ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма төртінші абзацы мен 166-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалған шарттың нысаны бекітілсін.
3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігінің бұйрығының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
Қазақстан Республикасы Премьер- |
|
Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 Бұйрығына 1-қосымша |
Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.05.2024 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ, тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының жиырма төртінші абзацына сәйкес әзірленді және тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу және тіркеу немесе оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарудың тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы жүріп-тұру құралдары – мүгедектігі бар адамның жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;
2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) –Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;
3) жеке көмекші – жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам;
4) көрсетілетін қызметтер – жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтері, санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну, арнаулы әлеуметтік қызметтер;
5) порталда тауарларды және (немесе) қызметтерді берушілер (бұдан әрі – өнім берушілер) – заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
6) тауарлар – ОТҚ және арнайы жүріп-тұру құралдары;
7) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (бұдан әрі – ОТҚ):
протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққа зақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;
сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;
тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;
міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;
8) санаторийлік-курорттық емдеу – адамдардың санаторийлік-курорттық ұйымда уақытша болу жағдайында жүргізілетін медициналық оңалту түрі;
9) ымдау тілі маманы – мүгедектігі бар адамдар үшін қандай да бір тілден дактильді әліпбиге және (немесе) ымдау тілінде сурдоаударма жасау бойынша қызмет көрсететін маман.
2-тарау. Өнім берушілерді порталға тіркеу және оларды порталда тіркеуден алып тастау тәртібі
1-параграф. Өнім берушілерді порталда тіркеу тәртібі
3. Порталда Кодекстің 167-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес:
1) берілетін ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарына (бұдан әрі – тауарлар) сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар;
2) мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиісті медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігі бар;
3) берілетін тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасының жиырма бесінші абзацына сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынған;
4) салық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
5) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізілмеген;
7) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілері (өнім берушілері) тізбесіне енгізілмеген;
8) тауарларды өткізу және (немесе) қызметтер көрсету үшін олардың шыққан жерін, сипаттамасын және бағасын растайтын құжаттарды ұсынған;
9) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айналысу үшін лицензия алу талап етілетін қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;
10) ымдау тілі маманы қызметін көрсету кезінде біліктілігін растайтын құжаты бар өнім берушілер тіркеледі.
3-баптың бірінші бөлігінің талаптары жеке көмекші көрсететін қызметтерге қолданылмайды.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде, өнім беруші растайтын құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, мәліметтерді дербес енгізеді.
4. Порталда тіркелу үшін өнім берушілер Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шартқа (бұдан әрі - шарт) қол қояды.
5. Өнім беруші порталда тіркеу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен қалыптастырылған деректер мен мәліметтерді қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЭЦҚ қол қойылған өтінішті ұсынады.
6. Шартқа қол қойылғаннан кейін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен "электрондық үкімет" шлюзі "Өнім берушінің кабинеті" модуліне ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай мәліметтер келіп түседі:
1) заңды тұлғалар үшін:
заңды мекенжайы;
ұйымның толық және қысқартылған атауы;
ұйым басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
жылжымайтын мүлікке меншік құқығын және жалдау құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін:
заңды мекенжайы;
жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу туралы мәліметтер;
3) жеке көмекшінің қызметін ұсынатын жеке тұлғалар үшін:
заңды мекенжайы;
жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда диспансерлік есепке алудың жоқтығы туралы мәліметтер;
заңнамада белгіленген тәртіппен соттылығының жойылғаны немесе жайылмаған туралы деректер;
әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі сотпен танылған туралы деректер;
жеке көмекшімен туысқандығы бар туралы деректер;
жасқа байланысты шектеулерді ескергенде, он сегіз жасқа толғандар;
жеке көмекшінің қызметтерін көрсететін адамдардың кәсіби оқығаны туралы деректер.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде өнім беруші мәліметтерді дербес енгізеді.
7. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен мәліметтерге өнім беруші мынадай деректерді дербес енгізеді:
1) өнім берушінің байланыс деректері (ұялы телефоны нөмірі, байланыс телефон нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы, сайт мекенжайы (бар болса);
2) өнім берушінің банк деректемелері;
3) Сыныптауышқа сәйкес келетін тауардың (тауарлардың) және (немесе) көрсетілетін қызметтердің (қызметтің) атауы, сауда атауы, артикул (бар болса), тауарды дайындаушы;
4) қызмет көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мекенжайы (мекенжайлары);
5) қоймадағы тауардың (тауарлардың) саны;
6) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған орындар саны (бар болса);
7) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым бөлімшесінің үлгісі, түрі және атауы (құрылтай құжаттары және меншік құқығына арналған құжат) (меншік бар болса);
8) санаторийлік-курорттық ұйымдарда бос орындар саны және болуы (бар болса);
9) фотосуреттерін қоса бере отырып, өнім беруші объектілерінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігі (арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және санаторий-курорттық емдеу кезінде), қолжетімділігі туралы мүгедектігі бар адамдарға сүйемеледеу қызметтерін ұсыну (бар болса) туралы мәліметтер;
10) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жабдықтың болуы (бар болса) туралы, оның ішінде сатып алу фактісі туралы мәліметтер;
11) растайтын құжаттарды (дипломдар, сертификаттар, еңбек шарттары) қоса бере отырып, өнім берушінің және/немесе қызмет көрсететін өнім берушінің мамандарының білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер;
12) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (арнаулы әлеуметтік қызметтер және жеке тұлғалардың жеке көмекшінің қызметтерін көрсету кезінде) № 075/е нысан бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі.
Растайтын құжаттар порталдағы "Өнім берушінің кабинеті" модулінде электрондық түрде тіркеледі.
8. Деректерді енгізу кезінде портал автоматтандырылған режимде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген жолдарды толтыруды тексереді.
9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген тексеруден өткеннен кейін деректер сақталады және порталдағы "Мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орны" модуліне түседі.
10. Комиссия өнім берушінің өтінішін келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
11. Комиссия мүшелерінің шешімі негізінде "Мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орны" модулінде порталда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама қалыптастырылады.
12. Комиссия шешімі шығарылғаннан кейін "Өнім берушінің кабинеті" модулінде өтініштің: тіркеуге жіберу кезінде "Мақұлданған" немесе мынадай бас тарту себептерін көрсете отырып "Бас тартылған" мәртебесі көрсетіледі:
1) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген өнім берушінің енгізілген мәліметтерінің анық еместігі;
2) ұсынылған құжаттарда қажетті деректемелердің болмауы;
3) уәкілетті тұлғаның қолымен расталған және мөрмен бекітілген түзетулерді қоспағанда, ұсынылған құжаттарда анық емес және оқылмайтын жазбалардың, анық өшірулердің, жазбалардың, сызылған сөздердің, шифрланбаған қысқартулардың, түзетулердің болуы (бар болса);
4) Кодекстің 167-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі.
13. Өнім берушілерді порталда тіркеу заңды тұлғалардың бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жеке тұлғалардың жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша жүргізіледі.
14. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерді порталға тіркеу туралы комиссия шешімі шығарылған кезде:
техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын берушілердің тіркелімі;
порталда санаторийлік-курорттық емдеу бойынша өнім берушілердің тіркелімі;
порталда ымдау тілі мамандарының тізілімі;
әлеуметтік қызметтер порталындағы жеке көмекшілердің тізілімі;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 205 бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ұйымдардың тіркелімін әлеуметтік қызметтер порталында электрондық түрде қалыптастыру қағидаларына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 маусымда № 32724 болып тіркелген) сәйкес нысандар бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың тіркелімі электрондық түрде қалыптастырылады.
2-параграф. Порталда өнім берушілерді тіркеуден шығару тәртібі
15. Өнім беруші:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталда тіркеуден шығару туралы өтініш берген;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға қайтыс болған немесе қызметін тоқтатқан, заңды тұлға қызметін тоқтатқан;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;
4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген;
5) комиссия әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы қорытынды шығарған жағдайларда порталда тіркеуден шығарылады.
16. Осы Қағидалардың 15-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда өнім берушілер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен тиісті деректер келіп түскен кезде бір жұмыс күні ішінде автоматты түрде тіркеуден шығарылады. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректер апта сайын жаңартылады.
17. Осы Қағидалардың 15-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген жағдайда, мүгедектігі бар адам өнім берушінің өзіне алған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей порталда тиісті ақпаратты орналастырады.
Аталған ақпаратты орналастырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде комиссия қарайды.
Комиссия өнім беруші тарапынан ұсынылған ақпаратты Сыныптауыштағы сипаттамаларға сәйкес келуін тексереді және өнім берушіні порталда тіркеуден шығару туралы шешім қабылдайды.
18. Комиссия осы Қағидалардың 15-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда өнім берушіні порталда тіркеуден шығару туралы шешім қабылдайды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамаға қол қояды.
19. Комиссия хатшысы өнім берушілерді порталдан шығару туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде оны порталға орналастырады және өнім берушіні порталда тіркеуден шығарады.
Порталда тіркеуден шығару осы Қағидалардың 15-тармағының 1), 3), 4) және 6) тармақшаларына сәйкес өнім берушіні портал арқылы тіркеуден шығару күніне алған міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
3-параграф. Өнім берушіні порталда тіркеуден шығарған жағдайларда порталда тіркеу
20. Өнім берушіні порталда тіркеуден шығару кезінде:
осы Қағидалардың 15-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіз бойынша тіркеуден шығарған кезде порталда кейін тіркеу ол туралы мәліметтер тиісті тізілімнен шығарылғаннан кейін жүзеге асырылады;
осы Қағидалардың 15-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тіркеуден шығарған кезде оны кейін порталда тіркеу тіркеуден шығарылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылады.
Порталда қайта тіркеу Комиссияның оң шешімінен кейін жүзеге асырылады.
21. Өнім берушіні порталда тіркеуден шығарған жағдайларда порталда тіркеу және одан кейін тіркеу осы Қағидаларда бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.
2-тарау. Тауарларды және (немесе) қызметтерді порталға жіберу
22. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді порталға жіберу өнім беруші ұсынған тауарлар және/немесе көрсетілетін қызметтер туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
Комиссия тауарларды және/немесе қызметтерді порталға жіберу үшін:
1) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың сипаттамаларының Сыныптауыш талаптарына сәйкес келуін қарайды.
Порталда сатылатын тауарлар мен қызметтердің Сыныптауышта жоғарыда көрсетілген сипаттамалары болуы мүмкін;
2) санаторийлік-курорттық ұйымдардың мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін;
3) қызмет, тауар және оның бейнесі туралы мәліметтерде олардың сипаттамаларына жатпайтын ақпараттың болуын – осы Қағидаларда көзделмеген тауарларды және/немесе қызметтерді ұсынудың қосымша шарттарын белгілеуді, оның ішінде жарнамаларды, акцияларды, сондай-ақ қосымша тауарлар мен ақшалай сыйақыларды орналастыруды;
4) осы өнім берушінің тауарының осы моделіне қолданыстағы (жарияланған) өтінімнің болуын қарайды.
23. Қарау нәтижелері бойынша комиссия осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды және комиссия мүшелері ЭЦҚ шешіміне қол қояды.
24. Комиссия мүшелерінің шешімі негізінде "Мемлекеттік орган қызметкерінің жұмыс орны" модулінде комиссия хатшысы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама қалыптастырады және хаттамаға қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны порталға орналастырады.
25. Комиссия шешімі шығарылғаннан кейін "Өнім берушінің кабинеті" модулінде: тауарларды және (немесе) қызметтерді порталға жіберу кезінде өтініштің "мақұлданған" немесе мынадай бас тарту себептерін көрсете отырып, "бас тартылған" мәртебесі көрсетіледі:
1) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың сипаттамаларының Сыныптауыштың талаптарына сәйкес келмеуі;
2) мүгедектігі бар адамдар үшін санаторийлік-курорттық ұйымдардың қолжетімсіздігі.
3) қызмет, тауар және оның бейнесі туралы мәліметтерде олардың сипаттамаларына жатпайтын ақпарат – осы Қағидаларда көзделмеген тауарларды және/немесе қызметтерді ұсынудың қосымша шарттарын белгілеу, оның ішінде жарнамаларды, акцияларды, сондай-ақ қосымша тауарлар мен ақшалай сыйақыларды орналастыру;
4) осы өнім берушінің тауарының осы моделіне қолданыстағы (жарияланған) өтінімнің болуы көрсетіледі.
26. Комиссия тіркелген өнім берушілердің осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкестігіне жарты жылда кемінде бір рет мониторинг жүргізеді.
Өнім берушінің мәліметтері осы Қағидалардың 22-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес келмеген жағдайда Комиссия тауар мен қызметтерді порталға енгізбеу туралы шешім шығарады.
Бұл ретте, Комиссия тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге Сыныптауышта көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмегенді жою туралы хабарлама жібереді. Тауарлар мен қызметтерді беруші порталда осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген қажетті құжаттарды тіркейді.
Нысан
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркелуге өтініш
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберуді және тіркеуді сұраймын
____________________________________________________________________
(өнім берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
(өнім берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
Қызмет түрі ____________________________________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________
Байланыс телефоны _____________________________________________
Факс __________________________________________________________
Мыналарды растаймын:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға
қызметтер көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мәселелері бойынша кез келген
ақпарат жіберілуі мүмкін;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып
табылады.
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын тіркеу және пайдалану үшін ақпараттық
жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі
менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Дербес деректерді немесе мәліметтерді порталдағы тізілімде және (немесе)
өнім берушілер тізілімінде жариялауға келісім беремін ☐ иә, ☐ жоқ.
Күні 20__жылғы __ __
ЭЦҚ-мен куәландырылды _______________________________________
(өнім берушінің, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Нысан
20___жылғы __ ___________ № ____ хаттама
Комиссия, ______________________________________________________
жергілікті атқарушы органның, мүгедектігі бар адамның және тауарлар мен
қызметтерді өнім берушілер бұзушылықтар туралы өтініштерін/ әлеуметтік қызметтер
порталында тіркеуге және жіберуге өтінішті қарап өнім берушінің толық атауы немесе
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) атауы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Өнім берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
өнім берушінің қызмет түрі _______________________________________
мынадай шешім шығарды:
тіркеуге рұқсат беру туралы;
мынадай себеп бойынша бас тарту туралы:
1) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 167-бабы 6-тармағының
талаптарына сәйкес келмеуі;
бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы хабарламаны жіберу туралы;
өнім берушіні әлеуметтік қызметтер порталынан шығару туралы.
____________________________________________________________________.
___________________________ |
Электрондық цифрлық |
|
Электрондық цифрлық |
|
Электрондық цифрлық |
Электрондық цифрлық |
Нысан
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығаруға өтініш
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығаруды сұраймын
___________________________________________________________
(өнім берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
(БСН, ЖСН, мемлекеттік тіркеу нөмірі)
Қызмет түрі ____________________________________________________
Заңды мекенжайы _______________________________________________
(облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмір)
Электрондық пошта _____________________________________________
Байланыс телефоны ______________________________________________
Факс __________________________________________________________
Мыналарды растаймын:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға қызметтер көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін;
барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын тіркеу және пайдалану үшін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Күні 20__жылғы __ ____
ЭЦҚ-мен куәландырылған ________________________________________
(өнім берушінің, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Нысан
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарды (тауарларды) және/немесе көрсетілетін қызметтерді жіберуге өтініш
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберуді сұраймын
__________________________________________________________________
(тауардың және/немесе қызметтердің атауы)
Өнім беруші ____________________________________________________
(толық атауы немесе тегі, аты.. әкесінің аты (бар болса)
Өнім берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________________
Қызмет түрі _____________________________________________________
Қоса берілген барлық құжаттар мен мәліметтердің шындыққа сәйкес келетіндігін және дұрыс екенін растаймын.
