Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 31.10.2023 № 95/12-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 қаулысына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері – болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатның хатшысы |
Е. Каналимов |