Қазақстан Республикасы Су кодексінің 116-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген), Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес, Астана қаласының әкімшілік шекараларында су объектілеріндегі су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ең аз ені;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес, Астана қаласының әкімшілік шекараларында су қорғау аймақтары мен су объектілерінің белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше шарттары белгіленсін.
2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес, Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. "Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
КЕЛІСІЛДІ:
"Астана қаласының Сәулет,
қала құрылысы және жер
қатынастары басқармасы"
мемлекеттік мекемесі
"Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын
пайдалануды реттеу және қорғау
жөніндегі Есіл бассейндік
инспекциясы" республикалық
мемлекеттік мекемесі
"Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі Экологиялық реттеу
және бақылау комитетінің Астана
қаласы бойынша Экология
департаменті" республикалық
мемлекеттік мекемесі
"Қазақстан Республикасы
Деңсаулық сақтау министрлiгi
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитетiнің Астана
каласының Санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
департаментi" республикалық
мемлекеттік мекемесі
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысына 1-қосымша |
Астана қаласының әкімшілік шекараларындағы су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің ең аз ені
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 22.12.2023 № 205-2794 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с |
Су объектісі | Су қорғау аймағының ені, метр | Су қорғау белдеуінің ені, метр |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
Нұра-Есіл арнасы | 82,2 | 35 |
2 |
Нұра-Есіл арнасы | 71,2 | 35 |
3 |
Нұра-Есіл арнасы | 88,5 | 35 |
4 |
Нұра-Есіл арнасы |
208 | 35 |
5 |
Нұра-Есіл арнасы | 100 | 35 |
6 |
Қарасу өзені | 500 | 35 |
7 |
Қарасу өзені | 500 | 35 |
8 |
Қарасу өзені | 500 | 35 |
9 |
Қарасу өзені | 500 | 35 |
10 |
Қарасу өзені | 500 | 35 |
11 |
Қарасу өзені | 500 | 35 |
12 |
Қарасу өзені | 500 | 35 |
13 |
Қарасу өзені | 500 | 35 |
14 |
Қарасу өзені | 500 | 35 |
15 |
Қарасу өзені | 500 | 35 |
16 |
Қарасу өзені | 500 | 35 |
17 |
Қарасу өзені | 500 | 35 |
18 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
19 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
20 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
21 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
22 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
23 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
24 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
25 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
26 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
27 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
28 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
29 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
30 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
31 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
32 |
Майбалық көлі | 500 | 35 |
33 |
Өлмес көлі | 300 | 35 |
34 |
Өлмес көлі | 300 | 35 |
35 |
Өлмес көлі | 300 | 35 |
36 |
Өлмес көлі | 300 | 35 |
37 |
Өлмес көлі | 300 | 35 |
38 |
Өлмес көлі | 300 | 35 |
39 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
40 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
41 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
42 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
43 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
44 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
45 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
46 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
47 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
48 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
49 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
50 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
51 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
52 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
53 |
Бұзықты көлі | 300 | 35 |
54 |
Есіл өзені | 500 | 35 |
55 |
Есіл өзені | 500 |
35 – сол жағалау; |
56 |
Есіл өзені | 500 | 35 |
57 |
Есіл өзені | 500 | 35 |
58 |
Есіл өзені | 500 | 35 |
59 |
Есіл өзені | 500 | 35 |
60 |
Есіл өзені | 500 | 35 |
61 |
Ақбұлақ өзені | 500 | 20 |
62 |
Сарыбұлақ өзені | 500 | 20 |
63 |
Талдыкөл көлі | 500 | 100 |
64 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 70 | 35 |
65 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 70 | 35 |
66 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 300 | 35 |
67 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 300 | 35 |
68 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 300 | 35 |
69 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 70 | 35 |
70 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 300 | 35 |
71 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 300 | 35 |
72 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 300 | 35 |
73 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 300 | 35 |
74 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 70 | 35 |
75 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 300 | 35 |
76 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 70 | 35 |
77 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 70 | 35 |
78 |
Кіші Талдыкөл көлінің № 7 учаскесі | 70 | 35 |
Ескерту: Астана қаласының әкімшілік шекараларында Есіл өзені мен Нұра-Есіл арнасы үшін су нысанының негізгі арнасынан мыналар белгіленсін:
1. су қорғау аймақтарының ең аз ені – 500 метр (жоғарыда көрсетілген кестедегі 1, 2, 3, 4, 5 тармақтардан басқа);
2. су қорғау белдеулерінің ең аз ені – 35 метр.
_________________________________
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысына 2-қосымша |
Астана қаласының әкімшілік шекараларында су қорғау аймақтары мен су объектілерінің белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше шарттары
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді.
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.
____________________________
Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 205-2263 қаулысына 3-қосымша |
Астана қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 3-1-1587қ "Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік шекараларындағы өзендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 345 болып тіркелген).
2. Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 6 қарашадағы № 205-1914 "Астана қаласының әкімшілік шекараларындағы өзендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 3-1-1587қ қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 791 болып тіркелген).
3. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 19 тамыздағы № 205-1718 "Астана қаласының әкімшілік шекараларындағы өзендерде су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 3-1-1587қ қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1284 болып тіркелген).
4. Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 205-2327 "Нұра-Есіл арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1140 болып тіркелген).
5. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № 205-2630 "Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 205-2327 "Нұра-Есіл арнасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23844 болып тіркелген).
6. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 205-1856 "Талдыкөл көлінің және Нұра-Есіл каналы жекелеген учаскелерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1290 болып тіркелген).
____________________________