20 _ _ жылғы ______ ________
ЭЦҚ куәландырылған _____________________________________________
(өнім берушінің, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығына 2-қосымша |
Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын шарт
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.05.2024 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын осы шарт (бұдан әрі – Шарт) Кодекстің 166-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Шартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) акцепт – оферта жіберілген адамның оны қабылдағаны туралы жауабы;
2) алушы – әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) тапсырыс беруге немесе сатып алуға ниет білдірген не тапсырыс беруші, сатып алушы және қолданыстағы заңнамаға сәйкес олармен қамтамасыз етуге құқығы бар жеке тұлға;
3) бірлесіп төлеу – порталда сатып алынған тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің кепілді сомасы мен нақты құны арасындағы, алушы өз қаражаты есебінен дербес төлейтін айырма;
4) кепілдік берілген сома – уәкілетті орган портал арқылы сатып алынатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде ұсынатын сома;
5) көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – қызмет) – тапсырыс берушінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, заттық нәтижесі жоқ қызмет;
6) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, Қазақстан Республикасының аумағында қызмет көрсететін және (немесе) тауарларды ұсынатын және уәкілетті органның шешімі бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында Өнім берушілердің тіркеліміне немесе Мамандардың тізіліміне енгізілген жеке тұлғалар мен олардың филиалдары;
7) тауарлар (бұдан әрі – тауар) – нәрселер (заттар), оның ішінде жартылай фабрикаттар немесе қатты, сұйық немесе газ тәріздес күйдегі шикізат, электр және жылу энергиясы, зияткерлік меншік құқығының объектілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алу-сату мәмілелерін жасасуға болатын заттық құқықтар;
8) уәкілетті мемлекеттік орган – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органы.
3. Осы жария оферта (бұдан әрі – Оферта) уәкілетті мемлекеттік органның осы Офертада айқындалған талаптарда осы Шартты жасасуға құқық қабілеттілігі (әрекет қабілеттілігі), қажетті құқықтары мен өкілеттіктері бар кез келген заңды және жеке тұлғаның атына ресми ұсынысы болып табылады және Шарттың барлық елеулі талаптарын қамтиды.
4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Мүгедектігі бар адамның тауарлардың және (немесе) қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардан өтетіп алуға, бірақ кепілдік берілген сомадан аспайтын сомаға өтетіп алуға құқығы бар.
Мүгедектігі бар адам кепілдік берілген сома мен сатып алынған тауарлардың және (немесе) қызметтердің нақты құны арасындағы айырмашылықты Кодекстің 168-бабына сәйкес меншікті қаражаты есебінен өзі дербес төлейді.
2-тарау. Шарттың мәні
5. Өнім беруші тауарды және (немесе) қызметтерді өткізеді және ұсынады, ал Алушы Тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметті қабылдайды.
Тауардың және (немесе) қызметтің кепілді соманың бағасы асып кеткен жағдайда осы Шарттың талаптарында тауардың және (немесе) қызметтің құнын өз қаражатынан қоса төлеуді жүргізеді.
6. Тапсырыс берілген тауарларға меншік құқығы тауарды алушыға нақты берген сәттен бастап алушыға ауысады. Тауардың кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі тауарды сатып алушыға нақты берген сәттен бастап алушыға өтеді.
7. Тауарға және (немесе) қызметке бағаларды өнім беруші біржақты даусыз тәртіппен айқындайды және порталда көрсетіледі.
8. Тауардың және (немесе) қызметтің бағасы теңгемен көрсетіледі және қосылған құн салығын қамтиды.
9. Порталда кепілдендірілген соманы өтеу шарттарында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тауар және (немесе) қызметтер туралы мәліметтер ғана жарияланады.
10. Тауарға тапсырыс беру және қызмет көрсету, тауарларды сатып алу және пайдалану шарттары, сондай-ақ Тараптардың қосымша құқықтары мен міндеттері уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нормативтік құқықтық құжаттармен және осы Шарттың ажырамас бөліктері болып табылатын және порталда "Қолдау" бөлімінде орналастырылатын әрбір қызмет және/немесе тауар үшін арнайы шарттармен айқындалады.
3-тарау. Шарт жасасу сәті
11. Осы Шарттың мәтіні Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 447-бабына сәйкес жария оферта болып табылады.
12. Мыналар осы Офертаның (Шарттың) акцепті деп танылады:
өнім берушінің "Мен Жария шарттың талаптарын қабылдаймын" порталы бетінің жолағындағы "Қабылдау және жалғастыру" батырмасын басу арқылы осы жария Шарттың талаптарын қабылдауға келісімі;
портал бетінің тиісті өрісіндегі "Бұдан әрі" батырмасын басу арқылы алушының осы жария Шарттың талаптарын қабылдауға келісімі.
13. Алушының тауарға және (немесе) қызметке тапсырысты ресімдеуі порталдағы "Қолдау" бөлімінде орналастырылған нұсқаулықтарда көрсетілген әрекеттерді жасау жолымен жүргізіледі.
14. Осы Офертаны алушы мен өнім берушінің акцептеуі негізінде жасалатын Шарт Сатып алушы мен Өнім беруші қандай да бір ерекшеліктерсіз және/немесе ескертпелерсіз қосылатын қосылу шарты болып табылады.
15. Алушының тапсырысты ресімдеу фактісі алушының осы Шарттың талаптарын қабылдауының сөзсіз фактісі болып табылады. Порталда тауарды және (немесе) қызметті сатып алған алушы өнім берушімен және уәкілетті органмен осы Шарттың талаптарында қатынастарға түскен тұлға ретінде қаралады.
16. Мыналар Өнім беруші Акцепт жасағанын білдіреді:
Өнім беруші осы Шарттың барлық талаптарымен танысты, келіседі және қабылдады;
Өнім беруші осы Шартты іске асыру мақсатында ақпараттық жүйелер арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім берді;
Шарт электронды түрде жасалды және жарамды;
осы Шартты жасасу жазбаша нысанда Шарт жасасуға теңестіріледі.
17. Мыналар Алушы акцепті қабылдағанын білдіреді:
Сатып алушы осы Шарттың барлық талаптарымен танысты, келіседі және қабылдады;
Сатып алушы Шартты іске асыру мақсатында Ақпараттық жүйелер арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім берді;
Шарт электронды түрде жасалды және жарамды;
осы Шартты жасасу жазбаша нысанда Шарт жасасуға теңестіріледі.
4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
18. Өнім беруші:
1) Осы Шарт жасалған сәттен бастап осы Шарттың және қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес Алушы мен уәкілетті орган алдындағы барлық міндеттемелерді толық көлемде қамтамасыз етуге;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен Алушының дербес деректерін өңдеуге және олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
3) бес жұмыс күні ішінде тауарды және (немесе) қызметті алу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы алушының тапсырысына жауап беруге;
4) трек-нөмір берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тауарды жеткізуге беру;
5) тауарды Алушыға дейін жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті;
6) ұсынылатын тауар мен қызметтің порталда орналастырылған сипаттамаға, суреттерге және шарттарға сәйкестігіне кепілдік беруге;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген мерзімдерде және Шарттарда қаржылық құжаттар мен есептілікті ұсынуға міндеттенеді.
