"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-10-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімді қоса алғанда туристердің орналастыру орындарында болған әрбір тәулік үшін Астана қаласында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 0,5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде бекітілсін.
2. "Астана қаласындағы шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 280/36-VII Астана қаласы мәслихатының шешімінің (нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде № 31187 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы |
Е. Каналимов |