"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 18) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 25.08.2023 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 25.08.2023 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына 1-қосымша |
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 25.08.2023 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-3-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 25.08.2023 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), шарт жасасуға үміткер заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
2) уәкілетті орган – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы (бұдан әрі – оператор) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер олар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), онымен жасалған шартта тапсырыс берушінің контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);
5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары және докторанттары үшін жатақханаларда жаңа орындарды енгізуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты қызметтерге арналған ақшалай төлемдер.
3. Мемлекеттік тапсырыстың көлемі "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес айқындалады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 25.08.2023 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Оператор жыл сайын ағымдағы қаржы жылының қаңтар айында жасалған мемлекеттік тапсырыс шарттарының (бұдан әрі - шарт) негізінде уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік тапсырыс мөлшерінің есептеулерін ұсынады.
5. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру мақсатында:
1) өңірдегі демографиялық ахуал мен көші-қон процестерін ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындардың үш жылдық кезеңге арналған болжамды тапшылығы ескеріледі;
2) салынып жатқан жатақханадағы немесе жатақхана етіп реконструкция жасалып жатқан ғимараттағы орындардың жалпы саны есепке алынады, ол облыс орталықтары, республикалық маңызы бар қалалар мен астана үшін кемінде жүз орынды, ал қалған елді мекендер үшін кемінде елу орынды құрайды.
Реконструкция жасалып жатқан жатақханадағы орындардың жалпы саны реконструкция жасалып жатқан жатақханада бұрын қолданылған орындардан басқа кемінде елу жаңа орынды құрайды. Бұл жағдайда, мемлекеттік тапсырыс реконструкция жасалған жатақханадағы қосымша енгізілген жаңа орындар үшін орналастырылады;
3) оператор жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының көмегімен өнім берушілердің дерекқорларын құру және енгізу арқылы өнім берушінің жатақханаларда жаңа орындарды енгізуіне, сондай-ақ жатақханадағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары нақты орналасқан жаңа орындарға мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.09.2024 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5-1. Оператор жатақханадағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары нақты қамтылған орындардың мониторингін мыналардан:
жатақханада тұратындарды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері және (немесе) магистранттары және (немесе) докторанттары санатына жатқызуды растау бөлігінде "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінен;
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоспағанда, жатақханада тұратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары туралы, оның ішінде олардың тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы жаңартылған және анық мәліметтерді алу бөлігінде "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан;
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының тиісті жатақханада тұруы туралы мәліметтерді алу бөлігінде адамдардың тиісті жатақханаға еркін өтуін (кіруін немесе шығуын) шектейтін құрылғымен (құрылғыларымен) интеграцияланған, операторға тиесілі "StudDom" ақпараттық жүйесінен мәліметтер алу жолымен жүзеге асырады. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары жатақханада нақты тұруы жөнінде қосымша мәліметтер қажет болған жағдайда Оператор жатақхана тұрғындарына ішінара қоңырау шалуды жүзеге асырады. Адамдардың тиісті жатақханаға еркін өтуін (кіруін немесе шығуын) шектейтін бақылау және құрылғының қолжетімділігін басқару жүйесі карточкалық сәйкестендіруді немесе биометриялық сәйкестендіруді (Face ID) пайдалануды қамтамасыз етеді.
Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 25.08.2023 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.09.2024 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі
6. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін жатақханаларда жаңа орындар енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсететін өнім берушілер жүзеге асырады.
7. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін жатақханалардағы жаңа орындар 2018 жылғы 20 шілдеден кейін мына жолдармен пайдалануға берілген жатақхана орындары болып табылады:
1) жапсаржай, қондырманы қоса алғанда, жаңа жатақхана салу;
2) жапсаржай, қондырманы қоспағанда, ғимаратты оның нысаналы мақсатын өзгертуге байланысты жатақхана етіп реконструкция жасау.
8. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары үшін жатақханаларда жаңа орындар енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсететін әлеуетті өнім беруші операторға мына құжаттарды (қағаз көшірмелерде немесе электрондық нысанда) ұсына отырып, оператор бекіткен нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған қағаз немесе электрондық нысанда өтініш береді:
1) жаңа жатақхана салынған кезде:
жатақхананы салу үшін пайдаланылатын жер учаскесіне (меншікті, жалға алынатын немесе жерді өтеусіз пайдалану құқығындағы) құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары;
пайдалануға берілген жаңа жатақханалар үшін – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қоса бере отырып, жатақханаға құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты;
2) жатақханаға немесе ғимаратты жатақхана етіп реконструкция жасалған жағдайда:
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қоса бере отырып, жатақханаға немесе жатақхана етіп реконструкция жасалатын ғимаратқа құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары;
3) егер әлеуетті өнім беруші жекеше әріптес болып табылған жағдайда:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған, қажет болған жағдайда жекеше әріптестер үшін мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын, шығындарды өтеу және табыс алу көздерін көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.09.2024 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Оператор әлеуетті өнім берушіден Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінім келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргізіп, тексерудің нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) шығарады.
Әлеуетті өнім беруші Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық, дұрыс ресімделген өтінішті ұсынған кезде оператор қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оператор бекіткен нысан бойынша уәкілетті орган, оператор және әлеуетті өнім беруші арасында әлеуетті өнім беруші соның шеңберінде жатақханалардағы жаңа орындарды пайдалануға енгізетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы жаңадан енгізілген орындармен қамтамасыз ету жөніндегі алдын ала шартты (бұдан әрі – алдын ала шарт) жасасу рәсімін жүзеге асыру үшін әлеуетті өнім берушінің ұсынған құжаттары қоса тіркелген қорытындыны білім беру саласындағы уәкілетті органға жолдайды.
Оператор әлеуетті өнім берушінің Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) дұрыс ресімделмеген өтінішті ұсыну фактісін анықтаған жағдайда, оператор қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге алдын ала шартты жасасудан бас тарту туралы негізделген және дәлелді жауабын жолдайды.
10. Уәкілетті орган оператордан Қағидалардың 9 және 13-тармақтарында көрсетілген қорытындылар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күн ішінде тиісінше:
1) алдын ала шартты жасасу рәсімін жүзеге асырады;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган, оператор және өнім беруші арасында шарт жасасу рәсімін жүзеге асырады.
11. Шартты "Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысының көрсетілетін қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26502 болып тіркелген) сәйкес Тапсырыс беруші жасайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 25.08.2023 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Шарт бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін күшіне енеді және ол бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін қолданыста болады.
13. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін әлеуетті өнім беруші операторға жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама мен оның техникалық сипаттамасын қоса бере отырып, жатақханада жаңа орындардың пайдалануға енгізілгенін және жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жылға құқық ауыртпалығының тіркелгенін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады.
Оператор әлеуетті өнім берушіден Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік он бес күннің ішінде қорытынды шығара отырып, олардың толықтығы мен дұрыстығына тексеру жүргізеді.
Әлеуетті өнім беруші Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттарды дұрыс ресімдеп ұсынған кезде, оператор қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушінің шартты жасасу рәсімін жүзеге асыру үшін ұсынған құжаттары қоса тіркелген қорытындыны уәкілетті органға жолдайды.
Оператор әлеуетті өнім берушінің Қағидалардың осы тармағында көрсетілген құжаттардың дұрыс ресімделмеген түрде ұсыну фактісін анықтаған жағдайда, қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге шарт жасасудан бас тарту туралы негізделген және дәлелді жауабын жолдайды.
14. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі:
1) жетпіс екі ай – пайдалануға қабылдау актісі 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуден өткен жаңа жатақхана салынған жағдайда;
2) тоқсан алты ай – осы тармақтың 1) тармақшасында көзделмеген өзге де жағдайларда.
Жатақхананың меншік иесі ауысқан жағдайда мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі жатақхананың алдыңғы меншік иесі кезінде орналастырылған мерзімнің осы тармақтың 1) – 2) тармақшаларында көрсетілген жатақхананың жаңа меншік иесінде орналастыру мерзіміне ара қатысы ескеріле отырып, қысқарады.
15. Мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер Қағидалардың 5-тармағының 1) тармақшасының талаптары сақталған жағдайда жатақхана пайдалануға енгізіліп, жатақхананың нысаналы мақсатын өзгертуге кемінде жиырма жылға құқық ауыртпалығы тіркелгеннен кейін толық айға жүзеге асырылады, бөліктерге бөлінбейді.