19. Өнім берушінің:
1) уәкілетті органнан жеткізілген тауар, қызметтердің нақты көлемі үшін ақы;
2) қызметтерді көрсету кезінде бұзу күніне Шартты бұзуға байланысты нақты шығындар үшін ғана төлем талап етуге;
3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ол туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінен алып тастағаннан кейін порталда қайта тіркеуге;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тiзiлiмiнен және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) және Ұлттық әл-ауқат қоры тікелей немесе жанама ие болатын дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы бар заңды тұлғалар тізбесінен ол туралы мәліметтерді алып тастағаннан кейін қайта тірелуге;
5) портал арқылы өзіне алған міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін порталдан тіркеуден шығарылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей қайта тіркеуге;
6) тауар қоймада болмаған және/немесе оларға өнім берушілер тіркелімінен шығаруға өтініш берген кезде алушыға Тапсырысты қабылдаудан бас тартуға;
7) алушының тапсырысын қарау кезінде мынадай:
форс-мажорлық жағдайларға байланысты қызмет көрсете алмау (Төтенше жағдайлар, стихиялық құбылыстар, соғыс қимылдары және басқа да еңсерілмейтін күш жағдайлары);
өнім берушілер тізілімінен (тіркелімінен) шығаруға өтініш беру;
маманның (мамандардың) жүктемесі салдарынан қызмет көрсету мүмкін еместігі;
Қызмет алушының тұрғылықты жерінде көрсетілмеу;
бұған дейін Алушыға маманға (мамандарға) негізсіз қорлау және адамның қадір-қасиетін қорлайтын айыптаулар себебінен қызмет көрсетуден бас тартылған;
бір төсек орынға бір мезгілде бірнеше тапсырыстың түсуі (тек санаторийлік-курорттық қызметтер берушілер үшін);
Алушы қызмет көрсетілетін контингентке жатпауы (тек санаторийлік-курорттық қызметтер берушілер үшін);
олардың негіздемесімен басқа себептер бойынша қызметтер көрсетуден бас тартуға.
8) Алушыға оны ұсыну барысында қызмет көрсетуден мынадай:
форс-мажорлық мән-жайлар (төтенше жағдайлар, дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және еңсерілмейтін күштің басқа да мән-жайлары) себебінен қызмет көрсетудің мүмкін еместігі;
куәгерлердің жазбаша айғақтарымен расталатын алушының немесе оның отбасы мүшелерінің адамдық қадір-қасиетін төмендететін негізсіз қорлау мен айыптаулар;
оның негізінде қызмет көрсетілген нормативтік құқықтық актінің күшін жою;
Алушының қызметті алу орнына уақтылы келмеуі (тек санаторий-курорттық қызметтерді өнім берушілер үшін);
алушының қызмет үшін қосымша ақы төлеуден бас тартуға құқығы бар.
20. Алушы:
1) осы Шарттың талаптарын қатаң сақтауға;
2) тауарды және (немесе) қызметті таңдағаны үшін жеке жауаптылықта болуға;
3) Шарт жасалған сәтке дейін Шарттың мазмұнымен және талаптарымен, Өнім беруші порталда ұсынатын тауарларға және (немесе) қызметтерге бағамен танысуға;
4) оны Алушы ретінде бірегей сәйкестендіретін және өзі таңдаған (ішінара төлеген) тауарды және (немесе) қызметті жеткізу үшін жеткілікті барлық қажетті деректерді хабарлауға;
5) порталда Өнім берушіні таңдау құқығын алған күннен бастап екі ай ішінде тауарға және (немесе) қызметке тапсырыс беруді жүзеге асыруға;
6) порталда тапсырыс берілген тауарды кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбауға;
7) тауардың және (немесе) қызметтің құны осы тауарға және (немесе) қызметке кепілдендірілген сомадан асып кеткен жағдайда жеткізілген тауар және (немесе) қызмет үшін:
қолма-қол ақшасыз төлем әдісін (банк картасымен не электрондық төлемдер жүйесімен) таңдаған жағдайда тапсырысты алған күні өнім берушінің шотына қаражат аудару жолымен;
тауар өзінің тұрғылықты жері бойынша жеткізілген жағдайларда салынған төлеммен;
қолма-қол төлем тәсілі жолымен бірлесіп төлем жүргізуге;
8) өзі алып кеткен жағдайда тауарды Өнім беруші тапсырысты қабылдаған күннен бастап он төрт күн ішінде өнім берушіден алып кетуге міндеттенеді.
