Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындауы туралы есептіліктің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19671 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Мемлекеттік статистика туралы" және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қаржы нарығының статистикасы департаменті (А.М. Боранбаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (А.С. Касенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.М. Баймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы |
Г. Пирматов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2023 жылғы 29 маусымдағы № 41 Қаулыға 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 2-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: PN-1
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезеңі: 20___жылғы "___" ____________ жағдай бойынша
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржы ұйымы
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей
Нысан
Кесте. Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп
(мың теңгемен)
№ | Баптардың атауы |
Сомасы |
1 | 2 | 3 |
1. | Төленген жарғылық капитал | |
2. | Қосымша капитал | |
3. | Өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасы (зияны) | |
4. | Өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптастырылған қорлар, резервтер | |
5. | Есепті кезеңнің бөлінбеген таза пайдасы (зияны) | |
6. | Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау | |
7. | Микроқаржы ұйымының Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттері заңды тұлғалар (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы оффшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған, ақпарат алмасу жөніндегі міндеттемелерді қабылдамаған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларды қоспағанда) алдындағы қамтамасыз етілмеген міндеттемесі түріндегі реттелген борышы | |
8. | Микроқаржы ұйымының негізгі қызметінің мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер | |
9. | Заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне инвестициялар | |
10. | Микроқаржы ұйымының есептік меншікті капиталы | |
11. | Микроқаржы ұйымының балансы бойынша активтер | |
12. | Кепілсіз тұтынушылық микрокредиттер | |
12.1 | Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16858 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 62 қаулысымен бекітілген Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) (k1 меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентін есептеу үшін) | |
13. | "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 3-1-трамағына сәйкес берілген микрокредиттер | |
13.1 | Заңның 4-бабының 3-1-тармағына сәйкес Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизиялар (резервтер) (k1 меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентін есептеу үшін) | |
14. | K1 меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті | |
14.1 | Микроқаржы ұйымы баланстық шоттарда есепке алатын және баланстан тыс есепке есептен шығарылған негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер | |
14.2 | Микроқаржы ұйымының несие портфелі | |
14.3 | Микроқаржы ұйымының несие портфелінің жалпы сомасында негізгі борыш, есептелген сыйақы бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешек үлесіне лимит | |
15. | Бір қарыз алушының микроқаржы ұйымының алдындағы жиынтық берешегі (микроқаржы ұйымының балансынан есептен шығарылған берешекті қоса алғанда) | |
16. | Берілген микрокредиттер бойынша нақты құрылған провизиялардың сомасы (k2 бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің коэффициентін есептеу үшін) | |
17. | Қарыз алушының Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген аффинирленген бағалы металдар түріндегі қамтамасыз етуі | |
18. | Қарыз алушының Стандард энд Пурс (Standard & Рооr's) агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдігі түріндегі қамтамасыз етуі | |
19. | k2 бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің коэффициенті | |
20. | Микроқаржы ұйымының жиынтық міндеттемелері | |
21. | k3 левередж коэффициенті |
Атауы __________________________________________________________________
Мекенжайы _____________________________________________________________
Телефоны ______________________________________________________________
Электрондық поштасының мекенжайы ______________________________________
Орындаушы _________________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Есепке қол қою жөніндегі қызмет жүктелген басшы немесе тұлға
____________________________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есептің нысанына қосымша |
Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп (индексі – PN-1, кезеңділігі – ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде (бұдан әрі – Түсіндірме) "Пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есеп" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Микроқаржы ұйымы Нысанды ай сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға есепке қол қою жөніндегі қызмет жүктелген басшы немесе тұлға және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 12-жолында Активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) есепке алмағанда, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген микрокредиттер бойынша негізгі борыштың, есептелген сыйақының сомасын қамтитын кепілсіз тұтыну микрокредиттерінің сомасы көрсетіледі.
