июля 2019 года № 602 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18961) по порядку хранения, сохранности и учета оружия и патронов к нему

Документ не представляется

После подачи заявления сотрудником органа внутренних дел производится обследование объекта, помещения. Форма завершения – составляется акт о проверке объекта согласно приложению 20 к Инструкции по организации деятельности подразделений органов внутренних дел по контролю в сфере оборота гражданского и служебного оружия, утвержденной приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 марта 2016 года № 313 зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13694 (далее – Приказ № 313)

      ";

      строку, порядковый номер 14, изложить в следующей редакции:

      "

14

Производственной технической базы на праве собственности или аренды, включающей:
специализированные производственные здания, транспортные средства, оборудование, стенды, испытательную лабораторию, контрольно-измерительную аппаратуру;
согласованный и утвержденный в установленном порядке рабочий проект цехов по производству оружия и патронов к нему;
механообрабатывающий цех (участок) по изготовлению основных частей (стволов, затворов, барабанов, рамок, ствольных коробок), размещаемый в изолированных помещениях с обеспечением требований по учету и сохранности деталей, сборочных единиц;
сборочный цех, размещаемый в изолированных помещениях, оборудованных средствами пожарно-охранной сигнализации, отвечающих требованиям по технической укрепленности с обеспечением условий по учету и сохранности деталей, сборочных единиц;
специализированные склады для хранения готового оружия и оборудованных средствами пожарно-охранной сигнализации;
изолятор брака для хранения выбракованных в процессе производства основных частей оружия и патронов к нему.
К территории производственной базы предъявляются следующие требования:
изолированность, наличие ограждения, круглосуточной вооруженной охраны, технической укрепленной, противопожарной безопасности, расположение на предусмотренном действующими нормативами безопасном расстоянии от жилых и производственных объектов

Документы, подтверждающие право собственности или аренды на производственно техническую базу.
Акты приемки в эксплуатацию данного объекта, систем и установок пожарной автоматики


      ";

      строку, порядковый номер 21, изложить в следующей редакции:

      "

21

Специализированной мастерской на праве собственности или аренды, отвечающей требованиям по технической укрепленности и оборудованной средствами пожарно-охранной сигнализации

Документы, подтверждающие право собственности или аренды на специализированную мастерскую.
Акты приемки в эксплуатацию данного объекта, систем и установок пожарной автоматики


      ";

      строку, порядковый номер 26, изложить в следующей редакции:

      "

26

Специально оборудованных помещений на праве собственности или аренды для хранения, реализации оружия и патронов к нему, охотничьего пороха, отвечающих требованиям по технической укрепленности и оборудованных средствами пожарно-охранной сигнализации

Документы, подтверждающие право собственности или аренды на специально оборудованные помещения, для хранения, реализации оружия и патронов к нему, охотничьего пороха.
Акты приемки в эксплуатацию данного объекта, систем и установок пожарной автоматики


      ";

      строку, порядковый номер 30, изложить в следующей редакции:

      "

30

Условий, обеспечивающих сохранность оружия и патронов к нему, безопасность их хранения и исключающих доступ к ним посторонних лиц.
Для музейного оружия - в отдельных, специально предназначенных для этих целей помещениях, оборудованных охранной сигнализацией, в запирающихся на замок витринах, сейфах или металлических шкафах

Акт установки охранной сигнализации.
Договор на охрану объекта (помещения) с хранением оружия
Акты приемки в эксплуатацию данного объекта, систем и установок пожарной автоматики


      ";

      строку, порядковый номер 32, изложить в следующей редакции:

      "

32

Отдельных помещений, оборудованных охранной сигнализацией, с запирающимися на замок витринами, сейфами или металлическими шкафами

Правоустанавливающие документы или договор аренды.
Акты приемки в эксплуатацию данного объекта, систем и установок пожарной автоматики (для юридических лиц)


      ";

      2. В приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 января 2015 года № 6 "Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, торговле, использованию и приобретению гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10353) внести следующие изменения:

      заголовок приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, торговле, использованию гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением";

      пункт 1 приказа изложить в следующей редакции:

      "Утвердить прилагаемые Квалификационные требования и перечень документов, подтверждающие соответствие им, для деятельности по разработке, производству, торговле, использованию гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением";

      в Квалификационных требованиях и перечне документов, подтверждающие соответствие им, для осуществления деятельности по разработке, производству, торговле, использованию гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением, утвержденных указанным приказом:

      строку, порядковый номер 1, изложить в следующей редакции:

      "

1

Отсутствие противопоказаний, связанных с осуществлением заявляемой деятельности (психическое заболевание, алкоголизм или наркомания) у лиц, претендующего доступ к пиротехническим изделиям

Медицинские справки об отсутствии противопоказаний, связанных с осуществлением заявляемой деятельности (психическое заболевание, алкоголизм или наркомания)

Медицинские противопоказания, связанные с осуществлением заявляемой деятельности (психическое заболевание, алкоголизм или наркомания), сотрудник территориальных органов полиции получает из соответствующих государственных информационных систем

      ";

      строку, порядковый номер 3, изложить в следующей редакции:

      "

3

На праве собственности или аренды складов для хранения готовой пиротехнической продукции, соответствующих требованиям правил противопожарной безопасности и обеспечивающих сохранность, учет и возможность проверки наличия учитываемой продукции

Документы, подтверждающие право собственности или аренды на склад для хранения готовой пиротехнической продукции.
Акты приемки в эксплуатацию данного объекта, систем и установок пожарной автоматики


      ";

      строку, порядковый номер 8, изложить в следующей редакции:

      "

8

На праве собственности или аренды производственно-технической базы, предназначенные для производства, хранения и утилизации пиротехнических изделий и отвечающей установленным требованиям, включающей наличие:
технологического и вспомогательного оборудования, в установленном порядке допущенного к выполнению технологических операций;
склада для хранения готовой пиротехнической продукции, соответствующего требованиям правил противопожарной безопасности и обеспечивающего сохранность, учет и возможность проверки наличия учитываемой продукции;
аккредитованной лабораторной базы для проведения научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ, или договора с аккредитованной лабораторной базой на оказание услуг по проведению испытаний пиротехнических веществ и изделий;
специально оборудованной территории для проведения контрольных испытаний пиротехнических изделий;
специально оборудованного автотранспорта для перевозки пиротехнических изделий;
средств противопожарной защиты (пожарной сигнализации и пожаротушения), противопожарного водоснабжения, необходимых для ликвидации пожара и расчетного запаса специальных средств, плана действий персонала на случай пожара

Документы, подтверждающие право собственности или аренды на производственно-техническую базу, оборудования и аппаратуру.
Акты приемки в эксплуатацию данного объекта, систем и установок пожарной автоматики


      ";

      строку, порядковый номер 11, изложить в следующей редакции:

      "

11

На праве собственности или аренды специально оборудованных помещений для реализации и складов для хранения готовой пиротехнической продукции, соответствующих требованиям правил противопожарной безопасности и обеспечивающих сохранность, учет и возможность проверки наличия учитываемой продукции

Документы, подтверждающие право собственности или аренды на склад для хранения готовой пиротехнической продукции.
Акты приемки в эксплуатацию данного объекта, систем и установок пожарной автоматики


      ";

      строку, порядковый номер 15, изложить в следующей редакции:

      "

15

На праве собственности или аренды специально оборудованных помещений для реализации готовой пиротехнической продукции, соответствующего требованиям правил противопожарной безопасности и обеспечивающих сохранность, учет и возможность проверки наличия учитываемой продукции

Документы, подтверждающие право собственности или аренды на помещения для реализации готовой пиротехнической продукции.
Акты приемки в эксплуатацию данного объекта, систем и установок пожарной автоматики


      ";

      строку, порядковый номер 16, изложить в следующей редакции:

      "

16

На праве собственности или аренды склада для хранения пиротехнических изделий соответствующих требованиям правил противопожарной безопасности:
обеспечивающих сохранность учет и возможность проверки наличия учитываемой продукции (в случае хранения пиротехнических изделий свыше норм положенности в помещении для реализации готовой пиротехнической продукции)

Документы, подтверждающие право собственности или аренды на помещения для реализации и склад для хранения готовой пиротехнической продукции.
Акты приемки в эксплуатацию данного объекта, систем и установок пожарной автоматики


      ";

      приложение 2 утвержденных указанным приказом исключить.

