БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 26 шілдедегі № 278 Бұйрыққа қосымша |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерінде:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі – еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастарын реттеу саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Жауапты жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту (сабақтар, дәрістер, семинарлар) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар, жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем емес және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша оқу және білімін тексеруден өткені туралы сертификаты бар мамандарды (келісу бойынша), бейінді оқу орындарының оқытушыларын, заңгерлер мен инженерлік-техникалық жұмыскерлерді және ірі өнеркәсіп ұйымдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің мамандарын тарта отырып жүргізіледі. Оқу процесіне еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің келісуі бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы тартылады.".
2. "Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1037 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12659 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдарда еңбек нормаларын, ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі бойынша өлшемдерді ұсыну, қарау және келісу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 16-бабының 10) және 11) тармақшаларына сәйкес әзірленген.".
3. "Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 340 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21140 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы үлгілік ережеде:
11-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің нұсқамалары;";
21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын жазатайым оқиғаларға тергеп-тексеру жүргізу үшін жіберуді қамтамасыз ету;";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Ұйымда ҚжЕҚ жағдайына сапалы талдау жүргізу, кәсіптік тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және басқару, сондай-ақ алдын алу және түзету іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында құжаттама жүргізіледі.
Жұмыс беруші ЕҚБЖ туралы ережеде сыртқы және ішкі құжаттаманың тізбесін, жүргізу нысандарын регламенттеу, ресімдеу, бекіту, тіркеу мерзімдерін, сондай-ақ жауапты адамдар мен бөлімшелерді бекітуді қамтитын құжаттаманы басқару тәртібін әзірлейді, бекітеді және сипаттайды.
Еңбекті қорғау жөніндегі құжаттама мыналарды қамтиды:
1) ұйымдастыру-өкімдік және белгілеу сипатындағы құжаттар (бұйрықтар, ережелер, еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар, тәртіптер, регламенттер, бағдарламалар, жоспарлар, тізбелер, тізімдер, қағидалар, нормалар, стандарттар);
2) ұйымның экономикалық қызмет түріне сәйкес ҚжЕҚ саласындағы нормативтік құқықтық актілер;
3) тіркеу сипатындағы құжаттар (актілер мен хаттамалар, рұқсат нарядтары, өкімдер, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі материалдар, өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу және кәсіптік тәуекелдерді бағалау құжаттамасы);
4) ақпараттық-коммуникациялық сипаттағы құжаттар (жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары, лауазымды тұлғалардың тексеру актілері, қауіпсіздік мәселелері бойынша ұйғарымдар, қорытындылар, шағымдар, еңбекті қорғау саласындағы хат-хабарлар, түсіндірме, қызметтік, баяндамалық және талдамалық жазбалар);
5) есептік құжаттама (жұмыскерлерге медициналық тексеру жүргізу актілері, жұмыскерлер денсаулығының жай-күйі туралы деректерді есепке алу, өндірістік жабдыққа сынақ жүргізу актілері, ЕҚБЖ қолдануын ағымдағы бақылау және талдау нәтижелері, ресми статистикалық есептілік нысандары);
6) есепке алу құжаттамасы (хаттамалар, журналдар, графиктер).
ЕҚБЖ құжаттамасы тұрақты түрде өзектендіріледі және белгіленген мерзім ішінде сақталады және жұмыс берушінің еңбекті қорғау саласындағы актісі қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қызметкерлердің назарына жеткізіледі.
ЕҚБЖ тиімді қоланылуын ұйымдағы еңбекті қорғау жағдайы туралы дұрыс статистикалық есептілікті сапалы жүргізу және уақтылы ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Статистикалық есептілікке мыналар кіреді:
1) зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны туралы жылдық кезеңділіктегі есеп;
2) еңбек қызметіне байланысты жарақаттану және факті бойынша кезеңділікпен кәсіптік аурулар туралы есеп.
Міндетті есептілікті жүзеге асыру шеңберінде жұмыс беруші:
1) мемлекеттік органдарға еңбек жағдайларының, еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін мониторингтеу үшін олардың жазбаша сұрау салуы бойынша ақпаратты;
2) мониторинг үшін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне ұжымдық шартты (бар болса) ұсынады.
ЕҚБЖ туралы ережеде ЕҚБЖ құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту және қайта қарау тәртібі, оны сақтау мерзімдері белгіленеді, басқарудың барлық деңгейлерінде жұмыс беруші айқындайтын ЕҚБЖ құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз ететін адамдар бекітіледі.".
4. "Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21173 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;".
5. "Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33204 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қағидаларында:
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі, жұмыс берушілердің және жұмыскерлердің өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген іс-қимылдарды қамтамасыз ету;".
6. "Алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33965 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Алдын алу шараларын және (немесе) оңалту шараларын жүргізуге жұмсалған шығындарды өтеу қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;".