Төлемді жүзеге асыру үшін өнім беруші 15 желтоқсандағы жағдай бойынша берілетін желтоқсан айына тізілімді қоспағанда, ай сайын Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша айдың соңғы күніндегі жағдайға жатақханадағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары және докторанттары нақты орналасқан орындар туралы мәліметтерді қамтитын тізілімді ұсынады.
Оператор тізілімде көрсетілген мәліметтерді деректер базасына және Қағидалардың 5-1-тармағында көрсетілген ақпараттық жүйелерге сәйкестігі тұрғысынан салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
Оператор айдың соңғы күніндегі және 15 желтоқсандағы жағдай бойынша жатақханадағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына берілген орындарға мониторингті жүзеге асыру мақсатында тиісті кезеңде "StudDom" ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер негізінде 5 жұмыс күні ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы кері байланыс деректерін көрсете отырып, олардың тиісті жатақханада тұратыны туралы хабардар етеді. Оператор хабарлама жібергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студентінен, магистрантынан және докторантынан қарсылық болмаған кезде, оның тиісті жатақханада әдепкі қалпы бойынша тұрғанын растау болып есептеледі.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының жатақханада тұрмау фактісі расталған кезде, мемлекеттік тапсырыс бойынша төлем жүзеге асырылғаннан кейін оператор қорытындыны ресімдейді, оның негізінде өнім берушіге осындай студенттер, магистранттар және докторанттар үшін алынған қаражатты бюджетке қайтару туралы талапты жібереді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.09.2024 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15-1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары жатақханада нақты орналасқан орындар "StudDom" ақпараттық жүйесі арқылы тиісті жатақханада бір студенттің, магистранттың және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары докторантының айына (желтоқсан айын қоспағанда) кемінде жетпіс екі сағатты құрайтын сағат санымен расталады.
Жатақханада жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары мен докторанттары нақты орналасқан орындар "StudDom" ақпараттық жүйесі арқылы желтоқсан айында тиісті жатақханада бір студенттің, магистранттың және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары докторантының кемінде отыз алты сағатты құрайтын сағат санымен расталады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің талаптары Қағидалардың 15-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мерзімге дейін "StudDom" ақпараттық жүйесінде тіркелген және жатақханада кемінде он екі сағат тұратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына қолданылмайды.
Ескерту. Қағидалар 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.09.2024 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Егер оператор шарт жасалғанға дейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының нақты тұратынын растаған жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер Қағидалардың 15-тармағының сақталу шартымен өткен кезеңге жүзеге асырылады.
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына қосымша |
Ескерту. Қосымшада жоғарғы оң жақ бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 25.08.2023 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан
__________________________ | |
(оператордың атауы) |
20___ жылғы "___"________ жағдай бойынша жатақханадағы адамдар нақты тұрып жатқан орындар туралы тізілім
№ | Т.А.Ә. | ЖСН | Оқитын жері (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын көрсету) | Оқитын курсы | Оқу деңгейі |
Қолы
Мөр орны (болған жағдайда) Күні
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 1 бұйрығына 2-қосымша |
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесі 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін есептеу алгоритмін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 25.08.2023 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Әдістемеде мынадай ұғым пайдаланылады:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттерін, магистранттары мен докторанттарын жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары және докторанттары үшін жатақханаларда жаңа орындарды енгізуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты қызметтерге арналған ақшалай төлемдер.
2-тарау. Мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін анықтау алгоритмі
3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберіндегі қаржыландыру көлемі жатақханадағы орындардың саны мен жатақханадағы бір орынға өтемақы мөлшерінің көбейтіндісі ретінде айқындалады. Бұл ретте мемлекеттік тапсырысты орналастырудың алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айы ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер түзету коэфициентін ескере отырып, ал кейін жатақханадағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары және докторанттары нақты орналасқан орындары үшін жүзеге асырылады. Егер төлем айы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының қысқы және жазғы каникулдар кезеңіне сәйкес келген жағдайда мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының қысқы немесе жазғы каникулдарының алдындағы соңғы оқу айындағы жатақханадағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, магистранттары және докторанттары нақты орналасқан орындар туралы ақпараттың негізінде жүзеге асырылады.
4. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.09.2024 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айы, мемлекеттік тапсырыстың ай сайынғы мөлшерін есептеу жатақхана салу және реконструкция жасау кезінде мынадай формулалар бойынша есептеледі:
ҚОС = ЖНОО × ТК,
мұнда:
ҚОС - Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айда қаржыландырылатын орындар саны, оның ең жоғарғы мөлшері жатақханадағы орындардың жалпы санынан аспайды;
ЖНОО - жатақханадағы нақты орналасқан орындар;
ТК - түзету коэффициенті, оның мөлшері екіге тең;
АМТМ = МТЖМ × ҚОС / АС,
мұндағы:
АМТМ - Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі айдағы ай сайынғы мемлекеттік тапсырыстың мөлшері;
МТЖМ - жатақханадағы бір орын үшін мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері:
1) сейсмикалық қауіптілігі 9 және одан да көп балды құрайтын, сондай-ақ типіне және түріне қарамастан білім беру ұйымдарының студенттеріне, манистранттары мен докторанттарына арналған жатақханалардағы орындар тапшылығы жалпы республикалық қажеттіліктің 20 пайызынан асатын республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда құрылыс салған жағдайда:
республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 230 еселенген мөлшерін – пайдалануға қабылдау актісі 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуден өткен жаңа жатақхана салған жағдайда;
республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 144 еселенген мөлшерін – өзге жағдайларда;
2) астананы қосқанда, өзге елді мекендерде құрылыс салған жағдайда:
республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 195 еселенген мөлшерін – пайдалануға қабылдау актісі 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуден өткен жаңа жатақхана салған жағдайда;
республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 122 еселенген мөлшерін – өзге жағдайларда;
3) типіне және түріне қарамастан білім беру ұйымдарының студенттеріне, манистранттары мен докторанттарына арналған жатақханалардағы орындар тапшылығы жалпы республикалық қажеттіліктің 20 процентінен асатын республикалық маңызы бар қалаларда және астанада реконструкция жасаған жағдайда – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 92 еселенген мөлшерін;
4) өзге елді мекендерде реконструкция жасаған жағдайда – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшерін құрайды;
АС - он екі айдан тұратын жылдағы айлар саны.
5-1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті аумақтарында төтенше жағдайды және (немесе) шектеу шараларын енгізу кезеңіне, оның ішінде қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыруды көздейтін мемлекеттік тапсырыс бойынша төлемдер жатақханадағы орындардың жалпы саны туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады және мынадай формула бойынша есептеледі:
ТЖжШШАМТМ = МТЖМ × ЖҚ / АС,
ТЖжШШАМТМ ≤ АМТМn,
ТЖжШШАМТМ ≤ АМТМ1n,
мұндағы:
ТЖжШШАМТМ – төтенше жағдай және (немесе) шектеу шараларын енгізу кезеңіне ай сайынғы мемлекеттік тапсырыстың мөлшері;
АМТМn – Қазақстан Республикасының тиісті аумақтарында төтенше жағдай және (немесе) шектеу шаралары енгізілгенге дейін бір айда төленген, қатарынан күнтізбелік алғашқы он екі айдағы мемлекеттік тапсырыстың мөлшері;
АМТМ1n – Қазақстан Республикасының тиісті аумақтарында төтенше жағдай және (немесе) шектеу шаралары енгізілгенге дейін бір айда төленген, қатарынан күнтізбелік алғашқы он екі ай өткеннен кейін мемлекеттік тапсырыстың мөлшері;
ЖҚ – жатақхананың жобалық қуаты.
Ескерту. Әдістеме 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.09.2024 № 456 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі ай аяқталғаннан кейінгі ай сайынғы мемлекеттік тапсырыс мөлшерін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
АМТМ1 = АМТМ × ЖНОО / АС,
мұнда:
АМТМ1 - Әдістеменің 3-тармағында көрсетілген алғашқы күнтізбелік кезекті он екі ай аяқталғаннан кейінгі ай сайынғы мемлекеттік тапсырыстың мөлшері.