Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 317 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 шілдеде № 33204 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ережесінің 15-тармағының 47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Іші істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 27 шілдедегі
№ 317 бұйрығымен
бекітілді

Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ережесінің 15-тармағының 47-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін айқындайды.

      2. Уәкілетті мемлекеттік органдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) өндiрiстiк қызметiнiң нәтижелерiне қатысты жұмыскерлердiң өмiрi мен денсаулығының кәсiпорынның артықшылығын белгілеу;

      2) жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қамтамасыз ету;

      3) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы бірыңғай талаптарды белгілеу;

      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлер, лауазымды адамдар және ұйым басшысы арасындағы құқықтар мен міндеттердің аражігін ажырату;

      5) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі, жұмыс берушілердің және жұмыскерлердің өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;

      6) эргономикалық, ұйымдастыру, техникалық, технологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және медициналық нормаларды белгілеу;

      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және басқа да жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкестігі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.07.2024 № 278 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді және жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қағидаларды, рәсімдер мен нормативтерді қамтиды.

2-тарау. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібі

      4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар өздерінің құзіретіне сәйкес жүзеге асырады.

      5. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлейтін мемлекеттік орган жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функциясын орындайтын өзінің бөлімшелерінің біріне тапсырады.

      Жұмыс тобының құрамына өздерінің мақсатына қарай мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, ғылыми мекемелердің өкілдері қосылады.

      6. Мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауды өзіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға немесе оны дайындауды шарттық негізде, оның ішінде конкурс бойынша мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына тапсырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары жұмыс тобына қарауға ұсынылады.

      7. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде:

      1) еңбек қауіпсіздігінің жалпы талаптары;

      2) жұмыс басталар алдындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;

      3) жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;

      4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;

      5) жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптары;

      6) өндірістік (технологиялық) процестерге қойылатын талаптар;

      7) өндірістік бөлмелерге қойылатын талаптар;

      8) өндірістік алаңдарға (өндірістік бөлмелерден тыс жерлерде орындалатын процестер үшін) қойылатын талаптар;

      9) бастапқы материалдарға, дайындамалар мен жартылай фабрикаттарға қойылатын талаптар;

      10) өндірістік жабдықтарға қойылатын талаптар;

      11) өндірістік жабдықтардың орналастырылуына және жұмыс орындарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптар;

      12) бастапқы материалдарды, дайындамаларды, жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдер мен өндіріс қалдықтарын сақтау және тасымалдау тәсілдеріне қойылатын талаптар;

      13) өндірісте жұмыс істейтіндердің еңбек ету және демалу режимі;

      14) жұмыскерлерді кәсіптік іріктеуге және олардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімін тексеруге қойылатын талаптар;

      15) өндірісте жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен және басқа да жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі талаптар;

      16) қорғаныш құралдарын қолдануға қойылатын талаптар;

      17) жұмыскерлерді санитариялық-тұрмыстық бөлмелермен қамтамасыз ету жөніндегі талаптар көзделеді.

      8. Жұмыс тобы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлегеннен кейін оларды тиісті уәкілетті мемлекеттік органға бекітуге ұсынады.

      9. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді.

      Нормативтік құқықтық актілер "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптары ескеріле отырып әзірленеді және қабылданады.

Об утверждении Правил принятия нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда соответствующими уполномоченными органами

Приказ Заместителя Премьер-Министра - Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 июля 2023 года № 317. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 июля 2023 года № 33204.

      В соответствии с подпунктом 47) пункта 15 Положения о Министерстве труда и социальной защите населения Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила принятия нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда соответствующими уполномоченными органами.

      2. Департаменту труда и социального партнерства Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан после его официальной публикации;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра -
Министр труда и социальной защиты населения
Республики Казахстан
Т. Дуйсенова

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки и
высшего образования
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство индустрии
и инфраструктурного развития
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финанансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство по
чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности

      Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии и
природных ресурсов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Заместитель Премьер-Министра -
Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
от 27 июля 2023 года № 317

Правила принятия нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда соответствующими уполномоченными органами

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила принятия нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда соответствующими уполномоченными органами (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 47-1) пункта 15 Положения о Министерстве труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2017 года № 81 и определяют порядок принятия нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда соответствующими уполномоченными органами.