6. 13-жолда Активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) есепке алмағанда, Заңның 4-бабының 3-1-тармағына сәйкес берілген микрокредиттер бойынша негізгі борыштың, есептелген сыйақының сомасын қамтитын сома көрсетіледі.
7. 14, 19 және 21-жолдарда үтірден кейін үш таңбалы мәндер көрсетіледі.
8. 14.1-жолда микроқаржы ұйымы баланстық шоттарда есепке алатын және баланстан тыс есепке есептен шығарылған Активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) есепке алмағанда, негізгі борыштың, есептелген сыйақының сомасын қамтитын негізгі борыш, есептелген сыйақының сомасы бойынша 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен астам мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер көрсетіледі.
9. 14.2-жолда микроқаржы ұйымы баланстық шоттарда есепке алатын және баланстан тыс есепке есептен шығарылған Активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) есепке алмағанда, негізгі борыш, есептелген сыйақы сомасын қамтитын несие портфелі көрсетіледі.
10. 14.3-жолда үтірден кейін үш таңбалы пайыздық мәні көрсетіледі.
11. Нысанның 15, 16, 17, 18 және 19-жолдарында микроқаржы ұйымының алдындағы ең жоғары жиынтық берешегі бар қарыз алушы бойынша ақпарат көрсетіледі.
12. 15-жолда Активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылған провизияларды (резервтерді) есепке алмағанда, бір қарыз алушының микроқаржы ұйымы алдындағы жиынтық берешегі (микроқаржы ұйымының балансынан есептен шығарылған берешекті қоса алғанда) көрсетіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2023 жылғы 29 маусымдағы № 41 Қаулыға 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 3-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: R_MRZ
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы __________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржы ұйымы
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей
Нысан
Кесте. Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп
(мың теңгемен)
№ | Қарыз алушының атауы | Жеке сәйкестендіру номері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Қарыз (микрокредит) бойынша талаптардың сомасы | |||
Негізгі борыш | Есептелген сыйақы | Активті тану өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар және өсімпұлдар) | Дисконт (сыйлықақы) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жиынтығы: |
кестенің жалғасы:
Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету | ||||
Нақты құрылған провизиялар сомасының барлығы | Баланстық құны | Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткізілім" ("London good delivery") стандарты ретінде белгіленген аффинирленген бағалы металдар | Стандард энд Пурс (Standard & Poor’s) рейтингтік агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктердің кепілдіктері | |
8 | 9 | 10 | 11 | |
кестенің жалғасы:
Есепті кезеңде қарыз (микрокредит) бойынша баланстан есептен шығару | ||
Негізгі борыш | Есептелген сыйақы | Активті тану өлшемшарттарына сәйкес келген жағдайда тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар және өсімпұлдар) |
12 | 13 | 14 |
кестенің жалғасы:
Дебиторлық берешек бойынша талаптар сомасы |
Бір қарыз алушының микроқаржы ұйымының алдындағы жиынтық берешегі | ||
Дебиторлық берешек | Нақты құрылған провизиялар сомасының барлығы | Баланстық құны | |
15 | 16 | 17 | 18 |
Атауы ______________________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық поштасының мекенжайы __________________________________
Орындаушы ______________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Есепке қол қою жөніндегі қызмет жүктелген басшы немесе тұлға
_________________________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есептің нысанына қосымша |
Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп (индексі – R_MRZ, кезеңділігі – тоқсан сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде әкімшілік деректер жинауға арналған "Бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің талдамасы туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды микроқаржы ұйымы тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден аз сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан көп сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға есепке қол қою жөніндегі қызмет жүктелген басшы немесе тұлға және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанда басқа қарыз алушылармен салыстырғанда есепті күні ең жоғары жиынтық берешегі бар бір қарыз алушы бойынша микроқаржы ұйымының деректері көрсетіледі.
6. Егер есепті күні бірнеше қарыз алушы бойынша ең жоғары жиынтық берешек бірдей шаманы құрайтын болса, онда Нысанда осы қарыз алушылардың біреуі (кез келгені) бойынша ғана деректер көрсетіледі.