21. Алушының:
1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес қамтамасыз етуге құқығы бар тауарды және (немесе) қызметті еркін таңдауға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде және тәртіппен таңдалған тауарға және (немесе) қызметке кепілдендірілген сомаға;
3) бірлесіп төленген жағдайда тауарға және (немесе) қызметке қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен ақы төлеуге құқығы бар. Тауарды және (немесе) қызметті қолма-қол ақшамен бірлесіп төлеу курьерге немесе алып кету пунктінің қызметкеріне жеткізу сәтінде, өнім беруші қызметті алу орнына келген күні жүзеге асырылады;
4) Өнім берушінің өз міндеттемелерін бұзу (орындамау және (немесе) тиісінше орындамау) фактісі туралы оған белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей порталда тиісті ақпаратты орналастыруға;
5) Өнім беруші тауарға және (немесе) қызметке тапсырысты растаған сәтке дейін тапсырыстан бас тартуға және басқа өнім берушіні таңдауға;
6) тауарды Өнім берушіден өз бетінше алуға (алып кетуге);
7) өзі таңдаған тауарларға және (немесе) қызметтерге пікір (лер) жариялауға;
8) осы Өнім берушіден:
Өнім беруші қызмет көрсетуді уақтылы бастамаған;
Өнім беруші қызмет көрсету мерзімдері мен уақытын жүйелі түрде бұзған;
Өнім беруші тиісті сапасыз қызмет көрсеткен және Алушы белгілеген мерзімде кемшіліктерді жоймаған;
Алушының қадір-қасиетін қорлайтын Өнім берушінің дөрекі мінез-құлқы;
Өнім беруші қызметтер ұсынылмайтын басқа тұрғылықты жерге көшкен жағдайларда бас тартуға құқығы бар.
22. Уәкілетті орган:
1) қолданыстағы заңнамада көзделген шарттар мен талаптар сақталған кезде Өнім берушінің және ол мәлімдеген тауардың және (немесе) қызметтің порталда тіркелуін қамтамасыз етуге;
2) тіркеуден бас тартылған жағдайда себептерін көрсете отырып, бас тартуды ұсынуға;
3) Өнім берушіге таңдалған және жеткізілген, алушыға көрсетілген тауарлар және (немесе) қызметтер үшін кепілдік берілген соманы төлеуге міндетті.
23. Уәкілетті органның:
1) Өнім берушіге порталда оның және өзі мәлімдеген тауарларға және (немесе) қызметтерге рұқсат беруден және тіркеуден бас тартуға;
2) Өнім беруші қолданыстағы заңнамада көзделген негіздер бойынша тіркелімнен немесе тізілімнен шығаруға құқығы бар.
5-тарау. Тауарды жеткізу
24. Тауарды Алушыға жеткізуді тауарды курьерлік жеткізуді жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – жеткізуді ұйымдастыру) Өнім беруші бергеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде жүргізеді.
25. Егер Алушы тапсырысты келісілген мерзімде алмаса, өнім беруші тауарды алушыға жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
26. Тапсырыс берілген тауарды тексеру, курьермен барлық өзара есеп айырысулар сияқты, 60 минуттан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Тапсырыс берілген тауарды алып кету пункттерінде тексеру уақыт бойынша шектеусіз.
27. Жеткізу ақысын жеткізу ұйымы анықтайды және Өнім беруші төлейді.
28. Жеткізуді ұйымдастыру өнім беруші тауарды алғаннан кейін жеткізу процесінде тауардың тұтастығы мен сақталуына толық жауап береді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы__ _______ № __ бұйрығына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының және бұйрықтарының кейбір құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды тіркеу немесе әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м. а. 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26834 болып тіркелген).
2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 298 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29077 болып тіркелген ).
3. "Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 және "Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 73 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және (немесе) халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31750 болып тіркелген).