Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:
1. "Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 151, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 125 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 1223 бірлескен қаулысы мен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21885 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің (Салық кодексі) 24-бабы бірінші бөлігінің 20) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 10-2) тармақшасына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы екінші бөлігінің 18-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрі БҰЙЫРАДЫ:";
көрсетілген бірлескен қаулылармен және бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу тәртібін, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан белгіленген шекті мөлшерлерден артық қолма-қол ақшаны алу шарттарын, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны нысанын, тізбесі мен ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, белгіленген шекті мөлшерден артық алу туралы мәліметтер мен ақпаратты мемлекеттік кіріс органына және уәкілетті органға ұсыну тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кәсіпкерлік субъектілері банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Ұлттық пошта операторында және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – банктер) берілген банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінімдер негізінде жүзеге асырады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Банк кәсіпкерлік субъектісі банктік шоттан қолма-қол ақшаны алуға арналған өтінімді берген күннен кейінгі жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден кешіктірілмейтін мерзімде мемлекеттік кірістер органына қағаз тасымалдағышта және (немесе) электрондық түрде банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжаттарды, мемлекеттік кірістер органына, оның ішінде осы Қағидалардың 14 және 15-тармақтарына сәйкес мемлекеттік кірістер органы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арасында мәліметтермен және (немесе) құжаттармен алмасуды жүзеге асыру мақсаты үшін мәліметтерді және (немесе) құжаттарды беруге келісімін және банктік шоттан қолма-қол ақшаны алуға өтінім берген кәсіпкерлік субъектісінің сәйкестендіру нөмірі мен кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті өкілінің жеке сәйкестендіру нөмірі қамтылатын өтінімді жібереді.";
қосымша осы бірлескен қаулылар мен бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті (А.С. Адибаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Н.Қ. Қосбаев) бірлесіп осы бірлескен қаулыларды және бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен қаулыларды және бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен қаулылар және бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен қаулылардың және бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.В. Вагаповқа, Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Е.Е. Біржановқа, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары Н.А. Әбдірахмановқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулылар және бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
__________Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
__________М. Абылкасымова |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Төрағасы |
__________Т. Сулейменов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау жəне
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректер нысаны: www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Кәсіпкерлік субъектілері күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтер
Әкімшілік деректер нысанының индексі: СНД_СП_1
Кезеңділігі: ай сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы "__" __________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей
Нысан |
Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі: __________________
мың теңге
№№ | Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның клиенті туралы ақпарат | Есепті айда қолма-қол ақшаны алу сомасы | ||||||||||
Қолма-қол ақшаны алудың жиынтық сомасы | Оның ішінде қолма-қол шетел валютасы | Оның ішінде өңірлер бойынша | ||||||||||
Бизнес сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру нөмірі | Атауы | Кәсіпкерлік субъектісінің коды | Экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышының коды | Банктік шоттан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері | Астана қаласы | Алматы қаласы | Шымкент қаласы | Ақмола облысы | Ақтөбе облысы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
кестенің жалғасы
Есепті айда қолма-қол ақшаны алу сомасы | ||||||
Оның ішінде өңірлер бойынша | ||||||
Алматы облысы | Атырау облысы | Шығыс Қазақстан облысы | Жамбыл облысы | Батыс Қазақстан облысы | Қарағанды облысы | Қостанай облысы |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
Кестенің жалғасы
Есепті айда қолма-қол ақшаны алу сомасы | |||||||
Оның ішінде өңірлер бойынша | |||||||
Қызылорда облысы | Маңғыстау облысы | Павлодар облысы | Солтүстік Қазақстан облысы | Түркістан облысы | Абай облысы | Жетісу облысы | Ұлытау облысы |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
Атауы ________________ Мекенжайы _______________________________
Телефоны _______________________________________________________
Электрондық поштасының мекенжайы ______________________________
Орындаушы _______________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) телефоны
Бас бухгалтер немесе нысанға қол қоюға уәкілетті адам
__________________________________________ _____________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Кәсіпкерлік субъектілері күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтер (индексі – СНД_СП_1, кезеңділігі – ай сайын) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Кәсіпкерлік субъектілері күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы мәліметтер" әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) 15-бабы екінші бөлігінің 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктер) әр айдың біріндегі жағдай бойынша ай сайын жасайды. Нысандағы деректер мың теңгемен толтырылады.
4. Нысанға бас бухгалтер немесе Нысанға қол қоюға уәкілетті адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
6. Нысанда кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде өңірлер бойынша күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жиынтығында 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық сомаға қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған соманың мөлшері туралы ақпарат қамтылады.
7. Егер тиісті көрсеткішке Түсіндірмеде өзгеше көрсетілмесе, барлық көрсеткіштер толтыру үшін міндетті болып табылады.
8. 1-бағанда ол туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынылатын, күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің операциялары бойынша хабарламаның реттік сандық нөмірі көрсетіледі. Операцияның реттік нөмірі сандық форматтағы "1" нөмірінен бастап, өсу ретімен қалыптастырылады.
9. 2-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің бизнес сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі.
Кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшесі (филиал, өкілдік) банктік шоттан қолма-қол ақшаны алуға өтінім берген жағдайда, оның бас бөлімшесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі) көрсетіледі.
10. 3-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің атауы көрсетіледі.
Кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшесі (филиал, өкілдік) банктік шоттан қолма-қол ақшаны алуға өтінім берген жағдайда, оның бас бөлімшесінің атауы көрсетіледі.
11. 4-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің коды көрсетіледі:
01 коды шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға беріледі;
04 коды орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға беріледі;
07 коды ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға беріледі;
02 коды шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататын дара кәсіпкерлерге беріледі;
05 коды орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын дара кәсіпкерлерге беріледі;
08 коды ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын дара кәсіпкерлерге беріледі.
12. 5-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің экономикалық қызметтің жалпы сыныптауышының коды көрсетіледі.
13. 6-бағанда "Кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын кәсіпкерлік субъектілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 150 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 95 бірлескен қаулысы мен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21901 болып тіркелген) сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері көрсетіледі.
14. 7-бағанда қолма-қол шетел валютасын (банктің операция жүргізілген күнгі нарықтық бағамы бойынша теңгедегі баламасы), кәсіпкерлік субъектісі корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып алған қолма-қол ақшаны қоса алғанда, оның ішінде кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшелерін (филиал, өкілдік) ескере отырып, күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуының жалпы нақты сомасы көрсетіледі. Осы бағанның сомасы 9-25-бағандардың сомасына тең болуға тиіс.
15. 8-бағанда күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің, оның ішінде кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшелерін (филиал, өкілдік) ескере отырып банктік шоттардан қолма-қол шетел валютасын (банктің операция жүргізілген күнгі нарықтық бағамы бойынша теңгедегі баламасы) алуының нақты сомасы көрсетіледі.
16. 9-25-бағандарда қолма-қол шетел валютасын (банктің операция жүргізілген күнгі нарықтық бағамы бойынша теңгедегі баламасы), кәсіпкерлік субъектісі корпоративтік төлем карточкаларын пайдалана отырып алған қолма-қол ақшаны қоса алғанда, оның ішінде өңірлер бөлігінде кәсіпкерлік субъектісінің оқшауланған бөлімшелерін (филиал, өкілдік) ескере отырып, күнтізбелік ай ішінде банктік шоттардан жалпы сомасы 10 000 000 (он миллион) теңгеден асатын қолма-қол ақшаны алуды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектісінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуының нақты сомасы көрсетіледі.