7. Нысанды толтыру кезінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген "Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысымен бекітілген Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер, оларды есептеу әдістемесіне сәйкес есептелген мәліметтер көрсетіледі.
8. Нысанның 5 және 13-бағандарында есептелген, бірақ өтелмеген (алынбаған) сыйақы сомасы көрсетіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2023 жылғы 29 маусымдағы № 41 Қаулыға 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 4-қосымша |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына
Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп
Әкімшілік деректер нысанының индексі: USK-K3
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезеңі: 20__ жылғы __________ жағдай бойынша
Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: кредиттік серіктестік, ломбард
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей
Нысан
Кесте. Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп
(мың теңгемен)
№ | Баптардың атауы | Сомасы |
1 | 2 | 3 |
1. | Төленген жарғылық капитал | |
2. | Қосымша капитал | |
3. | Өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасы (зияны) | |
4. | Өткен жылдардың таза кірісі есебінен қалыптасқан қорлар, резервтер | |
5. | Есепті кезеңнің бөлінбеген таза пайдасы (зияны) | |
6. | Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау | |
7. | Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары - резиденттер мен бейрезиденттер (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттемелер қабылдамаған офшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғаларды қоспағанда) алдындағы қамтамасыз етілмеген міндеттеме түріндегі реттелген борыш | |
8. | Негізгі қызмет мақсаты үшін сатып алынған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда, материалдық емес активтер | |
9. | Заңды тұлғалардың акцияларына немесе жарғылық капиталына қатысу үлесіне инвестициялар | |
10. | Есептік меншікті капитал | |
11. | Жиынтық міндеттемелер | |
12. | Кредиттік серіктестіктің ұлттық басқарушы холдингтердің және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдинг еншілес ұйымдарының алдындағы міндеттемелері | |
13. | k3 левередж коэффициенті |
Атауы ______________________________________________________________
Мекенжайы _________________________________________________________
Телефоны ___________________________________________________________
Электрондық поштасының мекенжайы __________________________________
Орындаушы ______________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Есепке қол қою жөніндегі қызмет жүктелген басшы немесе тұлға
_________________________________________________ __________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есептің нысанына қосымша |
Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп (индекс - USK-K3, кезеңділігі – тоқсан сайын)
әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде "Жарғылық және меншікті капиталдар туралы, сондай-ақ левередж коэффициенті туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 65-2) тармақшасына "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1)-тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Кредиттік серіктестік және ломбард Нысанды тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (бір мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.
4. Нысанға есепке қол қою жөніндегі қызмет жүктелген басшы немесе тұлға және орындаушы қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 12-жолы бойынша деректерді тек қана кредиттік серіктестіктер толтырады.
6. Нысанның 13-жолында үтірден кейін үш таңбалы мән көрсетіледі.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрғасы 2023 жылғы 29 маусымдағы № 41 Қаулыға 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 224 қаулысына 5-қосымша |
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есептілікті ұсыну қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есептілікті ұсыну қағидалары "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 65-2) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормаларды және лимиттерді орындау туралы есептілікті оның орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі - уәкілетті органның филиалы) ұсыну тәртібін айқындайды.
2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
2. Микроқаржы ұйымы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей Ұлттық Банктің филиалына электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген есептілікті және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген есептілікті ұсынады
3. Кредиттік серіктестік, ломбард тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінен) кешіктірмей Ұлттық Банктің филиалына электрондық форматта осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген есептілікті ұсынады.
4. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.
5. Есепті күнгі жағдай бойынша қағаз тасымалдағыштағы есепке қол қою жөніндегі қызмет жүктелген басшы немесе тұлға және орындаушы қол қояды және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымда сақталады.
6. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның электрондық форматта ұсынылатын есептілігі деректерінің қағаз тасымалдағыштағы деректерге сәйкестігін есепке қол қою жөніндегі қызмет жүктелген басшы немесе тұлға қамтамасыз етеді.