      3. В приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 254 "Об утверждении Правил оказания государственных услуг в сферах оборота гражданского и служебного оружия и патронов к нему, гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20184) внести следующие изменения:

      в Правилах оказания государственной услуги "Выдача разрешения на хранение и ношение служебного оружия и патронов к нему работникам юридических лиц", утвержденных указанным приказом:

      в приложении 1:

      строку, порядковый номер 8, изложить в следующей редакции:

      "

8

Перечень документов и сведений, истребуемых у услугополучетеля для оказания государственной услуги

для получения разрешения на хранение и ношение служебного оружия и патронов к нему работникам юридических лиц:
заявление юридического лица в электронном виде по форме, согласно приложению 1 к Перечню основных требований к оказанию государственной услуги (далее – Перечень основных требований) с заполненной формой сведения согласно приложению 2 к Перечню основных требований;
сведения о документах, подтверждающего уплату государственной пошлины за выдачу разрешительного документа, за исключением случаев оплаты через ПШЭП;
электронную копию медицинского заключения об отсутствии противопоказаний к владению оружием, по форме № 076/у согласно приложению 3 к приказу исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года №ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения, а также инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 21579);
электронную копию справки о прохождении проверки знания правил безопасного обращения с оружием, по форме согласно приложению к Программе подготовки и переподготовки владельцев и пользователей гражданского и служебного оружия утвержденной приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 13 июня 2019 года №536 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 18849) (для охранников частных охранных организаций представляется электронная копия свидетельства, подтверждающего прохождение подготовки для работы в качестве охранника, выданного специализированными учебными центрами, по подготовке (повышению квалификации) охранников);
электронная копия приказа об индивидуальном закреплении служебного оружия за работниками юридических лиц с указанием модели, системы, калибра и номера оружия;
электронную копию приказа о назначении лица, ответственного за хранение и сохранность оружия и патронов к нему.
Сведения о документах, удостоверяющих личность, о государственной регистрации юридического лица, о лицензиях на осуществление деятельности, документов подтверждающих право собственности специально оборудованного помещения для хранения служебного оружия, соответствующего требованиям органов внутренних дел, о разрешениях на хранение, хранение и ношение гражданского и служебного оружия, о приобретенном оружии в специализированных магазинах по торговле оружием, информацию об оплате государственной пошлины (в случае оплаты посредством ПШЭП), работник услугодателя получает из соответствующих государственных информационных систем через "шлюз" электронного правительства

      ";

      4. В приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 сентября 2020 года № 637 "Об утверждении разрешительных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им при выдаче разрешений второй категории в сфере оборота гражданского и служебного оружия и патронов к нему" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 21281) внести следующие изменения и дополнение:

      в приложении 2 к Разрешительным требованиям и перечню документов, подтверждающих соответствие им при выдаче разрешения физическим и юридическим лицам на приобретение гражданского и служебного оружия и патронов к нему, утвержденным указанным приказом:

      строку, порядковый номер 13, изложить в следующей редакции:

      "

13

Договора (контракта) на поставку или приобретение оружия и (или) патронов к нему (для юридических лиц, осуществляющих ввоз оружия и патронов к нему, на территорию Республики Казахстан), либо договор (контракт) купли-продажи оружия и патронов к нему (для юридических лиц, осуществляющих торговлю оружием на территории Республики Казахстан).
С указанием в договоре или в приложении (спецификации) к нему конкретных видов и моделей поставляемого оружия и боеприпасов и их количества

Договор (контракт) на поставку или приобретение оружия и (или) патронов к нему (для юридических лиц, осуществляющих ввоз оружия и патронов к нему, на территорию Республики Казахстан), либо договор (контракт) купли-продажи оружия и патронов к нему (для юридических лиц, осуществляющих торговлю оружием на территории Республики Казахстан).
В договоре или в приложении (спецификации) к нему указываются конкретные виды и модели поставляемого оружия и боеприпасов и их количество

Договор (контракт) на поставку или приобретение оружия и (или) патронов к нему осуществляется организациями, получившими в установленном законодательством порядке лицензии на торговлю гражданским и служебным оружием и патронами к нему.

      ";

      дополнить строкой, порядковым номером 16 следующего содержания:

      "

16

Права на торговлю гражданским и служебным оружием и патронами к нему

Лицензия на торговлю гражданским и служебным оружием и патронами к нему, выданная уполномоченным органом внутренних дел (не представляется)

Сведения о наличии лицензии на торговлю гражданским и служебным оружием и патронами к нему, сотрудник органов внутренних дел получает из ИС ГБД ЕЛ

      ".