      2. Уполномоченные государственные органы при разработке нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда руководствуются следующим критериям:

      1) установление приоритета жизни и здоровья работников по отношению к результатам производственной деятельности;

      2) обеспечение права работников на условия труда, соответствующие требованиям безопасности и охраны труда;

      3) установление единых требовании в области безопасности и охраны труда;

      4) разграничение в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан в области безопасности и охраны труда права и обязанности между работниками, должностными лицами и руководителем организации;

      5) обеспечение согласованных действий в области безопасности и охраны труда между уполномоченным государственным органом по труду, территориальным подразделением уполномоченного государственного органа по труду, представителями работодателей и работников;

      6) установление эргономических, организационных, технических, технологических, санитарно-эпидемиологических, психофизиологических и медицинских норм;

      7) соответствие законодательным и другим вышестоящим нормативным правовым актам в области безопасности и охраны труда, в том числе международным договорам, ратифицированным Республикой Казахстан.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 26.07.2024 № 278 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Требования по безопасности и охране труда устанавливаются нормативными правовыми актами Республики Казахстан и содержать правила, процедуры и нормативы, направленные на сохранение жизни и здоровья работников в процессе их трудовой деятельности.

Глава 2. Порядок принятия нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда

      4. Разработка проектов нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда осуществляется соответствующими уполномоченными государственными органами в соответствии с их компетенцией.

      5. Государственный орган, разрабатывающий проект нормативного правового акта в области безопасности и охраны труда, создает рабочую группу по подготовке проекта или поручает его подготовку одному из своих подразделений, которое выполняет функции рабочей группы.

      В состав рабочей группы в зависимости от назначения включаются представители заинтересованных государственных органов, общественных организаций, научных учреждений.

      6. Государственный орган поручает подготовку проекта нормативного правового акта подведомственным ему государственным органам и организациям или заказать его подготовку на договорной основе, в том числе по конкурсу, специалистам, научным учреждениям, отдельным ученым или их коллективам. Разработанные проекты нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда представляются на рассмотрение рабочей группе.

      7. При разработке нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда предусматриваются:

      1) общие требования безопасности труда;

      2) требования безопасности труда перед началом работы;

      3) требования безопасности труда во время работы;

      4) требования безопасности труда в аварийных ситуациях;

      5) требования безопасности труда по окончании работы;

      6) требования к производственным (технологическим) процессам;

      7) требования к производственным помещениям;

      8) требования к производственным площадкам (для процессов, выполняемых вне производственных помещений);

      9) требования к исходным материалам, заготовкам и полуфабрикатам;

      10) требования к производственному оборудованию;

      11) требования к размещению производственного оборудования и организации рабочих мест;

      12) требования к способам хранения и транспортировки исходных материалов, заготовок, полуфабрикатов, готовой продукции и отходов производства;

      13) режим труда и отдыха работающих на производстве;

      14) требования к профессиональному отбору и проверке знаний работников по вопросам безопасности и охраны труда;

      15) требования по обеспечению работающих на производстве специальной одеждой и другими средствами индивидуальной и (или) коллективной защиты;

      16) требования к применению средств защиты;

      17) требования по обеспечению работников санитарно-бытовыми помещениями.

      8. Рабочая группа после разработки проектов нормативных правовых актов в области безопасности и охраны труда представляет их на утверждение соответствующему уполномоченному государственному органу.

      9. Нормативные правовые акты в области безопасности и охраны труда утверждаются соответствующими уполномоченными государственными органами по согласованию с уполномоченным государственным органом по труду и иными заинтересованными государственными органами.

      Нормативные правовые акты разрабатываются и принимаются с учетом требований Закона Республики Казахстан "О правовых актах".