Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10353 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.06.2023 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 27.06.2023 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
полиция генерал-лейтенанты
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Е. Досаев

      2015 жылғы 26 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________Ә. Исекешев

      2015 жылғы "____" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму

      министрінің міндетін атқарушы

      _________________ Ж. Қасымбек

      2015 жылғы 20 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
1-қосымша

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2023 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Р/с

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату және пайдалану жөніндегі қызмет түріне арналған жалпы талаптар мен құжаттар

1

Пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар жеке тұлғада мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы айғақтардың (психикалық аурулар, маскүнемдік немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтамалар

Мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты қарсы айғақтардың (психикалық ауру, маскүнемдік немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық анықтамалар

Мәлімделген қызметті жүзеге асыруға байланысты медициналық қарсы айғақтардың (психикалық аурулар, маскүнемдік немесе нашақорлық) жоқтығы туралы, аумақтық полиция органдарының қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

2

пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты бар жеке тұлғада соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы

Соттылығының жоқтығы туралы анықтама

Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы Қылмыстық статистика және арнайы еспке алу жөніндегі комитетінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен алынады

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін

3

Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін және есепке алынатын өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық өнімді сақтауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы қоймалар

Дайын пиротехникалық бұйымдарды сатуға арналған және оларды сақтауға арналған қоймалар меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


4

өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану және кәдеге жарату кезінде бұйымының қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруді толыққанды қамтамасыз ететін конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасының жиынтығы (сызба, техникалық шарттар, технологиялық үдеріс, пайдалану, (қолдану) жөніндегі нұсқаулық (ұсыным)

Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы


5

ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханалық база

Техникалық құжаттама, аккредиттеу аттестатының көшірмесі


6

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес келуі

Құжат берілмейді

Өтініш бергеннен кейін ішкі істер органы қызметкері объектіні, жайды тексеруді жүргізеді. Аяқталу нысаны – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласын бақылау жөніндегі бөліністерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа 20-қосымшаға сәйкес объектіні тексеру туралы акті жасалады (бұдан әрі – №313 бұйрық)

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін

7

өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану және кәдеге жарату кезінде өнімнің қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруді толыққанды қамтамасыз ететін конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасының жиынтығы (сызбалар, техникалық шарттар, технологиялық үдеріс, пайдалану, (қолдану) жөніндегі нұсқаулықтар (ұсыным)

Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды өндіру, сақтау, өткізу, пайдалану және кәдеге жарату мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттар жиынтығы


8

Пиротехникалық бұйымдарды өндіруге, сақтауға және кәдеге жаратуға арналған және мыналарды:
белгіленген тәртіппен технологиялық операцияларды орындауға жіберілген технологиялық және қосалқы жабдықтарды;
өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, қатаң есепке алуды және болуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық бұйымдарды сақтауға арналған қойманы;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған аккредиттелген зертханалық базаны немесе пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сынақтан өткізу жөніндегі қызметтер көрсету жөніндегі аккредиттелген зертханалық базамен жасалған шартты;
пиротехникалық бұйымдарды бақылау сынағынан өткізуге арналған арнайы жабдықталған аумақты;
пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөлікті;
өртке қарсы қорғаныс құралдарын (өрт сигнализациясы мен өрт сөндіру), өртті сөндіру үшін қажетті өртке қарсы сумен жабдықтауды және арнайы құралдардың есептік қорын, өрт шыққан жағдайда персоналдың іс-қимылы жоспарын қамтитын және белгіленген талаптарға жауап беретін меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік-техникалық база

Өндірістік-техникалық базасы, тиісті жабдықтар мен аппаратураға меншік немесе жалга алу құқығын растайтын бар болуын көрсететін құжаттары.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


9

жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар

Жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттар


10

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№313 бұйрық

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалану жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін

11

Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және болуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық бұйымдарды сатуға арналған және оларды сақтауға арналған қоймалар меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайлар

Дайын пиротехникалық бұйымдарды сақтауға арналған үшін қоймалар меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


12

пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған автокөлік

Пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөліктің бар-жоғын көрсететін құжаттар


13

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалануға мүмкіндік беретін техникалық мақсаттағы арнайы жабдықтардың болуы

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды пайдалануға мүмкіндік беретін техникалық мақсаттағы арнайы жабдықтың бар-жоғын көрсететін, оның техникалық сипаттамаларын және пайдалану қауіпсіздігін айқындайтын құжаттары


14

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№313 бұйрық

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сату жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін

15

Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және болуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық өнімді сатуға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайлар

Дайын пиротехникалық бұйымдарды сатуға үй-жайлардың арналған үшін меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


16

Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкес келетін пиротехникалық бұйымдарды сақтау үшін қойманы меншік немесе жалға алу құқығында:
есепке алынатын өнімнің (пиротехникалық бұйымдар дайын пиротехникалық өнімді өткізу үшін үй-жайда тиістілік нормаларынан артық сақталған жағдайда) сақталуын есепке алуды және оның бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді

Дайын пиротехникалық бұйымдарды сақтауға арналған үшін қоймалар және үй-жайлар сатуға үшін меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар.
Аталған объектіні, өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қабылдау актілері


17

пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған меншік немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған автокөлік

Дайын пиротехникалық бұйымдарды сатуға арналған және оларды сақтауға арналған қоймалар меншік немесе жалға алу құқығын растайтын құжаттар


18

азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкестігі

Құжат берілмейді

№313 бұйрық

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына
2-қосымша

Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 19.05.2016 № 530 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады