"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 442 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қыркүйекте № 33377 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31724 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 18) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары;";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттарын және докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-3-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік тапсырыстың көлемі "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Оператор жатақханадағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары нақты қамтылған орындардың мониторингін мыналардан:

      жатақханада тұратындарды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері және (немесе) магистранттары және (немесе) докторанттары санатына жатқызуды растау бөлігінде "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінен;

      жатақханада тұратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары туралы, оның ішінде олардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы жаңартылған және анық мәліметтерді алу бөлігінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан;

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының тиісті жатақханада тұруы туралы мәліметтерді алу бөлігінде адамдардың тиісті жатақханаға еркін өтуін (кіруін немесе шығуын) шектейтін құрылғымен (құрылғыларымен) интеграцияланған, операторға тиесілі "StudDom" ақпараттық жүйесінен мәліметтер алу жолымен жүзеге асырады. Оператор "StudDom" ақпараттық жүйесінде мұндай мәліметтер болмаған жағдайда жатақханада тұратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына ішінара қоңырау шалуды жүзеге асырады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Шартты "Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26502 болып тіркелген) сәйкес Тапсырыс беруші жасайды.";

      қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Студенттерді, магистранттар
мен докторанттарды
жатақханалардағы орындармен
қамтамасыз етуге мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына қосымша";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін есептеу алгоритмін айқындайды."

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін атқарушысы
Т. Ешенкулов

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 4 января 2023 № 1 "О некоторых вопросах размещения государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования местами в общежитиях"

Приказ и.о. Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 25 августа 2023 года № 442. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 сентября 2023 года № 33377

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 4 января 2023 года № 1 "О некоторых вопросах размещения государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования местами в общежитиях" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 31724) следующие изменения и дополнение:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 18) статьи 5-3 Закона Республики Казахстан "Об образовании", подпунктом 5) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      подпункт 1) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "1) Правила размещения государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях согласно приложению 1 к настоящему приказу;";

      в Правилах размещения государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования местами в общежитиях, утвержденных указанным приказом:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Правила размещения государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила размещения государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 18) статьи 5-3 Закона Республики Казахстан "Об образовании" (далее – Закон) и определяют порядок размещения государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования местами в общежитиях.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Объем государственного заказа определяется в соответствии с Методикой определения размера государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования местами в общежитиях (далее – Методика), утверждаемой уполномоченным органом в соответствии с подпунктом 5) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.";

      дополнить пунктом 5-1 следующего содержания:

      "5-1. Мониторинг фактически занятых студентами, магистрантами и докторантами организаций высшего и (или) послевузовского образования мест в общежитии осуществляется оператором путем получения сведений из:

      информационной системы "Национальная образовательная база данных", в части подтверждения отнесения, проживающих в общежитии к категории студентов, и (или) магистрантов, и (или) докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования;

      Государственной базы данных "Физические лица", в части получения актуальных и достоверных сведений о проживающих в общежитии студентах, магистрантах и докторантах организаций высшего и (или) послевузовского образования, в том числе об их регистрации по месту жительства;

      информационной системы "StudDom", принадлежащей оператору, интегрированной с устройством(ами), ограничивающим(ими) свободный проход людей (вход или выход) в соответствующее общежитие, в части получения сведений о проживании в соответствующем общежитии студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования. В случае отсутствия таких сведений в информационной системе "StudDom", оператором осуществляется выборочный обзвон проживающих в общежитии студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Договор формируется заказчиком в соответствии с Правилами заключения договоров услуг государственного образовательного заказа посредством веб-портала государственных закупок, утвержденных приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 января 2022 года № 12 "Об утверждении Правил заключения договоров услуг государственного образовательного заказа посредством веб-портала государственных закупок" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 26502).";

      в приложении правый верхний угол изложить в следующей редакции:

  "Приложение к Правилам
размещения государственного
заказа на обеспечение
студентов, магистрантов
и докторантов местами
в общежитиях";

      в Методике определения размера государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования местами в общежитиях, утвержденной указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящая Методика определения размера государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования местами в общежитиях (далее – Методика) разработана в соответствии с подпунктом 5) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 "О некоторых вопросах Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан" и определяет алгоритм расчета размера государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов организаций высшего и (или) послевузовского образования местами в общежитиях."

      2. Департаменту экономики и финансов Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра науки
и высшего образования
Республики Казахстан
Т. Ешенкулов